ҰЙЫМДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада ұйымдағы мамандардың қызметін мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйені әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қызметкерлердің жұмыс тиімділігін бағалау, тапсырмалардың орындалуын бақылау, кәсіби күйзеліс қаупін ерте анықтау және кадрлық тәуекелдерді төмендету қажеттілігімен түсіндіріледі. Ұсынылған шешім мобильді және веб-технологияларды, сондай-ақ машиналық оқыту әдістерін біріктіретін кешенді архитектураға негізделген. Мобильді қосымша React Native Expo ортасында әзірленіп, пайдаланушылардың деректерін сақтау үшін Firebase Firestore мен Firebase Authentication сервистері қолданылды, ал медиафайлдарды сақтау үшін Cloudinary платформасы пайдаланылды. Әкімшілік басқару және аналитикалық бақылау модулі FastAPI негізіндегі веб-панель ретінде іске асырылды. Жүйеге енгізілген машиналық оқыту моделі қызметкерлердің белсенділігі, тапсырмаларды орындау қарқыны және басқа көрсеткіштер негізінде burnout risk деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ұйым басшылығы нақты уақыт режимінде деректерді талдап, уақтылы басқарушылық шешім қабылдай алады. Ұсынылған ақпараттық жүйе мониторинг процесін автоматтандыруға, басқару сапасын арттыруға және қызметкерлердің кәсіби жай-күйін бақылауды жетілдіруге бағытталған.
Article Details
##submission.citations##
Maslach, C., & Jackson, S.E. (1981). The measurement of experienced burnout. Journal of Occupational Behaviour, 2(2), 99-113.
World Health Organization. (2019). Burn-out an occupational phenomenon: International Classification of Diseases 11th Revision (ICD-11). Geneva.
Firebase Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://firebase.google.com/docs
Google Cloud Firestore Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://cloud.google.com/firestore/docs
FastAPI Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://fastapi.tiangolo.com/
React Native Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://reactnative.dev/docs/getting-started
Expo Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://docs.expo.dev/
Cloudinary Documentation. Retrieved April 12, 2026, from https://cloudinary.com/documentation
OWASP Foundation. OWASP Top 10: Web Application Security Risks. Retrieved April 12, 2026, from https://owasp.org/