ТУРИЗМ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМСАҚ КҮШТІҢ ҚҰРАЛЫ

Main Article Content

Р.Н. Оңдасын
Д.В. Қабжан

Аңдатпа

Мақалада туризм мемлекеттің оң халықаралық имиджін қалыптастыру контекстінде жұмсақ күштің құралы ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - туризмнің шетелдік аудиториялардың қоғамдық пікіріне әсер ету тетіктерін талдау және оның сыртқы саясат пен имидждік ықпалдың ресурсы ретіндегі тиімділігінің шарттарын айқындау.
Жұмыстың теориялық негізін Дж. Найдың жұмсақ күш тұжырымдамасы, сондай-ақ жария дипломатия, ұлттық брендинг және туризм геосаясаты салаларындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеуде сапалық әдістер қолданылды: сұхбат жүргізу барысында алынған деректерді сапалық талдау әдістері, оның ішінде ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, туризмді имидждік мақсатта пайдаланудың халықаралық тәжірибелерін салыстырмалы талдау, сондай-ақ туризмді ұлттық позициялау стратегияларына мақсатты түрде енгізіп отырған мемлекеттердің кейстерін талдау. Зерттеу нәтижелері туризмнің туристердің жеке тәжірибесі, мәдени алмасулар және тұлғааралық коммуникация арқылы мемлекеттің оң имиджін қалыптастыруда елеулі әлеуетке ие екенін көрсетеді. Халықаралық имиджге ең үлкен әсер ететін факторлар - туристік қызмет көрсету сапасы, қауіпсіздік деңгейі және нақты туристік тәжірибенің ресми бейнемен сәйкестігі. Туризмнің жұмсақ күш құралы ретіндегі тиімділігі шартты сипатқа ие және стратегиялық басқаруға, институционалдық үйлестіруге, сыртқы саяси контекске тәуелді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - туризмді жария дипломатия жүйесіне интеграцияланған басқарылатын жұмсақ күш құралы ретінде кешенді қарастыруында. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған қорытындыларды туризмді дамыту стратегияларын, ұлттық брендинг пен жария дипломатияны әзірлеуде қолдану мүмкіндігінде.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Nye, J. S. (2004). Soft power: The means to success in world politics.

PublicAffairs.

Nye, J. S. (2009). Smart power. New Perspectives Quarterly, 26(2), 7–9.

https://doi.org/10.1111/j.1540-5842.2009.01041.x

Nye, J. S. (2019). Do morals matter? Presidents and foreign policy from FDR

to Trump. Oxford University Press.

Паршин, П. Б. (2014). Два понимания «мягкой силы». Вестник МГИМО.

Международные отношения, 2(35), 14–21.

Погорлецкий, А. И. (2021). Мягкая сила в стратегии

внешнеэкономического развития государства. Санкт-Петербург: Издательство

СПбГУ.

Алексеева, Т. А. (2016). Мягкая сила в современной системе

международных отношений. Москва: Издательство МГУ.

Лобанова, А. С. (2017). Символические ресурсы влияния в современной

международной политике. Политическая наука, 1, 98–112.

Лебедева, М. М. (2015). Публичная дипломатия в урегулировании

международных конфликтов. Мировая экономика и международные

отношения, 59(6), 22–30.

Бурлинова, Н. В., Чагина, М. А., & Иванченко, В. А. (2021). Публичная

дипломатия в России в эпоху COVID-19. Москва: Российский совет по

международным делам.

Din, K. H. (1997). Tourism as a political instrument. Tourism Management,

(1), 45–54. https://doi.org/10.1016/S0261-5177(96)00085-1

Hall, C. M. (2010). Tourism and geopolitics: Issues and concepts from

political geography. Tourism Geographies, 12(2), 215–226.

https://doi.org/10.1080/14616681003725209

Richards, G. (2018). Cultural tourism: A review of recent research and

trends. Journal of Hospitality and Tourism Management, 36, 12–21.

https://doi.org/10.1016/j.jhtm.2018.03.005

Grix, J., & Lee, D. (2018). Soft power, sports mega-events and emerging

states: The lure of the politics of attraction. Global Society, 32(3), 305–324.

https://doi.org/10.1080/13600826.2018.1475160

Scott, D., & Gössling, S. (2022). Tourism and global change: Impacts,

adaptation and mitigation. Journal of Sustainable Tourism, 30(2–3), 213–225.

https://doi.org/10.1080/09669582.2020.1824564

UNWTO. (2022). Tourism and soft power: Leveraging tourism for

international cooperation. World Tourism Organization. https://www.unwto.org

Tengrinews.kz. (2021, August 10). Стали модными туристы: страна

влюбилась в Казахстан. Tengrinews.kz.

E-CIS.info. (2022, March 23). Туризм в Казахстане: краткий обзор

[Report].

Astana Times. (2023, January 15). Kazakhstan sees record tourism indicators

in 2023. Astana Times.

Profi.travel. (2024, June 10). Туризм в Казахстане: Рост и тренды [Report].

https://profi.travel/news/62394/details?utm_source=chatgpt.com

Qazinform. (2025, June 12). Kazakhstan draws 7.5 million foreign tourists in

first half of 2025. Qazinform.