БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ ТҰРҒЫСЫНАН ДАМЫТУ

Main Article Content

Майра Абдуллаевна Дуйсенбаева

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің табыстылығын арттыруда нейродидактика тәсілдерін қолданудың тиімділігі қарастырылады. Нейродидактика – оқу процесін адамның ми қызметінің ерекшеліктеріне негіздеп ұйымдастыруға бағытталған заманауи ғылыми әдіс. Мақалада оқушылардың когнитивті қабілеттерін дамытуда нейродидактикалық тәсілдердің рөлі мен оларды білім беру жүйесіне енгізудің маңызы талданады. Зерттеу барысында бастауыш сыныптағы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер ұсынылып, олардың оқу табыстылығына әсері сипатталады. Нейродидактика арқылы оқыту оқушылардың назарын шоғырландыру, есте сақтау қабілетін жақсарту және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мақала оқушылардың білім алу процесінде нейродидактиканың қағидаттарын қолдану арқылы білім беру сапасын жақсарту мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін нейродидактикалық әдістерді тиімді қолдану бойынша нақты ұсыныстар беріледі. Аталған тәсілдер оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне оң әсер етіп, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды ұйымдастыруға жол ашады. Мақала білім беру саласында инновациялық көзқарас ұсынуға және бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және танымдық әлеуетін толық ашуға бағытталған.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Zhumabekova F. K. Bastauysch synyp okuschylarynyng tanymdyk kabiletterin damytu adistemesi. – Almaty: Kazakh University, 2018. – 256 p.

Mukhambetzhanova A. T. Neurodidactica shane bilim beru shujesi: teorija men praktika. – Nur-Sultan: Bilim, 2020. – 312 p.

Orazbayeva G. S. Bilim berudegi innovatsijalyk adister men tehnologijalar. – Karagandy: Orken, 2019. – 198 p.

Seitova A. A. Oku-tanymdyk is-areketting tiimdiligin arttyru sholdary // Bilim sholy shurnaly. – 2021. – №4. – 45-50 p.

Kairbekov M. N. Mekteptegi zamanaui pedagogikalyk technologijalar. – Almaty: Mektep, 2017 – 240 p.