ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ 3 КОНТЕКСТІНДЕ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Main Article Content
Аңдатпа
Бруцеллез Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде қоғамдық денсаулық сақтау үшін елеулі қауіп төндіретін маңызды зооноздық инфекциялардың бірі болып қала береді. Ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізілуіне қарамастан, сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты сақталып отыр, бұл қоздырғыштың айналымының жалғасып жатқанын және халықтың жұқтыру қаупінің сақталғанын көрсетеді. Осы мақалада Қазақстан Республикасында бруцеллезбен сырқаттанушылықтың өңірлік таралуын ескере отырып эпидемиологиялық деректерге талдау жүргізілді. Жүргізілген бағалау инфекцияның таралуының аумақтық ерекшеліктерін анықтауға және қолайсыз өңірлерді айқындауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер сақталып отырған сырқаттанушылық деңгейі мен инфекция ошақтарының болуы профилактикалық шараларды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Адамдарға арналған қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны әзірлеу ерекше маңызға ие, себебі қолданыстағы вакциналар негізінен ветеринарияда пайдаланылады және қауіпсіздікке байланысты шектеулерге ие. Адамдарға арналған бруцеллезге қарсы вакцинаны әзірлеу инфекцияның таралуын төмендетуге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған өзекті бағыт болып табылады. Бұл бағыт инфекциялық аурулардың алдын алуға және тиімді медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «Денсаулық және амандық» міндеттеріне сәйкес келеді.
Article Details
##submission.citations##
Ильин И. В., Урсул А. Д., Урсул Т. А. Новые глобальные цели устойчивого развития // Вестник Московского университета. Серия 27. Глобалистика и геополитика. – 2015. – № 3–4. – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/novye-globalnye-tseli-ustoychivogo-razvitiya (дата обращения: 09.04.2026).
Саркытова А. А., Дадабаева Д. М. Анализ устойчивого развития регионов Казахстана // Статистика, учет и аудит. – 2020. – № 4(79). – С. 193–197. – EDN CKPPQA.
Qureshi K. A., Parvez A., Fahmy N. A. et al. Brucellosis: epidemiology, pathogenesis, diagnosis and treatment – a comprehensive review // Annals of Medicine. – 2023. – Vol. 55, No. 2. – Art. 2295398. – DOI: 10.1080/07853890.2023.2295398.
Holt H. R., Bedi J. S., Kaur P. et al. Epidemiology of brucellosis in cattle and dairy farmers of rural Ludhiana, Punjab // PLoS Neglected Tropical Diseases. – 2021. – Vol. 15, No. 3. – e0009102. – DOI: 10.1371/journal.pntd.0009102.
Bagheri Nejad R., Krecek R. C., Khalaf O. H. et al. Brucellosis in the Middle East: current situation and a pathway forward // PLoS Neglected Tropical Diseases. – 2020. – Vol. 14, No. 5. – e0008071. – DOI: 10.1371/journal.pntd.0008071.
Khatibi M., Abdulaliyev G., Azimov A. et al. Working towards development of a sustainable brucellosis control programme: the Azerbaijan example // Research in Veterinary Science. – 2021. – Vol. 137. – P. 252–261. – DOI: 10.1016/j.rvsc.2021.05.014.
Laine C. G., Johnson V. E., Scott H. M., Arenas-Gamboa A. M. Global estimate of human brucellosis incidence // Emerging Infectious Diseases. – 2023. – Vol. 29, No. 9. – P. 1789–1797. – DOI: 10.3201/eid2909.230052.
Wen J., Li Z., Lv Y. et al. A subunit vaccine based on Brucella rBP26 induces Th1 immune responses and M1 macrophage activation // Acta Biochimica et Biophysica Sinica (Shanghai). – 2024. – Vol. 56, No. 6. – P. 879–891. – DOI: 10.3724/abbs.2024023.
Wang Y., Wu A., Xu Z. et al. A multi-epitope subunit vaccine based on Cu/Zn-SOD, OMP31 and BP26 against Brucella melitensis infection in BALB/c mice // International Immunopharmacology. – 2024. – Vol. 127. – Art. 111351. – DOI: 10.1016/j.intimp.2023.111351.
Schneider F., Tarawali S. Sustainable Development Goals and livestock systems // Revue Scientifique et Technique. – 2021. – Vol. 40, No. 2. – P. 585–595. – DOI: 10.20506/rst.40.2.3247.
Akermi S. E., L'Hadj M., Selmane S. Epidemiology and time series analysis of human brucellosis in Tebessa province, Algeria, from 2000 to 2020 // Journal of Research in Health Sciences. – 2022. – Vol. 22, No. 1. – e00544. – DOI: 10.34172/jrhs.2022.79.
Rutkowska D. A., Du Plessis L. H., Suleman E. et al. Development of a plant-expressed subunit vaccine against brucellosis // Microorganisms. – 2024. – Vol. 12. – Art. 1047. – DOI: 10.3390/microorganisms12061047.