ТІЛДІҢ САЯСИ МАНИПУЛЯЦИЯДАҒЫ РӨЛІ

Main Article Content

Аружан Иген
Алина Дауренқызы
G. Uahit
Балауса Сман
Зарина Сеилбек
Диана Молдабек
Қарақат Аймихан
Ақерке Пирманова
T. Tazhibay
Жарқынай Худайбергенова

Аңдатпа

Бұл ғылыми жоба «Тілдің саяси манипуляциядағы рөлі» тақырыбын зерттеуге арналған. Тіл —коммуникация құралы, сонымен қатар билік пен саясат процесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын күш. Саяси манипуляция — бұл социумдағы пікір мен көзқарастарды басқарудың, белгілі бір идеологиялардың мақсатты түрде тарату мен әлеуметтік процестерді басқарудың тиімді әдісі. Бұл жобада тілдің саясаттағы рөлі мен манипуляциялық аспектілері жан-жақты талданады.


Бұл зерттеу саяси дискурстағы тілдің ықпалын, риторика, пропаганда және символиканың рөлін талдауға бағытталған. Саяси манипуляцияның қоғамдық пікір қалыптастыру мен дауыс беру шешімдеріне қалай әсер ететінін, саяси айлалардың халық арасында қандай әсер қалдыратынын анықтаймыз. Мысал ретінде тоталитарлық режим астында болған мемлекеттер тарихы мен қазіргі заманғы популистік саяси кампанияларда қолданылатын тілдік механизмдер зерттеледі.


Жобада ұсынылған гипотезалар — тілдік манипуляция саяси шешімдерге әсер етеді және саяси дискурстағы метафоралар қоғамдық пікірді өзгерте алады. Зерттеу әдістері ретінде контент анализі және сауалнамалар пайдаланылып, зерттеу нәтижелері саясаткерлер мен қоғам мүшелері үшін тілдің рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.


Бұл жоба саясат пен тіл арасындағы байланысты зерттеу арқылы қоғамдағы саяси коммуникацияны түсінуге, халықтың ақпаратты қабылдау механизмдерін анықтауға және манипуляцияның алдын алу жолдарын ұсынуға бағытталған. Нәтижесінде, зерттеу тілдің саяси манипуляциядағы рөлін көрсетіп, саяси мәдениеттің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Fairclough, N. Language and Power. – Longman, 2001. – 280 p.

Wodak, R., & Meyer, M. Methods of Critical Discourse Analysis. – Sage Publications, 2009. – 240 p.

Laptenok, V.V. Language as a Tool of Political Manipulation. – St. Petersburg: Piter, 2016. – 320 p.

Nazarova, L.A. Political Rhetoric: Language, Manipulation, Power // Moscow State University Bulletin. – 2019. – No. 3. – P. 45–52.

Egemen Kazakhstan: https://egemen.kz/article/372120-qazaqstandaghy-aes-salu-energetikalyq-qauipsizdikke-betburys-nemese-ekologiyalyq

Informburo.kz: https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-aes-saludyn-ekonomikalyq-tiimdiligi-artaraptandyru-eksport-pen-investiciyalar

Google Scholar: https://cyberleninka.ru/article/n/rol-yazyka-v-sovremennoy-yazykovoy-politike

Google Scholar: The role of language in politics manipulation

Google Scholar: The role of language in politics manipulation