ТРИГОНОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДА ВИЗУАЛДЫ ЖӘНЕ ВЕРБАЛДЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Main Article Content
Аңдатпа
Бұл мақалада тригонометрияны оқыту барысында оқушылардың формулаларды есте сақтау және оларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту мақсатында визуалды және вербалды мнемотехниканы біріктіру жолдары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен ақпарат көлемінің ұлғаюы математикалық ұғымдарды меңгеруді қиындата түсуде. Осыған байланысты мнемотехника әдістерін қолдану оқыту процесін жеңілдетудің тиімді құралы ретінде ұсынылады. Зерттеу барысында тригонометрия тақырыбына тән күрделі формулаларды (қосу, азайту, қос бұрыш, жарты бұрыш формулалары және т.б.) есте сақтауға арналған көрнекі (визуалды) және сөздік (вербалды) тәсілдердің психологиялық және әдістемелік негіздері талданды. Мысалы, визуалды мнемотехника арқылы тригонометриялық шеңбер мен «қол ережесі» пайдаланылса, вербалды тәсіл ретінде рифмалық өлеңдер мен акростихтер ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде визуалды және вербалды мнемотехниканы біріктіру оқушылардың есте сақтау жылдамдығын арттырып, формулаларды шатастыру деңгейін азайтатыны және пәнге деген қызығушылығын күшейтетіні анықталды. Мақалада мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар мен цифрлық құралдар ЖИ көмегі арқылы мнемотехниканы сабақта қолдану тәсілдері келтірілген.
Article Details
##submission.citations##
Paivio A. Dual Coding Theory and Education. – New York: Academic Press, 1986.
Atkinson R. C., Shiffrin R. M. Human Memory: A Proposed System and its Control Processes // Psychology of Learning and Motivation. – 1968. – Vol. 2. – P. 89–195.
Buzan T. Use Your Memory. – London: BBC Books, 2006.
Sweller J. Cognitive Load Theory // Educational Psychology Review. – 1988. – Vol. 1, No. 2. – P. 257–285.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2020.
Математиканы оқыту әдістемесі: оқу құралы. – Алматы: Білім, 2018.
Педагогика: оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған ... – Алматы, 2017.
Ebbinghaus H. Memory: A Contribution to Experimental Psychology. – 1885.