АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ (10-11 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН)
Main Article Content
Аңдатпа
Бұл мақалада 10 - 11-сынып оқушыларына академиялық жазылымды үйретудің әдістемесі қарастырылады. Жазу – адамның ойлары мен пікірлерін жазбаша түрде жеткізу әрекеті, ал жазылым дағдысы – бұл ойларды жүйелі, дәлелді және ғылыми талаптарға сәйкес ұсыну қабілеті екендігі айқындалып, оның ішінде академиялық жазылымға тоқталады. Академиялық жазылым – бұл тек жазбаша сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау, ақпаратты талдау және ғылыми стильде жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында академиялық жазылымның негізгі талаптары мен ерекшеліктері талданып, жазылым дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылған. Академиялық эссе жазу, аргументті түрде дәлел келтіру, ғылыми стильді қолдану сияқты негізгі бағыттар бойынша жазба тапсырмалары оқушыларға жүйелі түрде ұсынылған. Мақалада зерттеу әдісі ретінде сауалнама жүргізіліп, оқушылардың академиялық жазылым дағдыларының деңгейі анықталған. Жұмыс барысында қолданылған әдістердің жазылым мәдениетін қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал еткені көрсетілген. Зерттеу нәтижелері академиялық жазылымды оқыту арқылы оқушылардың тілдік, аналитикалық және шығармашылық дағдыларының дамитындығын дәлелдейді, сонымен қатар оларды сыни тұрғыдан ойлауға, ғылыми ақпаратты терең түсінуге және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізуге дағдыландырады.
Article Details
##submission.citations##
Оразәлі М., Білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылық. ОҚМПУ хабаршысы, 2020 жыл.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767
Динаева Б.Б., Сапина С.М., Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. Оқу құралы. 2020 жыл, 7-бет
Академиялық мәтін жазу шеберханасы. Астана: Қазақстандық қоғамдық даму институты, 2024. 13-бет.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767
Chris sowton. 50 steps to improving your academic writing. Study book.
Күзекова З.С. Академиялық жазу. Оқу құралы.- Алматы:2025.- 248 бет
Манкишева А.М. Жазылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары. Оқу бағдарламасы. Орал, 2024. 4-бет