МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ОЙЫН: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада математиканы оқытуда ойын технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі қарастырылады. Ойын элементтері сабақ үдерісін қызықтырып қана қоймай, оқушылардың танымдық, логикалық және шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал ететіні дәлелденеді. Заманауи білім берудегі ойын әдістерінің түрлерін, маңызын және оларды қолданудың тиімді жолдарын сипаттап, нақты мысалдармен дәйектейді.Зерттеудің өзектілігі – бүгінгі таңда білім беру саласы алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып саналатын шығармашылықпен ойлай алатын тұлға тәрбиелеу. Әсіресе, математикалық білім беруде оқушылардың логикалық, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін қатар дамыту қажеттілігі артуда. Дегенмен, дәстүрлі әдістер бұл мақсатты толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да ойын технологияларын тиімді пайдалану – осы олқылықтың орнын толтыратын инновациялық тәсіл ретінде өзекті болып отыр.
Article Details
##submission.citations##
Abiev Zh., Babaev S., Kudiyarova A. Pedagogy: okulyk – Almaty: Daryn, 2004. – 400 b.
Zhanpeisova M.M. Modular learning technology as a means of student development – Almaty: 2001. – 164 b.
Koyanbaev Zh.B., Koyanbaev R.M. Pedagogy: University of studentsin arnalgan oku kuraly – Almaty: Rauan, 2002. – 312 b.
Smilansky S. Socio–dramatic play: its impact on behavior and academic performance in school - New York: Psychology Press, 1990. - 142 p.
National Council of Mathematics Teachers. Principles and standards of school mathematics. – Reston, Virginia: NCTM, 2000. – 402 p.
Arends R. Learning to teach – New York: McGraw-Hill Education, 2012. – 544 p.