ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА МАТЕМАТИКАДАН МНЕМОТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Main Article Content
Аңдатпа
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық үдерісінде математика бойынша оқушылардың логикалық ойлауы, математикалық ақпараттарды, формулаларды және анықтамаларды есте сақтау қиындықтары жиі байқалады. Сонымен қатар, оқушылардың басым бөлігі өзінің бейінді пәні ретінде математиканы таңдайды. Соңғы статистика бойынша оқушы, яғни 201 мың оқушы тест тапсырып, оның 73,6 мың оқушысы математика пәнін бейінді пән ретінде таңдаған. 20 мыңға жуық оқушы 50-64 балл арасында алған. Бұл дегеніміз, оқушылар ақпарат көлемінің көптігі мен формулаларды есте сақтаудың қиындығынан оқу материалын толық меңгере алмайды дегеннің бір көрінісі. Осы мәселені шешудің тиімді тетігі ретінде математика пәні бойынша мнемотехникалық әдістерді қолдану ұсынылады. Мнемотехника – ақпаратты жүйелеу және ассоциациялар, бейнелер, рифмалар арқылы есте сақтауды жеңілдететін тәсілдер жиынтығы. Бұл әдістер оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, ақпаратты ұзақ мерзімге есте сақтауына, логикалық байланыстар орнатуына және тест тапсырмаларын орындау сапасын жақсартуына ықпал етеді. ҰБТ спецификациясындағы күрделі математикалық тақырыптарды меңгеру барысында мнемоникалық амалдарды пайдалану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, қысқа мерзімде білім нәтижесін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Математика пәнінің мазмұнының абстрактілігі мен формулалардың көптігі жағдайында мнемотехникалық амалдар оқу материалын тиімді меңгеруге, ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға және тест тапсырмаларын орындау сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл мақаланың ішінде мнеотехникалық амалдардың түрлері мен қолданыстарын, сонымен қатар артықшылығы мен кемшілігі жазылған.
Article Details
##submission.citations##
Permiakova, M. Yu., & Uvarova, M. D. (2024). Mnemonicheskie pravila v matematike [Mnemonic rules in mathematics]. Uchenye zapiski Shadrinskogo gosudarstvennogo pedagogicheskogo universiteta, 2(4). (In Russian)
Luria, A. R. (1994). Malen’kaya knizhka o bol’shoy pamyati [A little book about great memory]. Moscow: Eidos. (In Russian)
Kuzmenyuk, N. S. (2024). Mnemotekhnicheskie priyomy na urokakh matematiki v pomoshch’ slabouspevayushchemu ucheniku [Mnemonic techniques in mathematics lessons to support low-achieving students]. Obraz deystviya, Special issue. (In Russian)
Yakovlev, K. Yu., & Popova, A. M. (2023). Priemy mnemotekhniki v obuchenii trigonometrii [Mnemonic techniques in teaching trigonometry]. Prepodavanie predmetov fiziko-matematicheskogo tsikla. Yakutsk. (In Russian)
Nazmutdinova, G. M. (2018). Metody izucheniya i priyomy razvitiya pamyati na urokakh matematiki [Methods of studying and developing memory in mathematics lessons]. Kazan: KFU. (In Russian)
Belenkova, I. V., & Shumkova, V. M. (2022). Osobennosti primeneniya tekhnologii mnemotekhniki dlya sozdaniya elektronnogo obrazovatel’nogo resursa po matematike [Features of using mnemonic technology in creating electronic educational resources in mathematics]. Nauka i perspektivy, 1. (In Russian)
Vygotsky, L. S. (2005). Myshlenie i rech’ [Thinking and speech]. Moscow: Labirint. (In Russian)
Leontiev, A. N. (1977). Deyatel’nost’. Soznanie. Lichnost’ [Activity. Consciousness. Personality]. Moscow: Politizdat. (In Russian)
Shatalov, V. F. (1987). Tochka opory [Point of support]. Moscow: Pedagogika. (In Russian)
Atkinson, R. C., & Shiffrin, R. M. (1968). Human memory: A proposed system and its control processes. Psychology of Learning and Motivation, 2, 89–195.