ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ МАҚСАТЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МАТЕРИАЛДАР ҚҰРАСТЫРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ГЕНЕРАТИВТІ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯРЫН ПАЙДАЛАНУ
Main Article Content
Аңдатпа
Бұл мақала шетел тілін оқыту мақсатына бейімделген оқу материалдарын құрастыру үшін генеративті жасанды интеллект технологияларын, соның ішінде үлкен тілдік модельдерді (LLM) пайдалану мәселесін талдайды. Зерттеу білім беру үдерісін жекелендіру және әр оқушының қажеттіліктеріне бейімдеу қажеттілігіне негізделген. Мақалада генеративті жасанды интеллект және бейімделген оқытудың теориялық негіздері қарастырылып, генеративті жасанды интеллектісінің бірегей мәтіндерді, жаттығуларды, виртуалды әңгімелесушілерді және мультимодальды контентті (аудио, бейне) жасау арқылы тәжірибелік қолданылуы сипатталады. Жұмыс генеративті жасанды интеллектісін енгізудің артықшылықтарын (жекелендіру, мотивацияны арттыру, жедел кері байланыс) және қиындықтарын (дәлдік мәселесі, этика, промпт-инжиниринг қажеттілігі) қарастырады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері оқушылардың генеративті жасанды интеллектісін жоғары деңгейде қабылдағанын және оның бейімделген материалдар жасаудағы өзектілігін растайды. Қорытынды бөлім генеративті жасанды интеллект және оқытушының педагогикалық тәжірибесінің синергиясы тілдік білім берудің болашағы екені атап өтіледі.
Article Details
##submission.citations##
Sysoev, P. V., Polyakov, O. G., & Evstigneev, M. N. (2023). Teaching a Foreign Language Using Artificial Intelligence Technologies (in Russian). Edited by P. V. Sysoev. Tambov: Derzhavinsky Publishing House, 132 p.
Evstigneev, M. N. (2024). Principles of Teaching a Foreign Language Based on Artificial Intelligence Technologies (in Russian). Tambov University Review. Series: Humanities, 29(2), 309–323.
Sysoev, I. I. (2024). Development of Foreign-Language Communicative Competence in the Era of Digitalization (in Russian). Linguistics and Communication (MSU), (2), 39–54.
Sejnowski, T. J. (2024). ChatGPT and the Future of AI. The MIT Press.
Tikhonova, N. V., & Sabirova, D. R. (2025). Teacher Literacy in the Field of Artificial Intelligence: A Theoretical Analysis of the Concept (in Russian). Education and Science, 27(6), 180–206.