БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада биологияны оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі эксперименттік зерттеу негізінде қарастырылады. Зерттеу Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Биология педагогін даярлау» мамандығының 1-курс студенттері арасында жүргізілді. Эксперименттік топта сабақтар проблемалық жағдаяттар мен зерттеу тапсырмаларына негізделіп ұйымдастырылса, бақылау тобында дәстүрлі әдістер қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, эксперименттік топ студенттерінің қорытынды тест ұпайлары мен оқу мотивациясы едәуір жоғарылады. Сонымен қатар олардың сыни ойлау, зерттеушілік және коммуникативтік құзыреттері бақылау тобына қарағанда айтарлықтай дамыды. Статистикалық талдау (Стьюденттің t-тесті) топтар арасындағы айырмашылықтың мәнді екенін дәлелдеді (p < 0.01). Зерттеу қорытындысы проблемалық оқыту әдісі биологияны оқытуда білім сапасын жақсартуға, ғылыми-шығармашылық әлеуетті дамытуға және студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді.
Article Details
##submission.citations##
Hmelo-Silver C.E. Problem-based learning: What and how do students learn? // Educational Psychology Review. – 2004. – Vol. 16, No. 3. – P. 235–266. DOI: 10.1023/B:EDPR.0000034022.16470.f3.
DeHaan R.L. Teaching creativity and inventive problem solving in science // CBE—Life Sciences Education. – 2009. – Vol. 8, No. 3. – P. 172–181. DOI: 10.1187/cbe.08-12-0081.
Ramadhan A., Mardin S. Problem-based learning: Improving critical thinking abilities, science literacy and students’ independence in biology // Journal of Education and Learning. – 2023. – Vol. 12, No. 1. – P. 122–134. DOI: 10.11591/edulearn.v12i1.21592.
Rodriguez F. et al. Inquiry-based learning in science education: Effects on students’ higher-order thinking skills // BMC Medical Education. – 2019. – Vol. 19, No. 1. – P. 21–32. DOI: 10.1186/s12909-019-1563-5.