ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Main Article Content

Еңлік Абзалқызы Сәнтай

Аңдатпа

Мақала мемлекеттік және жекеменшік мектеп мұғалімдерінің денсаулығын зерттеу, сонымен қоса, стресс көздерін зерттеуге, сондай-ақ стрессті қабылдау деңгейін зерттеуге арналған. Стресс - алаңдаушылық, ыңғайсыздық, эмоционалдық шиеленіс және қоршаған ортаға бейімделу қиындықтары сияқты белгілі бір жағдайларға табиғи мінез-құлық реакциясы. Г.Финктің пікірінше, «күйзеліс- қашып құтылатын нәрсе емес. Стресстен аулақ болу мүмкін емес, өйткені өмір сүру үшін энергия қажет». Зерттеулер нәтижесі мемлекеттік мектеп мұғалімдері жеке мектеп мұғалімдеріне қарағанда стрессті сезінуде жоғары ұпай жинағанын анықтады. Оқушылардың ынталары артып, оқу үлгерімінің жақсарғанын көрсеткенде, мұғалімдер өз жұмыстарын жақсы атқарғанын сезінеді. Алайда, мұғалімдер оқушылардың үлгерімінің төмендеуін байқаған кезде олар бірте-бірте өсетін жағымсыз көзқарастар көбейе түседі. Мұғалімдер жұмыста осындай күйзеліс факторларының үнемі әсерінен шаршауды сезінеді. Сол себептен олардың дайындалу және сабақ беру сапасы нашарлайды. Қ.М. Коккинос мұғалімнің шаршауының үш құрамдас бөлігін анықтады: а) эмоционалдық шаршау; б) тұлғасыздандыру; в) жеке жетістік сезімінің төмендеуі. Бұл компоненттердің барлығы оқушылармен нашар қарым-қатынасқа әкеледі. Оқушылардың мектептегі психологиялық климатты қабылдауына талдау жасағанда, мемлекеттік мектептердегі оқушыларға қарағанда жекеменшік мектеп оқушыларының мектеп климаты қолайлырақ екені анықталды. Жеке мектептерде үш басым белгілерді анықтауға болады: а) неғұрлым ұйымдасқан климат; ә) мектеп ережелері неғұрлым әділ және түсінікті; в) мемлекеттік мектептердегі оқушылармен салыстырғанда мұғалімдермен қарым-қатынас қолайлырақ болып келеді.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Rice J.K. Teacher Quality: Understanding the effectiveness of teacher attributes. Economic Policy Institute, 1660 L Street, NW, Suite 1200, Washington, DC 20035, 2003. 64 p.

Ross S.W., Romer N., Horner R.H. Teacher well-being and the implementation of school-wide positive behavior interventions and supports // Journal of Positive Behavior Interventions. 2012. № 14 (2). P. 118–128.

Shen B., McCaughtry N., Martin J., Garn A., Kulik N., Fahlman M. The relationship between teacher burnout and student motivation // The British Journal of Educational Psychology. 2015. № 85 (4). P. 519–532.

Timms C., Graham D., Cottrell D. “I just want to teach” Queensland independent school teachers and their workload // Journal of Educational Administration. 2007. № 45 (5). P. 569–586