ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА КӨРСЕТКІШТІК ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНА ТАЛДАУ
Main Article Content
Аңдатпа
Мақалада жалпы орта білім беру деңгейінің 10–11-сыныптарында «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқыту мазмұнына талдау жасалған. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері қарастырылып, 11-сыныптағы көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелерін оқыту мазмұны салыстырмалы түрде талданған. Зерттеу барысында екі бағыттағы білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар және қалыптастырылатын біліктер мен дағдылар айқындалған. Сонымен қатар, оқулықтардың мазмұндық ерекшеліктері қарастырылып, көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелерін оқытуда қолданылатын әдістер мен тапсырмалар жүйесіне талдау жасалған. Зерттеу нәтижелері көрсеткіштік теңдеулерді оқытудың мазмұны мен деңгейлік тапсырмалары оқушылардың логикалық және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Article Details
##submission.citations##
On Amendments to the Order of the Minister of Education of the Republic of Kazakhstan No. 399 dated September 16, 2022 “On Approval of Model Curricula for General Education Subjects and Elective Courses for Primary, Lower Secondary and Upper Secondary Education”: Order of the Minister of Education of the Republic of Kazakhstan No. 328 dated October 31, 2023.
Model Curriculum for the Subject “Algebra and the Foundations of Analysis” for Grades 10–11 of Upper Secondary Education (Natural-Mathematical Track).
Model Curriculum for the Subject “Algebra and the Foundations of Analysis” for Grades 10–11 of Upper Secondary Education (Social-Humanitarian Track).
Abilkasymova, A. E., Korchevsky, V. E., & Zhumagulova, Z. A. (2019). Algebra and the Foundations of Analysis: Electronic Textbook for Grade 11 of General Secondary Schools (Natural-Mathematical Track). Almaty: Mektep. 254 p.
Abilkasymova, A. E., Kucher, T. P., Korchevsky, V. E., & Zhumagulova, Z. A. (2019). Algebra and the Foundations of Analysis: Textbook for Grade 11 of General Secondary Schools (Social-Humanitarian Track). Almaty: Mektep. 168 p.