ОРТА МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН ХИМИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ЭЛЕКТИВТІ ВИДЕО КУРСЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Main Article Content

Гулназ Арипхонқызы Жанзакова

Аңдатпа

Бұл мақалада химия пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстарды қамтитын нұсқаулық сипатындағы материалдардың мазмұнын толықтырады. Курстың қолдану ерекшеліктері, құрылымдық блоктары, педагогикалық тәсілдері нақты көрсетіліп, мұғалімдер үшін практикалық құрал ретінде құнды ресурсқа айналады. Бұған қоса, бейне курсты жасаудың педагогикалық, психологиялық және техникалық аспектілері тұтас бір жүйе ретінде қарастырылып, оны білім беру процесіне интеграциялау жолдары ұсынылды. Бұл – педагогика ғылымындағы заманауи талаптарға жауап беретін және орта білім беру мазмұнын цифрлық трансформациялау аясындағы өзекті ғылыми-практикалық қадам болып табылады. Химия пәніндегі есептерді шешуге бағытталған, оқушылардың деңгейіне бейімделген, толыққанды элективті бейне курс моделін алғаш рет кешенді түрде жасап, оның әдістемесін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеп көрсетуінде. Бұл курс білім алушылардың пәндік білімін тереңдетуге, есеп шығару дағдысын қалыптастыруға және цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалануға арналған жаңа буын ресурсы ретінде танылады. Зерттеу аясында элективті курс ұғымын, оның құрылымдық моделін, білім беру процесіндегі орнын нақтылап, мектеп оқушыларына бейімделген элективті курстың қандай болуы тиіс екенін педагогикалық тұрғыдан сипаттау маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылды. Бұдан соң есеп шығаруға арналған бейне курстың құрылымын, мазмұнын, визуалды және әдістемелік ерекшеліктерін жобалау арқылы, оның оқу процесіне интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті орындалды. Мұндай курсты құруда оқушының жас ерекшелігі, оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, жеке қарқыны мен қызығушылығы ескерілді.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Abiev Z., Babaev S., Kudiarova A. Pedagogy. – Almaty: Darin, 2004.

Koyanbaev Z.B., Koyanbaev R.M. Pedagogy. – Almaty: Rauan, 1998.

Bidaybekov E. "Informing Education" // Kazakh Language and Literature, 2001.

Kussainov A. Practical Pedagogy. – Almaty, 2012.

Law of the Republic of Kazakhstan on "Education." – Astana, 2007.

State Program for the Development of Education in the Republic of Kazakhstan for 2011–2020.

Nazarbayev N.A. The Future of the Nation: Spiritual Renewal. – Astana, 2017.

Al-Mukhambetov K. Modern Educational Technologies. – Almaty, 2019.

Zankov L.V. Teaching and Development. – Moscow: Prosveshcheniye, 1975.

Vygotsky L.S. Pedagogical Psychology. – Moscow: Pedagogika, 1991.

Rubinstein S.L. Fundamentals of General Psychology. – St. Petersburg: Peter, 2002.

Piaget J. Psychology of Intelligence. – Moscow: Prosveshcheniye, 1994.

Kulagina I.Yu. Developmental Psychology. – Moscow: Gardarika, 2002.

Davydov V.V., Elkonin D.B. Developing Education. – Moscow: Vlados, 1996.

Monakhov V.M. Pedagogical Technologies. – Moscow, 2003.