КӨРКЕМ МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Main Article Content

Сәулімбай Айғаным

Аңдатпа

Мақалада құндылықтарға негізделген білім беру, оның ішінде әдеби шығармалар арқылы оқушылардың бойында құндылықтарды қалыптастыру жайында айтылады. Қазақ әдебиеті пәнін құндылықтарға негіздеп оқыту мәселесі қарастырылады. Оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде құндылық маңыздылығы реттілік бойынша берілді. Әдеби шығармаға аксиологиялық тұрғыдан талдау жасалды.
Көркем шығармадағы жалпыадамзаттық немесе ұлттық құндылықтарды анықтау мәтіндегі детальдармен мұқият жұмыс жасауды талап етеді. Яғни, көркем шығармадағы құндылықтарды анықтау белгілі бір деңгейде мәтін динамикасымен әрі ондағы астарлы оймен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі таңда әрбір білім алушы көркем шығармамен таныса отырып тек құрылымдық тұрғыдағы талдаулармен шектелмейді, керісінше, шығарманың негізгі идеясын анықтауға, ондағы кейіпкерлердің психологиялық портретін жасауға, автордың сөз қолданыстарын тереңінен түсінуге, құндылықтарды айқындай отырып өз тарапынан баға беруге талпынады. Мақалада қазақ әдебиеті пәні бойынша осындай дағдыларды дамыту мәселесіне ерекше басымдық берілген.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Dictionary of the Kazakh language / Under the general ed. headed by t. Zhanuzakov. Zhanuzakov. - Almaty: Dike-Press, 1999. - 776 p. [in Kazakh]

Abishev K. A. The Problem of Value in the Modern World// Power as Value and Power of Value: Metamorphoses of Freedom. - Almaty: IFIP MONRC, 2007. - 470 p.[in Russian]

Smagulova G., Otegen B. Teaching Kazakh literature in secondary schools on the basis of values. [in Kazakh]

Zhumabaev M. Pedagogy. Almaty. 1992. [in Kazakh]

Aimautov J. Psychology. System of soul and choice of art. Almaty. Rauan. 1995. 311 p. [in Kazakh]

Iskakovich d. asyl Arman of scientist - Alma Kyraubaev http://madeniportal.kz/article/3467 [in Kazakh]

Textbook of Kazakh literature for 10th grade of secondary school. School publishing house. [in Kazakh]

Information-legal system of normative legal acts of the Republic of Kazakhstan https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000141[in Kazakh]

Zhumadilov K. Novel “Fate” https://bilimland.com/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/proza/lesson/26-qabdesh-zhumadilov-tahdyr-romany-1 [in Kazakh]