БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Main Article Content

Зарина Сериковна Караталова

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру жағдайында биология сабағында цифрлық және инновациялық технологияларды қолданудың маңызы қарастырылады. Цифрлық білім беру ресурстарының (интерактивті презентациялар, анимациялар, 3D модельдер, виртуалды зертханалар, онлайн платформалар) оқу материалының көрнекілігін арттырудағы, оқушылардың танымдық белсенділігін күшейтудегі және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы мүмкіндіктері ашып көрсетіледі. Сонымен қатар STEAM бағыты, жобалық және зерттеушілік оқыту, аралас және мобильді оқыту сияқты инновациялық педагогикалық технологиялардың оқушылардың функционалдық және цифрлық сауаттылығын дамытудағы рөлі негізделеді. Биология пәні мұғалімінің цифрлық құзыреттілігі оқыту үдерісінің тиімділігін арттыратын негізгі фактор ретінде айқындалады. Мақалада дәстүрлі және цифрлық-инновациялық оқыту әдістерін кіріктіре қолдану XXI ғасыр талаптарына сай, ғылыми сауатты және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың тиімді жолы екендігі тұжырымдалады.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Shazhanbayeva, S. E. Ways of Using Information and Communication Technologies in Biology Teaching. Bulletin of Karaganda University. Pedagogy Series, 2020, No. 2.

Yesmakhanova, Z. S. Formation of Digital Competence of Future Biology Teachers. Bulletin of Abai Kazakh National Pedagogical University. Pedagogical Sciences Series, 2022, No. 1.

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan. Methodological Guidelines for the Use of Digital Educational Resources. – Astana, 2021.

Turgynbayeva, B. A. Interactive Teaching Methods: Theory and Practice. – Almaty: Bilim, 2019.