ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ САЙЫСЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ

Main Article Content

Данагүл Ертайқызы Есентай

Аңдатпа

Мақалада физика пәні бойынша олимпиаданың теориялық турына оқушыларды дайындаудың өзекті мәселелері мен тиімді әдістері қарастырылады. Физика – заманауи ғылым мен техниканың негізі болып табылатын маңызды пәндердің бірі. Әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы оқушылардың физика саласындағы терең білімін және шығармашылық қабілеттерін дамыту қажеттігін айқындап отыр. Олимпиадаға дайындық үдерісі оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға және олардың теориялық білімдерін халықаралық деңгейде қолдануға мүмкіндік береді. Мақалада олимпиада тапсырмаларының ерекшеліктері, оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары және оларды жүйелі түрде дайындықтан өткізу үшін ұсынылатын әдістемелік тәсілдер жан-жақты талданған. Сонымен қатар, олимпиада тапсырмаларын шешу барысында оқушылардың креативті ойлау, физикалық модельдер құру және күрделі есептерді шешу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар келтірілген.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Lukashik V.I. Physics Olympiad in Grades 9-11 of Secondary School // Handbook for Students. - M.: Education, 1987 - 192 p.

Varlamov S.D., Zinkovsky V.I., Semenov M.V., Starokurov Yu.V., Shvedov O.Yu., Yakuta A.A. Problems of Moscow City Physics Olympiads // - M.: MCNO, 2007. - 696 p.

Gorev L.A. Entertaining Experiments in Physics in Grades 6-7 of Secondary School / L.A. Gorev. - M.: Education, 1995. - 175 p.