МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕР ТАРАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Main Article Content

П.К. Ергешбай

Аңдатпа

Бұл мақалада 9–сынып оқушыларына физика пәнінде элементар бөлшектерді оқыту әдістемесін ұйымдастыру жолдары қарастырылған. Жалпы орта мектептегі физика курсындағы элементар бөлшектерді оқыту барысында оқушылардың білім дағдыларын анықтап, оларды дамытуды қазіргі таңдағы көкейтесті деп қарауға толықтай негіз бар.  Зерттеу жұмысын жүргізу барысында бақылау, педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Алынған көрсеткіштерге сәйкес оқушыларға физика курсындағы элементар бөлшектерді оқытуға арналған тапсырмалар кешені құрастырылды. Ең алдымен зерттеу әрекеті барысында оқушыларға жалпылама түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 24 оқушы  қатысып, нәтижесінде  білім алушылардың 63%-ының  өздігінен жаңа материалдарды ізденуге, соған сәйкес зерттеу жұмыстарымен айналысуға деген қызығушылықтары  бар  екені  айқындалса да, тек олардың 14-і (58 пайызы)  ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындады.  Алынған сауалнама қорытындысы бойынша қосымша әдебиет көздерімен жұмыс жасай алатын, өздігінен ізденіске, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді араласатын білім алушылар берілген жаттығуларды жасағандығы белгілі. Нәтижесінде оқушылардың  ғылыми-зерттеу  әрекеті  8 %-тен 29%-ке  артты. Ғылыми-зерттеу тапсырмаларын толық әрі жүйелі орындау барысында оқушылардың өз бойындағы әлі белгісіз ерекшеліктерін ашу, білім деректерін жинақтау  және  дамыту секілді дидактикалық функциялар іске асырылады. Оқушылардың  бойында жауапкершілік,  іс-әрекеттің  бірізділігі және тұрақты стилі қалыптасады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мектептерде физика пәнін оқытатын мұғалімдер – оқушылардың ғылыми–зерттеу әрекетін дамыту үшін арнайы құрастырылған тапсырмалар кешенін өздеріне әдістемелік құрал есебінде қолданады.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Kudaykulov M., Zhanabergenov K. Methods of teaching physics in secondary school. Manual for teachers and students. - Almaty: Rauan. - 1998. - 310 p. [in Kazakh]

Volnistova T.V. Izucheniye yadernoy fiziki v klassakh fiziko -matematicheskogo profilya s ispol'zovaniyem informatsionnykh tekhnologiy [Studying of nuclear physics in classes of a physical and mathematical profile with use of information technologies]: Dis.... cand. ped. sciences:: 13.00.02.- Moscow, 2005. - 204 p. [in Russian]

Shpolsky E.V. Atomic physics. - Moscow. - 1974. - 445 p.

Shokanov A.K., Ospanbekov E.A., Kurmanbayeva G. Methodological foundations of teaching the course "Atomic and nuclear physics" in pedagogical universities // Kazakh National Pedagogical University named after Abay. Herald. Series "Physical and Mathematical Sciences". - 2017. - No. 2 (58). - pp. 161-166. [in Kazakh]

Alzhanov N.N., Zhunusbekov D. D. Physics 9. Teaching aid "world". - Shymkent. – 2015. [in Kazakh]

Minal D., Sakhiev S.K., Zhaugasheva S.A. Nuclear physics and elementary particle physics: an introduction. Part 1: Tutorial (Martin B.) / Transl. - Almaty, 2013. - 333 p. [in Kazakh]