ТҰТЫҚПА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Main Article Content

Г.И. Акилбаева
Л.Ш. Сергалиева
Р.А. Юлдашева

Аңдатпа

Тұтықпа — балалардың сөйлеу тілінде жиі кездесетін күрделі сөйлеу бұзылыстарының бірі болып табылады. Бұл бұзылыс сөйлеудің ырғақтылығы мен бірқалыптылығының бұзылуымен, дыбыстардың, буындардың немесе сөздердің еріксіз қайталануымен, сөйлеу барысында бөгелулердің пайда болуымен сипатталады. Тұтықпа көбіне мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда байқалып, баланың сөйлеу әрекетінің табиғи дамуын тежейді. Тұтықпаның өзектілігі оның тек сөйлеу аппаратының бұзылысымен шектелмей, баланың тұлғалық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуына теріс ықпал етуімен айқындалады. Тұтықпасы бар балаларда қарым-қатынасқа түсуге деген қорқыныш, өз-өзіне сенімсіздік, тұйықтық, әлеуметтік ортадан шеттетілу сияқты психологиялық қиындықтар жиі кездеседі. Бұл жағдай баланың мектептегі оқу жетістіктеріне, құрдастарымен өзара әрекеттесуіне және жалпы әлеуметтену процесіне кері әсер етеді. Ғылыми зерттеулерде тұтықпаның пайда болу себептері көпфакторлы сипатта қарастырылады. Оған нейрофизиологиялық ерекшеліктер, тұқымқуалаушылық факторлар, психологиялық жарақаттар, сөйлеу дамуының қарқынды кезеңдеріндегі жүктемелер, сондай-ақ қолайсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар әсер етеді. Осыған байланысты тұтықпаны түзету жұмыстары бір ғана әдіспен шектелмей, кешенді, жүйелі және жеке бағытталған тәсілді талап етеді.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Vlasova, N. A. (1983). Stuttering. Moscow: Prosveshchenie.

Seliverstov, V. I. (2001). Stuttering in Children. Moscow: Vlados.

Belyakova, L. I. (2004). Speech Therapy. Stuttering. Moscow: Akademiya.

Yastrebova, A. V. (1999). Formation of Communicative Activity in Schoolchildren with Stuttering. Moscow