ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚАШЫҚТЫҚ КОНКУРСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада цифрлық білім беру жағдайында химия пәнінен қашықтық конкурстарды ұйымдастырудың педагогикалық және технологиялық негіздері қарастырылған. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрландыру үдерісі оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыруға, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Зерттеудің мақсаты – химия пәнінен қашықтық форматтағы конкурстарды тиімді ұйымдастырудың педагогикалық қағидалары мен ақпараттық технологиялық тәсілдерін айқындау. Зерттеу барысында бақылау, сауалнама, талдау және цифрлық платформаларды (Google Classroom, Moodle, Quizizz және т.б.) пайдалану әдістері қолданылды. Нәтижесінде қашықтық химия конкурстарын ұйымдастырудың тиімді моделі ұсынылып, оның оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен оқу белсенділігін арттырудағы ықпалы анықталды. Зерттеу нәтижелері қашықтық оқытуды жетілдіруде, цифрлық білім беру кеңістігінде химия пәнін оқытудың сапасын арттыруда әдістемелік негіз бола алады.
Article Details
##submission.citations##
Khasenkyzy, T., & Akramova, A. (2023). Digital pedagogy as a basis for preparing Generation Z professionally. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Series: Pedagogy. Psychology. Sociology, 139(4), 45–60.
Sadykova, A.Ä., & Atemova, Q.T. (2024). The role of digital technologies in shaping students’ career guidance. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Series: Pedagogy. Psychology. Sociology, 147(2), 440–452.
Sagalieva, Zh.K. (2020). Digital pedagogy in the educational space: Textbook. Almaty: Bastau. ISBN 978-601-7991-49-4
Ryspaeva, D.S., & Tusupova, G.D. (2021). Features of implementing distance education systems. Bulletin of Ablai Khan Kazakh University of Humanities and Law. Series: Philology, 62(3), 75–89.
Duysenova, G.Ä. (2018). Pedagogical foundations of distance education. Education and Science Journal, 4(6), 22–31.
Suleimenova, A.T. (2019). Organizing the learning process using ICT tools. Kazakh Education Journal, 1(7), 14–24.
Baymuratova, Zh.M. (2020). The role of ICT tools in digital pedagogy. Journal of Pedagogical Technologies, 3(8), 38–46.
Nurtazin, B. Zh. (2020). The impact of online competitions on learning motivation. Education and Innovation Journal, 2(4), 33–41.