ДЖОЗЕФ ТОМСОННЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОЛЫ

Main Article Content

А. Болатханқызы
Ш.Т. Бейбіт
А.Ш. Садвахасова

Аңдатпа

Мақалада әйгілі ағылшын физигі Джозеф Джон Томсонның ғылыми жетістіктері мен атом физикасындағы жаңашылдықтары жан-жақты қарастырылады. Томсон 1897 жылы катодтық сәулелерді зерттеу арқылы электронды ашып, бұл жаңалық атомның бөлінбес бөлшек емес екенін дәлелдеді. Осы зерттеу атом құрылысы туралы дәстүрлі көзқарастарды өзгертіп, физика ғылымына жаңа бағыт берді. Томсонның атомның «мейізді нан» моделі және электронды анықтауы атомдық теорияға маңызды үлес қосып қана қоймай, келесі ғалымдар Резерфорд пен Бордың зерттеулеріне де негіз болды. Мақалада Томсонның ғылыми жолы, оның теориялық және тәжірибелік зерттеулері және олардың заманауи ғылым мен технологиялар дамуына қосқан үлесі талқыланады. Сонымен қатар, Томсонның еңбектері арқылы атомдық физика мен кванттық механика салаларының қалыптасуына әсері көрсетіледі.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Kenzhebekov A., Ermekekov M. “Physics: general course”. Almaty: “Shkola”, 2015.

Suleimenov K., Mukazhanova, G. “ History of physics”. Almaty: “Atamura”, 2014.

Dahl, Per F. cathode ray flash: J. J. Thomson's history of electron discovery. CRC Press, 1997.

Falconer, Isobel. “J. J. Thomson's investigations of positively charged rays, 1906-1914 Historical Studies in the Physical Sciences, vol. 15, no. 1, 1984, pp. 63-112.

J. J. Thomson-Biography. NobelPrize.org, Nobel Media AB, 2020.