АЛГЕБРА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Main Article Content
Аңдатпа
Алгебра – логикалық және абстрактілі ойлауды қажет ететін күрделі пәндердің бірі. Алайда оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі кей жағдайда төмен деңгейде болады. Осыған байланысты оқыту барысында оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл мақалада алгебра сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдістер қарастырылған. Мақсат – оқу белсенділігін, өздігінен білім алу және ойлау қабілеттерін арттыру. Зерттеу алғышарты – оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру, оқу мотивациясын арттыру және пәнге деген қызығушылықты ояту қажеттілігі. Зерттеу аясында педагогикалық бақылау, сауалнама, интервью, құжаттарды талдау, педагогикалық эксперимент, тестілеу және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігі мен жетістіктері жан-жақты сарапталды. Зерттеу нәтижесінде peer tutoring, scaffolding әдістерінің тиімділігі анықталды. Тәжірибелік топтағы оқушылардың 83%-ы пәнге қызығушылығы артқанын көрсетті, тест нәтижелері бойынша жетістік деңгейі 15%-ға дейін өсті. Оқушылардың метатанымдық қабілеттері мен өздігінен әрекет ету дағдылары қалыптасып, мұғаліммен кері байланыс сапасы жақсарды. Бұл тәсілдер математикалық ойлауды дамытуға, тапсырмаларды талдауға және дәлелдеуге оң ықпал ететіні айқындалды. Ғылыми зерттеу нәтижелері болашақта алгебраны оқытуда белсенді әдістерді қолдануға, оқу іс-әрекетін дербестендіру мен саралауға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде кеңінен қолданылуы мүмкін.
Article Details
##submission.citations##
Kieran, C. The Learning and Teaching of Algebra / C. Kieran // Handbook of Research on the Psychology of Mathematics Education. — 2006. — P. 11–50.
Kaput, J.J. Teaching and Learning a New Algebra with Understanding / J.J. Kaput. — Dartmouth, MA: National Center for Improving Student Learning and Achievement in Mathematics and Science, 2000. — 34 p.
Hiltrimartin, C., Hartono, Y., Indaryanti, I. Development of Student Activities in Algebra Based on Problem Solving in Middle School / C. Hiltrimartin et al. // Proceedings of the 2nd National Conference on Mathematics Education (NaCoME 2021). — 2022. — Vol. 656. — P. 47–54.
Abdullah, A.H., Abdurrahman, M.S., Osman, S. Design and Development of Linear Algebra Peer Tutoring Strategy to Develop Students’ Mathematical Thinking Processes / A.H. Abdullah et al. // Universal Journal of Educational Research. — 2020. — Vol. 8(8). — P. 3592–3607.
Әбілқасымова А.Е., Мусина А.К. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 236 б.
Пойа, Д. Есеп шығару өнері / Д. Пойа ; ауд. А. Әбілқасымова. — Алматы: Мектеп, 1975. — 272 б.
Выготский, Л.С. Оқыту мен дамудың өзара қатынасы / Л.С. Выготский // Таңдамалы психологиялық еңбектер. — Алматы: Рауан, 1996. — 250 б.
Пиаже, Ж. Баланың ақыл-ойының дамуы / Ж. Пиаже. — Алматы: Қазақ университеті, 2002. — 304 б.
Занков, Л.В. Дамыта оқыту негіздері / Л.В. Занков. — Москва: Просвещение, 1991. — 144 с.
Гальперин, П.Я. Оқытудың психологиялық негіздері / П.Я. Гальперин. — Москва: Педагогика, 1985. — 256 с.
Zwaneveld, G. Boekbespreking: The Learning and Teaching of Algebra / G. Zwaneveld // Euclides. — 2018. — Vol. 93, No. 7. — P. 29–30.
Министерство образования и науки РК. Государственный общеобязательный стандарт среднего образования. — Астана, 2022.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. — Астана: Әділет, 2007.
OECD (2020). The Future of Education and Skills: Education 2030. OECD Publishing.
Swan, M. Collaborative Learning in Mathematics. – National Research and Development Centre, UK, 2005.