Журналда мақала жариялау үшін қажет:

Мақаланы  келесі электрондық пошта арқылы жіберіңіз: qazaq.journal.01@gmail.com

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жарияланымға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақалалар қабылданады.

Мақала мәтінінің ең аз көлемі - А4 форматындағы 3-тен кем емес бет. Мәтіннің максималды көлемі 10 беттен аспауы тиіс.

Мақала материалдарында бұрын жарияланған немесе басқа басылымдардың редакциясында жариялауға жіберілген зерттеу нәтижелері болмауы тиіс.

Авторлар мақалаларды мұқият тексеруі тиіс. Журналдың редакциялық алқасы келіп түскен мақалаларды редакциялау және түзету құқығын өзіне қалдырады. Көрсетілген ережелерге сәйкес рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды.

Мақаланың электрондық нұсқасы Microsoft Word мәтіндік редакторында дайындалады. Times New Roman шрифті, 14 пт., жоларалық интервал 1, ені бойынша пішімдеу, парақтарды сөз тасымалсыз және нөмірлеусіз, абзац шегінісі - 0,8 см, беттің бағдары - кітап, жоғарғы жиегі - 27 мм, төменгі жиегі– 24 мм, сол және оң жиектері - 20 мм.

 Формулалар Microsoft Word 2003, 2007 құралдарының көмегімен формулаларды енгізу редакторымен немесе MathType бағдарламасымен ресімделуі керек. Суреттер анық және айқын болуы қажет, тікелей көшіруге жарамды сандық түрде дайындалуы тиіс. Стандартты және жалпыға белгілі аббревиатуралардан басқа, барлық аббревиатуралар мәтінде бірінші рет қолданылған кезде расшифровкасын беру қажет.

Мәтіннің орналасу тәртібі (құрылымы):

  • ОӘЖ (www.teacode.com);
  • Мақаланың атауы;
  • Автордың(лардың) тегі мен аты-жөні;
  • Авторлар туралы мәліметтер (лауазымы, жұмыс орындалған ұйымның атауы. Білім алушылар «Студент», «Магистрант» деп көрсетулері керек, автордың қалауы бойынша, сонымен қатар факультет немесе кафедра, мамандық, оқу орны, қала, ел, автордың e-mail жазылады);
  • Ғылыми жетекшінің тегі мен аты-жөні;
  • Түйіндеме;
  • Кілт сөздері;
  • Негізгі мәтін (кіріспе, материал және зерттеу әдістері; нәтижелер мен талқылау, қорытындылар)
  • Әдебиеттер тізімі.

Қосымша ағылшын және орыс тілдерінде материалдар:

  • Мақаланың ағылшын және орыс тілдерінде атаулары;
  • Ағылшын тілінде автордың(лардың) тегі мен аты-жөні;
  • Ағылшын және орыс тілдерінде  аннотация;
  • Ағылшын және орыс тілдерінде кілт сөздер.