ОҚУШЫЛАРҒА ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ТАҚЫРЫБЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Main Article Content
Аңдатпа
Қазіргі таңда мектептер мен жоғары оқу орындарында математиканы оқыту әдістерінің тиімділігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе тригонометриялық теңдеулерді түсіндіру кезінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру қиынға соғады. Бұл мақалада тригонометриялық теңдеулерді оқыту процесінде интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі қарастырылған. Зерттеу барысында дәстүрлі әдістер мен интербелсенді тәсілдердің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Бұл мәселені зерттеудің алғышарты – оқыту нәтижелерінің төмендеуі және сабаққа деген қызығушылықтың азаюы болды. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында сауалнама әдісі, бақылау, сараптамалық және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде интербелсенді әдістер қолданылған топта оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артқаны анықталды. Тригонометриялық теңдеулерді шешу қабілеті 32%-ға жақсарды. Оқушылар өз бетімен тапсырма орындауға ұмтылып, топтық жұмыста белсенділік танытты. Сауалнама нәтижелері де оң көрсеткіштер берді. Ғылыми зерттеу нәтижесі болашақ математика мұғалімдерін даярлау үдерісінде, сондай-ақ мектептегі тригонометрия сабақтарында интербелсенді әдістерді кеңінен қолдануға әдістемелік негіз бола алады.
Article Details
##submission.citations##
Kuzmicheva, T. G., & Kuzmichev, M. E. (2021). The use of interactive teaching methods in mathematics. Theory and Practice of Modern Science, 2(68), 68-70.
Solving problems using the graphical method [Electronic resource]. Available at: https://mathcourse.ru/wp-content/uploads/2022/07/resh-graficheskij-sposob.pdf
Khokhlova, K. E., & Frundin, V. N. (2018). Application of active and interactive teaching methods in the study of trigonometry in high school specialized classes. Sciences of Europe, 28-4(28), 52-55.
Glebova, M. V. (2022). Formation of professional competence of future mathematics teachers through the study of solutions to trigonometric equations of increased complexity using the estimation method. Current Problems of Methods of Teaching Computer Science and Mathematics in Modern School, 535-539.
Ageeva, L. B., & Tatarnikova, O. N. (2014). Formation of mathematical culture among students by means of mathematical information processing. Fundamental Sciences and Education, 290-292.
Kruglikov, V. N. (1998). Active learning in a technical university: theory, technology, practice.
Lemyasova, Yu., et al. (2023). Interactive means of educational significance in the study of selecting roots of trigonometric equations. Technopark of Universal Pedagogical Competencies, 186-189.
Korneeva, L. (2004). Interactive teaching methods. Higher Education in Russia, 12, 105-108.
Amzebek, A. A. (2022). Algebra problem book. Almaty: Muqaba, 800 p.