МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ ДЕЗИНФОРМАЦИЯҒА ТӨЗІМДІЛІГІ

Main Article Content

Аружан Абайқызы Канафина

Аңдатпа

COVID-19 пандемиясы кезеңінде Қазақстан халқы ауқымды дезинформацияның таралу жағдайында қалды. Коронавирусқа қатысты емдеу мен алдын алу туралы жалған ақпарат әлеуметтік желілер, мессенджерлер және кейбір БАҚ арқылы белсенді таралды. Халықтың цифрлық сауаттылығы жоғары болғанына қарамастан (шамамен 93 % негізгі цифрлық дағдыларға ие, 96 %-дан астамы интернетті қолданды), медиасауаттылық жеткіліксіз деңгейде болды. Бұл жағдай азаматтардың едәуір бөлігі расталмаған мәліметтерді шынайы деп қабылдап, оларды таныстарына жиі таратуынан байқалды. Сонымен қатар, оң үрдістер де орын алды: тәуелсіз фактчекинг жобаларының (Factcheck.kz, Medsupportkz) пайда болуы, Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығының құрылуына байланысты мемлекеттік шаралар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, USAID) бастамалары.


Бұл жұмыс Қазақстан бойынша медиа кеңістікке социологиялық талдау мен ресми деректерге негізделген. Мақалада контент-талдау нәтижелері мен статистикалық деректердің жинақталуы ұсынылып, дағдарыс жағдайында ақпаратты қабылдаудың ерекшеліктері көрсетілген. Практикалық бөлімнің нәтижелері жоғары деңгейдегі цифрлық сауаттылықтың медиатұрақтылықты автоматты түрде қамтамасыз етпейтінін көрсетті. Медиасауатты қоғам қалыптастыру үшін тиісті білім беру курстарын енгізу, тәуелсіз БАҚ-ты қолдау және сыни ойлауды дамыту қажет.


Осылайша, талдау халықтың техникалық дайындық деңгейі мен ақпаратқа сыни көзқарасы арасында қарама-қайшылық бар екенін анықтады. Бұл мәселені шешу медиасауаттылықты жүйелі түрде білім беру жүйесіне енгізу және мемлекеттік саясатты жетілдіру арқылы мүмкін болады.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Kazakhstan zhane COVID-19: media, madeniet, sayasat. Almaty: «DELUXE Printery» baspasy, 2021 – 380 b.

Maukaeva S.B., Uzbekova S.E., Orazalina A.S., Uzbekov D.E., Zhunusov E.T., Musabekov M.B. Kazakstandagy COVID-19: epidemiologiya zhane klinika // Gylym zhane Densaulyk saktau. 2020. 3(T.22). 17–21-bb. doi 10.34689/SH.2020.22.3.003

Kalimoldaeva A.K., Serous A.L., Nuradilova A.H., Fan Yuitsi. Kazakstandagy bilim beru kontekstinde mediasauattylykty damytudagy halyqaralyk tazhiribe // Science and innovation. 2024. № 5. 72–76-bb.

Zhuravleva E.A., Samsenova G.S. Kazirgi mediatilding damu urdisteri zhane olardyn kazakstandyk zhelilik basylymdardagy korinisi // Abylai han atyndagy KazHKZhATU Habarshysy. “Filologiyalyk gylymdar” seriyasy. – № 4 (67). – 2022. – 4–5-bb.

Zholshaeva M., Zhanabekova A. Covid-19 pandemiyasynyn kazak mediamatindegi korinisinin lingvopragmatikasy // Kazakhstan zhane Covid-19: media, madeniet, sayasat. Almaty, 2021.

Abildenova D. Covid-19 kezengindegi kazaktyn uilenu toiy men onyn kazakstandyk BAQ-tagy reprezentatsiyasy // Kazakhstan zhane Covid-19: media, madeniet, sayasat. – Almaty, 2021.