ЖЕКЕ АКТЕР ТЕАТРЫНЫҢ БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСІ

Main Article Content

Е. Төлеген
Л. Дильмурат

Аңдатпа

Мақалада жеке актер театры театралдық ұйымның ерекше формасы ретінде қарастырылып, онда жеке көркемдік ой-толғам мен басқарудың өзіндік тетіктері ұштасады. Зерттеудің өзектілігі мәдени саясаттың трансформациясы мен креативті индустриялардың дамуы жағдайында сахналық өнердің шағын және тәуелсіз формаларына қызығушылықтың артуымен, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде жеке актер театрының басқарушылық аспектісінің жеткілікті деңгейде зерттелмеуімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты - Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының тәжірибесі негізінде жеке актер театрының басқару модельдерін әлемдік және қазақстандық контексте салыстырмалы талдау. Эмпирикалық база ретінде Spalding Gray Performance Group (АҚШ) және «Бенефис» жеке актер театрының (Қазақстан) қызметі қарастырылды. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы талдау, кейс-стади әдісі, құрылымдық-функционалдық және мәдениеттанулық тәсілдер құрайды. Зерттеу нәтижесінде жеке актер театрының американдық моделі басқарушылық автономияның жоғары деңгейімен, жобалық ұйымдастыру қағидатымен және өзін-өзі продюсерлеудің нарықтық тетіктеріне бағдарлануымен сипатталатыны анықталды. Қазақстандық модель гибридтік сипатқа ие болып, мемлекеттік мәдениет жүйесіне институционалдық тәуелділік жағдайында қалыптасады, бұл театрдың ұйымдастырушылық құрылымына, қаржыландыру көздеріне және даму стратегияларына әсер етеді. Салыстырмалы талдау жеке актер театрын басқарудың әмбебап және контекстке тәуелді ерекшеліктерін айқындауға, сондай-ақ актер тұлғасының көркемдік және басқарушылық үдерістің негізгі субъектісі ретіндегі шешуші рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Brook, P. The Empty Space. Translated from English. Moscow: Progress, 1976. 240 p.

Schechner, R. Performance: An Introduction. Translated from English. Moscow: Ad Marginem Press, 2018. 312 p.

Drucker, P. Effective Management: Economic Tasks and Optimal Solutions. Translated from English. Moscow: Williams, 2008. 288 p.

Kagan, M. S. Morphology of Art. Leningrad: Iskusstvo, 1972. 440 p.

Carlson, M. Performance: A Critical Introduction. 2nd ed. New York: Routledge, 2004. 286 p.

Towse, R. A Textbook of Cultural Economics. Cambridge: Cambridge University Press, 2010. 588 p.

Gray, S. Monster in a Box: The Stories of Spalding Gray. New York: Vintage Books, 1992. 304 p.

Cultural Policy of the Republic of Kazakhstan: Concept and Practice: Collected Scientific Papers. Almaty: Kazakh National University of Arts, 2019. 198 p.

Nurgalieva, G. K. Contemporary Theatre Processes in Kazakhstan: Development Problems and Prospects. Bulletin of KazNUI, 2020, No. 2, pp. 45–52.

«Benefis» Theatre: Official website. Available at: http://benefis-theatre.kz .

Mangset, P. Cultural Policy and Entrepreneurship in the Creative Industries. International Journal of Cultural Policy, 2018, Vol. 24, No. 4, pp. 471–485.

Bennett, S. Theatre Audiences: A Theory of Production and Reception. London: Routledge, 1997. 248 p.