АЛГЕБРА САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақала 7–9 сыныптарда алгебраны саралап оқыту технологиясының теориялық ерекшеліктері мен практикалық аспектілерін қарастырады. Зерттеудің мақсаты – әрбір оқушының қабілеті мен дайындық деңгейіне сәйкес жеке оқу процесін ұйымдастыру арқылы алгебраны тиімді оқытудың әдіснамалық негіздерін анықтау. Ғылыми және практикалық маңызы – оқушылардың математикалық қабілетін дамыту, олардың логикалық ойлау, абстрактілі ойлау, шығармашылық және дербестік деңгейін арттыру, білім берудің дараланған моделін қалыптастыру. Зерттеу әдістемесі ретінде педагогикалық бақылау, топтық және жеке сабақтарды ұйымдастыру, оқу материалын деңгейлік бөлу, тестілеу және бақылау жұмыстарын қолдану қарастырылған. Нәтижелер бойынша сараланған оқыту әртүрлі дайындық деңгейіндегі оқушылар үшін оңтайлы жағдай туғызады, олардың пәнге қызығушылығы мен білімге деген ынтасын арттырады, оқу тапсырмаларының қиындық деңгейін ескере отырып, әрбір оқушының танымдық белсенділігін дамытады. Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, интерактивті әдістерді қолдану алгебра сабақтарында тиімділік пен қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Құндылығы – білім беру практикасында оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімделген сараланған әдісті енгізуге жол ашу. Практикалық мәні – сабақтарды жобалау кезінде деңгейлік тапсырмалар мен интерактивті технологияларды үйлестіріп пайдалану арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыруға арналған.
Article Details
##submission.citations##
Kuznetsova N. V. Differentiated education at school. Moscow: Prosveshchenie, 2020.
Baymukhanov B., Bekbaeva Z. "Okushylardyn matematik tapsyrmalardi oryndaudagi derbestigin arttiru. Almaty, 2006.
Krutetsky V. A. Psychology of mathematical abilities of schoolchildren [Text] / V. A. Krutetsky; edited by N. I. Chuprikova. – Moscow: In-t practice. Psychology; Voronezh: MODEK, 1998.
Mudraya L.Z. Organization of individual work of students in mathematics lessons. Moscow, Higher School, 1975.
Akimova M.K., Kozlova V.T. Student's individuality and individual approach. Moscow: Znanie - 1992.
Halpern D. Psychology of critical thinking. St. Petersburg: Peter, 2000.
Polyakov V. A. Interactive methods of teaching mathematics. – St. Petersburg: Peter, 2019.