LINUM ТУЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ СУБСТАНЦИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ КОСМЕТИКАЛЫҚ КРЕМДІ ӘЗІРЛЕУ: ҚҰРАМЫН НЕГІЗДЕУ, ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Main Article Content

Д.Б. Нұрахметова
Г.Т. Жумашова
А.Л. Ахелова
Г.М. Саякова
А.Б. Омархан

Аңдатпа

Бұл мақалада Linum L. туысына жататын өсімдіктердің биологиялық белсенді субстанциялары негізінде косметикалық крем әзірлеу, оның құрамын негіздеу, технологиясын жасау және сапасын бағалау нәтижелері ұсынылған. Косметикалық крем құрамында майлы негіз ретінде кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum L.) тұқымының майы, ал белсенді компонент ретінде алатостаған жапырақ зығыр (Linum heterosepalum Rgl.) өсімдігінің 10 % глицериндегі және тазартылған судағы сығындылары қолданылды. Өсімдік сығындылары ультрадыбыстық экстракция әдісімен алынып, олардың антиоксиданттық белсенділігі DPPH және ABTS әдістері арқылы зерттелді. Сонымен қатар сығындылардағы жалпы полифенолдар мен флавоноидтардың мөлшері спектрофотометриялық әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері Linum heterosepalum Rgl. өсімдігінің сығындылары полифенолдар мен флавоноидтарға бай және жоғары антиоксиданттық белсенділікке ие екенін көрсетті. Алынған нәтижелер негізінде өсімдік сығындылары косметикалық эмульсия құрамына енгізіліп, эмульсиялық әдіс арқылы косметикалық крем дайындалды. Дайындалған косметикалық кремнің сапасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: физика-химиялық қасиеттері, тұрақтылығы, микробиологиялық тазалығы, ауыр металдар мөлшері және сенсорлық сипаттамалары зерттелді. Жүргізілген зерттеулер әзірленген косметикалық кремнің TP TC 009/2011, ГОСТ 31460-2012 "Косметикалық кремдер. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес, тұрақты, қауіпсіз және теріні қоректендіруші, қорғаныштық қызметін жақсартатын, ылғалдандыратын және антиоксиданттық әсері бар перспективалы косметикалық өнім екенін көрсетті.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Omarkhan A.B., Zhumashova G.T., Sakipova Z.B. Prospects for the study of Kazakhstani plant species of the genus Linum L. // Research Retrieval and Academic Letters: Proc. of the 8th Int. Sci. Conf. – Warsaw, Poland, 2025. – P. 119–120.

Al-Madhagy S, Ashmawy NS, Mamdouh A, Eldahshan OA, Farag MA. A comprehensive review of the health benefits of flaxseed oil in relation to its chemical composition and comparison with other omega-3-rich oils. Eur J Med Res. 2023 Jul 18;28(1):240. doi: 10.1186/s40001-023-01203-6. PMID: 37464425; PMCID: PMC10353157.

Han, Hatica & Yılmaz, Hasibe & Gülçin, İlhami. (2018). Antioxidant Activity of Flaxseed (Linum usitatissimum L.) shell and Analysis of Its Polyphenol Contents by LC-MS/MS. Records of Natural Products. 12. 397-402. 10.25135/rnp.46.17.09.155.

Pooja Pagar*, Mayuri Pol, Dr. Sunil Mahajan. (2025). A Review of the Cosmetic and Exfoliating Properties of Flaxseed (Linum Usitatissimum L.). International Journal of Scientific Research and Technology, 2(11), 202–214. https://doi.org/10.5281/zenodo.17558215

GOST 31460–2012. Cosmetic Creams. General Technical Specifications. – Moscow: Standartinform, 2019. – 11 p.

GOST 29188.3–91. Cosmetic Products. Methods for Determining Emulsion Stability. – Moscow: Publishing House of Standards, 1992. – 18 p.

Technical Regulation of the Customs Union TR CU 009/2011 “On the Safety of Perfumery and Cosmetic Products.”