ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНЕ ӘСЕРІ. ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Main Article Content

Нұртуған Бақытбекұлы Бақытбек

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысы логикалық есептердің оқушылардың ойлау қабілетіне әсері, логикалық есептердің түрлеріне арналған. Жобаның мақсаты –  логикалық есептердің оқушылардың ойлау қабілетіне әсерін зерттеу және олардың түрлерін анықтау арқылы білім алушылардың танымдық және шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал ету.  


Жобаның міндеттері:


  • Логикалық есептердің оқушылардың аналитикалық, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттеріне әсерін талдау.

  • Логикалық есептердің негізгі түрлерін жүйелеу және сипаттау.

  • Логикалық есептерді оқу процесіне енгізудің тиімді әдістерін анықтау.

  • Оқушылардың логикалық есептерді шешу арқылы алған нәтижелерін бағалау және талдау.

  • Логикалық есептердің оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы рөлін зерттеу.

Бұл міндеттерді орындау арқылы жоба логикалық есептердің оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы маңыздылығын айқындауды және оларды оқу процесінде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетуді мақсат етеді. Зерттеуде дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетіне сәйкес ғылыми жоба тақырыбын таңдау және жобаны сәтті жүзеге асыруға қажетті тапсырмалар қарастырылған. Сонымен қатар, зерттеу барысында әдебиеттерге шолу жасап, логикалық есептердің түрлері анықталады,зерттеу әдістемесін әзірлеп, эксперимент жүргізіледі. Жобаның жаңашылдығы дәстүрлі логикалық есептермен қатар, қазіргі заманғы мәселелерді қамтитын жаңа есептер әзірленіп, оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың ойлау қабілеттерін заманауи контексте дамытуға мүмкіндік беруінде. Зерттеу нәтижелері логикалық есептердің оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы маңызды рөлін көрсетеді. Логикалық тапсырмалар оқушылардың танымдық қызметін жақсартып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандырады. Бұл олардың өзіне және өз ісіне деген сенімін, жауапкершілігін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырады.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Yerubaev S. Kazakh Traditional Problems.

Perelman Ya.I. Entertaining Algebra. – 56 p.

Mathematics and Physics. – 2003. – No. 3. – pp. 8-12.

Mathematics and Physics journals. – 2005–2009. – p. 19.

Dospambetov Ä. Kyrk Kazyna. – Almaty:, 1997. – pp. 49-51, 59-65.

Kolmogorov A.N. Logical Problems and Methods for Solving Them.

Dorofeev G.V. Mathematical Logic and Its Applications.