«Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы https://qazaqjournal.kz/qjys
«QAZAQ JOURNAL OF YOUNG SCIENTIST» халықаралық ғылыми журналы - жас ғалымдардың өзіндік зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын ашық типті көп пәндік сарапталынатын ғылыми журнал.

Журналға студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің жас оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, ғылыми ұйымдардың жас ғылыми қызметкерлерінің мақалалары қабылданады.

Журнал 2022 жылдан бастап, ай сайын шығады.

Журнал электронды форматта ресми сайтта жарияланады.
kk-KZ Tue, 15 Jul 2025 22:06:28 +0500 OJS 3.3.0.12 http://blogs.law.harvard.edu/tech/rss 60 ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/325
Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының шет тілдерін оқыту саласындағы ықпалы мен мүмкіндіктері жан-жақты талданады. ЖИ оқытуды жекелендіріп, оқушының когнитивті ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделген жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушыларға нақты әрі жылдам кері байланыс ұсынып, олардың танымдық белсенділігін арттырады. ЖИ құралдары мұғалімнің уақытын үнемдеп, статистикалық талдау жүргізіп, тапсырмаларды автоматты түрде іріктей отырып, ұстазға шығармашылық және тұлғалық байланыс орнату мүмкіндігін кеңейтеді. Мақалада әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірнеше тиімді ЖИ платформалары мысал ретінде келтіріліп, олардың тіл үйрену үдерісіндегі орны мен маңыздылығы сарапталады. Бұл технологиялар білім беруді тек мазмұндық емес, философиялық тұрғыдан да өзгертіп, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті жаңаша сипаттайды.

Айя Дауренбековна Есенова ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/325 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500 АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕГІ КЕДЕРГІЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/326
Бұл мақалада ағылшын тілін меңгеру барысында кездесетін негізгі кедергілер және оларды жеңудің тиімді жолдары қарастырылады. Үштілділік саясаты аясында елімізде ағылшын тіліне деген сұраныс артып келеді, алайда тіл үйрену барысында оқушылар психологиялық, тілдік, әдістемелік және әлеуметтік кедергілерге тап болады. Мақалада осы қиындықтардың табиғаты талданып, оларды шешуге бағытталған мотивацияны арттыру, заманауи цифрлық платформаларды пайдалану, жеке тәсіл қолдану, мұғалім мен ата-ананың қолдауын күшейту сынды ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері тілді үйрену үдерісін жеңілдету үшін кешенді және оқушыға бейімделген әдістерді қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Материал мұғалімдерге, білім беру ұйымдарына және ата-аналарға пайдалы бола алады.
Дарина Мурадовна Дюсембаева ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/326 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЛАМАЛЫЛЫҒЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/327
Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің баламалылығы мәселесі қарастырылады. Екі тілдің тұрақты тіркестері мен бейнелі сөз өрнектері арқылы көрінетін ұлттық дүниетаным ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Автор мақал-мәтелдердің мазмұндық, құрылымдық және мәдени аспектілерін саралай отырып, балама табудағы негізгі қиындықтар мен аударма тәсілдеріне назар аударады. Зерттеу барысында ағылшын және қазақ тілдерінен алынған нақты мысалдар келтіріліп, олардың мағыналық сәйкестігі мен қолдану ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Мақаланың мақсаты – екі түрлі тіл мен мәдениеттегі мақал-мәтелдердің баламалы қолданысын анықтау арқылы олардың аудармадағы тиімді жолдарын ұсыну.
Гулжамила Саматқызы Мақсотова ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/327 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500 ӘДІЛ ЖӘНЕ ТИІМДІ ТРАНЗИТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/328
Көлік саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер әділдік, орнықтылық және тиімділік қағидаттарын ұштастыратын транзиттік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Әр түрлі елдердің тәжірибесі мультимодальды тасымалдарды табысты дамыту цифрландыруды, осал топтардың қажеттіліктерін ескеруді және стратегиялық жоспарлауды қамтитын кешенді тәсіл арқылы мүмкін екенін көрсетеді. АҚШ, Қытай, Беларусь, Ресей және Қазақстан елдеріндегі транзиттік әлеуетті дамыту тәсілдері назарға алынады. Әсіресе, көлік қызметтеріне тең қолжетімділік мәселелеріне және үздік халықаралық тәжірибелерді Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктеріне баса назар аударылады.
Аслан Нурланович Тулемисов ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/328 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/329
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу мен қабылдау талаптарының қазіргі жай-күйі жан-жақты сараланып, жүйеде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мен цифрландыру шараларына қарамастан, мемлекеттік қызметке қабылдау процесінде ашықтықтың жеткіліксіздігі, аймақтық теңсіздік, сұхбат кезеңіндегі субъективті бағалау, сондай-ақ жастардың бұл салаға қызығушылығының төмендігі сияқты проблемалар сақталып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік кадр саясатына бағытталған реформалардың іске асуы өз нәтижесін толық бермей келеді. Мақалада ұлттық заңнамаға, ресми статистикалық деректерге және ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, аталған кемшіліктердің себептері жүйелі түрде талданады. Сондай-ақ Канада, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания елдерінің мемлекеттік қызметке кадр іріктеу тәжірибесіне салыстырмалы шолу жасалып, Қазақстан жағдайына бейімдеуге болатын тиімді модельдер ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде әділеттілік пен тиімділікті арттыру мақсатында цифрлық ашықтық құралдарын енгізу, құрылымдалған сұхбат тәсілдерін қолдану бағыттары ұсынылады. Бұл бастамалар кәсіби, әділ әрі меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік аппарат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Индира Юрьевна Бельская ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/329 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500 ЭЛЕКТРОИМПУЛЬСНАЯ ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАБОТКА КИМБЕРЛИТОВОЙ РУДЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/330
Бұл мақала табиғи және техногендік шикізатты өңдеудің
электроимпульстік технологиясын жобалап, жасауға арналды. Кенді
ұнтақтаудың ұсынылып отырған әдісі сұйықтағы ұшқынды электр разряды нәтижесінде пайда болатын импульсті соққы толқынының энергиясын қолдануға негізделген. Жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері бөлшектеу мен ұнтақтаудың аталмыш әдісінің тиімді, үнемді, экологиялық таза, кез келген технологиялық тізбекке қолайлы екендігін көрсетті. Технологияның маңыздылығы мен ерекшелігі электрогидравликалық әсер кезінде бөлінетін қысымның энергиясын қолдану арқылы кенді және техногендік шикізатты өңдеу қысқа мерзімде ұнтақталған, қоспалардан ажыратылған, байытудың келесі сатысына пайдалануға арналған қажетті іріліктегі өнімді алуға негізделген.
Муратова Айзада Канатовна ##submission.copyrightStatement## https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/330 Tue, 15 Jul 2025 00:00:00 +0500