МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЫҚПАЛЫ
Main Article Content
Аңдатпа
Бұл мақалада белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолдану қажеттілігі негізделген, белсенді оқыту формалары мен әдістеріне анықтама берілген, белсенді оқыту әдістерінің негізгі түрлері қысқаша ұсынылған, белсенді және интерактивті оқыту әдістерінің басты айырмашылығы көрсетілген, сондай-ақ математиканы оқытуда интерактивті әдістерді қолдану мысалдары келтірілген. Белсенді оқыту әдістері – бұл білім алушылардын оқу-танымдық қызметін жандандыруға бағытталған тәсілдер. Олар білім адушылардын материалды меңгеру барысында белсенді ойлау және практикалық әрекетке ынталандырады, яғни оқу процесінде тек оқытушы ғана емес, студенттер де белсенді болады.Оқытушының міндеті тек дайын білімді баяндау немесе оның қайталап берілуін бақылау болмауы тиіс.Оқытушының негізгі міндеті – білім алушылардын білімді өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ету, олардың белсенді танымдық әрекетіне жағдай жасау.Белсенді әдістердің негізінде оқытушы мен білім алушының арасындағы, сондай-ақ өзара арасындағы диалог жатады. Диалог барысында коммуникативтік қабілеттері, ұжымда мәселені шешу дағдылары, сөйлеу мәдениеті дамиды.Белсенді оқыту әдістері өз бетінше танымдық әрекетке араласуына, танымдық міндеттерді шешуге деген жеке қызығушылығын арттыруға, алынған білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Article Details
##submission.citations##
Mukhina, T. G. (2013). Active and Interactive Educational Technologies in Higher Education (Forms of Conducting Classes): A Study Guide. Nizhny Novgorod: Nizhny Novgorod State University of Architecture and Civil Engineering (NNGASU). 97 p.
Borisova, G. V., et al. (2002). Modern Teaching Technologies: A Methodological Guide on the Use of Interactive Methods. Polygraph-S.
Slastenin, V. A., Isaev, I. F., Shiyanov, E. N. (2002). Pedagogy: Pedagogical Theories, Systems, and Technologies. Moscow: ACADEMA.
Stupina, S. B. (2009). Interactive Teaching Technologies in Higher Education: Teaching and Methodological Guide. Saratov: “Nauka” Publishing Center.
Panina, T. S., Vavilova, L. N. (2008). Modern Approaches to Increasing Students’ Learning Activity. Moscow: Akademiya.