ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ

Main Article Content

Гулдана Адиловна Абдукаримова

Аңдатпа

Қазіргі таңда қоғамның дамуына сай мектеп оқушыларын пәндік-психологиялық бағыт арқылы оқыту өзекті болып саналады. Көптеген мектептер ҚР Білім және Ғылым министрлігінің заңнамалары мен ЖББМС сәйкес педагогтар жаратылыстану бағытындағы пәндерді эксперименттер, виртуалды зертханалар, критикалық ойлау жүйесін дамытатын тапсырмалар арқылы оқыту үстінде. Соның ішінде, химия пәні теориялық және практикалық сабақтардың ұштасуын талап етеді. Сондықтан, мақалада авторлар орта мектеп үшін химия сабағындағы зертханалық және практикалық сабақтардың жүргізілу барысын талдап, нұсқаулық мысалы мен сабақтың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады. Қазіргі білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына тек теориялық білім берумен шектелмей, оларды тәжірибелік дағдылармен де қамтамасыз ету маңызды. Бұл әсіресе химия пәні үшін өзекті. Химия ғылымы күнделікті өмірмен тығыз байланысты және оның заңдарын түсіну мен қолдану үшін тек сабақтарда оқылған теорияны ғана емес, тәжірибелік тәжірибені де игеру қажет. Мектептерде химия пәні бойынша зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейтуге, олардың қызығушылығын арттыруға және мамандық таңдау жолында алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Ermakhanov M.N., Kuandykova E.T., Asylbekova G.T., Dikanbayeva A.K., Shagraeva B.B., Sabdenova U.O., Serimbetova K.M. Methods of Teaching Chemistry in Pedagogical Universities // International Journal of Applied and Fundamental Research. – 2016. – No. 8-1. – Pp. 76–77.

Yusupova B.A. Methods of Teaching Chemistry at School // World Science. 2020. No. 3 (36). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/metodika-prepodavaniya-himii-v-shkole

Organization and Conduct of Practical Chemistry Lessons [Electronic resource] URL: https://infolesson.kz/organizaciya-i-provedenie-prakticheskih-zanyatij-po-himii-5254924.html

Gvozdeva A.V., Chaplygina A.V. Organization of a Modern Chemistry Laboratory Practicum in the Context of an Educational Cluster // Scientific Notes. Electronic Scientific Journal of Kursk State University. 2019. No. 2 (50).