STEM НЕГІЗІНДЕГІ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНА ӘСЕРІ

Main Article Content

Айна Кубайдуллаевна Изтлеуова

Аңдатпа

Бұл мақалада химия сабақтарында STEM технологиясын қолданудың білім алушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларына әсері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар олардың зерттеу жүргізу, мәселені талдау, дәлелдеу және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту маңызды болып табылады. Осы тұрғыда STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) тәсілі пәндер арасындағы интеграцияны жүзеге асырып, білім алушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында химия пәнінде STEM элементтері енгізілген сабақтар ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік әрекеті мен сыни ойлау дағдыларының қалыптасу деңгейі бақылау және эксперименттік топтар арқылы салыстырмалы түрде талданды. Сабақ барысында практикалық тапсырмалар, тәжірибелер, жобалық жұмыстар және проблемалық жағдаяттар қолданылды. Нәтижесінде STEM негізіндегі оқыту білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және ғылыми негізде ой қорыту қабілетін қалыптастыруға оң әсер ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері химия пәнін оқытуда STEM технологиясын тиімді пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Republic of Kazakhstan, Ministry of Education and Science. Strategies for the Development of STEM Education. Astana: MES, 2021.

Methodological Recommendations for Implementing STEM Education. — Astana: Y. Altynsarin National Academy of Education, 2017. — 160 p.

Nazarbayev Intellectual Schools. STEM Education Methodologies. https://www.nis.edu.kz/

Applied Research. STEM Education in Kazakhstan: Current Status and Development Prospects. (Research conducted with the support of Chevron within the “Caravan of Knowledge” project). /Authors: N. Imangaliyev, D. Sagadatova, M. Omasheva, G. Khairieva, D. Turdaly, N. Karimova, E. Akkisev. Caravan of Knowledge.—2020.—133 p.

Kazbekova, G.N., Ismagulova, Zh.S. Formation of an Innovative STEM Educational Approach // Bulletin of Yassawi University.–2022.–№3(125). –pp.200–210. https://doi.org/10.47526/2022-3/2664-0686

T. Kelley, J. Knowles. A Conceptual Framework for Integrated STEM Education // Journal of STEM Education, 2016, №17(1).

R. Ennis. Critical Thinking Across the Curriculum: A Vision // Topoi, 2011, №30(1), pp.165–184.

Ananda, R. et al. Improving Students’ Critical Thinking Skills through STEM-Based Learning // Journal of Technology and Science Education, 2021.

Ijirana et al. Project-Based STEM Learning to Enhance Critical Thinking in Chemistry // JOTSE, 2022.

Sanders, M. STEM, STEM Education, STEMmania // The Technology Teacher, 2009.