«Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы https://qazaqjournal.kz/qjys
«QAZAQ JOURNAL OF YOUNG SCIENTIST» халықаралық ғылыми журналы - жас ғалымдардың өзіндік зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын ашық типті көп пәндік сарапталынатын ғылыми журнал.
Журналға студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің жас оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, ғылыми ұйымдардың жас ғылыми қызметкерлерінің мақалалары қабылданады.
Журнал 2022 жылдан бастап, ай сайын шығады.
Журнал электронды форматта ресми сайтта жарияланады.
Индивидуальный предприниматель «Мариям» kk-KZ «Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы 2959-1279 ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘМБЕБАП ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/700
Мақалада физика пәнін оқыту барысында VASCAK платформасындағы виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану арқылы оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін дамыту мәселелері қарастырылады. Виртуалды зертханалардың оқушылардың танымдық белсенділігін, зерттеушілік қабілеттерін және цифрлық сауаттылығын дамытудағы рөлі сипатталды. Сонымен қатар VASCAK платформасында дайын әдістемелік тапсырмалардың болмауына байланысты виртуалды зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Әзірленген тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, салыстыру, қорытынды шығару және өзіндік зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Гульбану Омерзаковна Рахишева ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 6 12 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕП ШЫҒАРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯНЫҢ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/701
Бұл мақалада оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың тиімді құралы ретінде визуализация әдісінің педагогикалық және когнитивтік мүмкіндіктері кешенді түрде қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде есеп шығару тек алгоритмді орындау емес, логикалық ойлау, кеңістіктік елестету және абстрактілі ұғымдарды саналы түрде түсіну үдерісі ретінде бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда визуализация әдістері оқу материалын қабылдауды жеңілдетіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мақалада визуализацияның есеп шығару үдерісіндегі орны, оның логикалық-математикалық және кеңістіктік ойлауды дамытуға әсері, сондай-ақ оқу жетістіктеріне ықпалы ғылыми еңбектер негізінде талданады. Әдебиеттерге жүргізілген шолу визуализацияға негізделген оқыту стратегияларының есеп шығару тиімділігін арттыратынын көрсетеді. Сонымен қатар мақалада визуализацияны жүйелі қолданудың оқу нәтижелерін жақсартудағы практикалық маңызы айқындалады.
Жасұлан Бақытжанұлы Мыңжасаров ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 13 21 КАФЕДРА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖОО-ЛАРДА ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҮЛЕСІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/702
Бұл мақалада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің математика кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының мектептер мен жоғары оқу орындарында геометрияны оқыту әдістемесін жетілдірудегі ғылыми-педагогикалық үлесі қарастырылады. Зерттеу аясында кафедраның геометрия бағытында ұзақ жылдар еңбек еткен көрнекті оқытушылары – Ж.Қ. Қайдасов, Д.И. Хан, Қ.Н. Ниязмағамбетов және Қ.Ж. Жұбаевтың педагогикалық қызметі мен ғылыми-әдістемелік мұрасы талданды. Мақалада аталған ғалымдардың геометрияны оқытудағы әдістемелік ұстанымдары, мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықты қалыптастырудағы рөлі, болашақ мұғалімдерді даярлауға қосқан үлесі және олардың еңбектерінің қазіргі математикалық білім сапасына ықпалы сипатталады. Зерттеу нәтижелері кафедра профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық тәжірибесі мен ғылыми мұрасы геометрияны оқыту сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Төрегелді Жеткізгенұлы Шиязбаев Әлсейіт Ерерұлы Ғалымжан ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 22 30 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҮЙ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/704
Қазіргі оқу бағдарламалары аясында жүргізілетін оқыту үдерісін талдау нәтижесінде, тек  теориялық негізде білім беру оқушылардың кең ауқымды, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін толық дамытуға жеткіліксіз екені анықталды. Осыған байланысты, әлемдік білім беру жүйелерінің озық тәжірибелерін негізге ала отырып, ұлттық оқу бағдарламаларына сәйкес келетін заманауи оқыту технологиялары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану қажеттілігі туындады. Аталған технологиялар жоспарлы түрде кіріктіріліп, оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізілуде. Менің бұл мақаламда химияны оқыту үдерісінде үй эксперименттерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі жан-жақты қарастырдым. Үй жағдайында орындалатын тәжірибелердің оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ғылыми ойлау дағдыларын дамытуға және теориялық білімді практикамен ұштастыруға ықпалы талданады. Сонымен қатар, үй жағдайында жүргізілетін эксперименттердің оқушыларды дербес зерттеу әрекетіне тартудағы тиімділігі мен олардың оқу мотивациясын арттырудағы мүмкіндіктері жан-жақты сипатталады. Зерттеу нәтижесінде, үй эксперименттері химияны оқытуда оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыратын маңызды педагогикалық құрал ретінде ғылыми тұрғыда негізделеді.
Айдана Рүстемқызы Мұханбетсали ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 31 39 ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ, ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ МОТИВАЦИЯ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/705
Оқыту сапасы – бұл оқытушылар, студенттер, оқу бағдарламасы, оқу материалдары, медиа, инфрақұрылым және оқыту жүйесі арасындағы жүйелік байланыстар мен синергияның қарқындылығы, ол оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес оңтайлы оқу процестері мен нәтижелерін қамтамасыз етеді. Дискретті математиканы оқыту сапасын арттыру – білім беру мақсаттарына қол жеткізумен байланысты маңызды элемент, әсіресе педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін. Әртүрлі білім беру даму есептері мен практикалық байқаулардан университет деңгейінде дискретті математиканы оқыту сапасы күтілгендей емес екені белгілі. Сондықтан оқыту сапасын арттыруға байланысты айнымалылар туралы ақпарат алу үшін зерттеу қажет. Бұл зерттеудің мақсаты – педагогикалық құзыреттілік, жобалық оқытудың (PBL) тиімділігі, цифрлық құзыреттілік, когнитивті мотивация және оқыту сапасы айнымалыларының әсерін зерттей отырып, дискретті математиканы оқыту сапасын арттыру стратегиялары мен жолдарын ұсыну.
Жанерке Ермекбайқызы Сейтмагамбетова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 40 45 STEAM БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӨНЕРДІҢ МАҢЫЗЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/706
Бұл мақала STEAM тәсілі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы кіріктіре отырып оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл тәсіл арқылы өнерді оқу прцесіне тиімді әрі қызықты жолмен енгізуге болады. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашыл ойлау қабілттерін арттырады. STEAM жүйесінде өнерді қолдану оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға, жобалық жұмыс дағдыларын дамытуға және білімді тәжірбиемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді. Қазақстандағы STEAM.kz платформаларына салған видео-сабақтарының нәтижесі өнердің білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі екенін көрсеткен.
Әсем Оразалықызы Өмірбай ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 46 52 ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/707
Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дүниежүзі тарихы пәнін оқыту процесінде қолданудың әдістемелік негіздері қарастырылады. ЖИ құралдарының білім беру сапасын арттырудағы рөлін талдап, тарих пәнін оқытуда тиімді пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін ұсынады. Сонымен қатар, цифрлық білім беру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы ЖИ мүмкіндіктері сипатталады.
Жәнібек Жаңабайұлы Болатпаев ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 53 57 ФИЗИКА ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ: НАҚТЫ ТӘЖІРИБЕ МЕН ЦИФРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ҮЙЛЕСІМІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/708
Бүгінгі білім беру жүйесінде физика зертханалары екі жолдың тоғысында тұр: дәстүрлі қолмен жасалатын нақты тәжірибе мен цифрлық модельдеу технологиялары. Осы мақалада аталған екі тәсілдің артықшылықтары мен шектеулері талданып, олардың үйлесімді қолданылуы — болашақтың оңтайлы жолы екендігі ғылыми дерекке сүйене дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері нақты тәжірибе мен виртуалды зертхананы бірлестіру жеке тәсілдермен салыстырғанда оқу нәтижелерін айтарлықтай арттыратынын көрсетеді.
Рамазан Нұралыұлы Мутан Мохида Зафарқызы Камалова Диана Дінәсілқызы Досмурат ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 58 62 КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ ОПТИМИЗАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ТУЫНДЫ КӨМЕГІМЕН ШЕШУДІ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/709
Мақалада күнделікті өмірдегі оптимизациялық есептерді туынды көмегімен шешуді оқытудың тиімді жолдары қарастырылады. Оқушылардың математикалық модельдеу, функция құру және экстремум табу дағдыларын дамыту, сондай-ақ практикалық есептер арқылы білімді өмірмен байланыстыру мәселелері талданады.
Әли Нурланұлы ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 63 69 НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН БЕЙНЕСАБАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛІМДІК ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/710
Мақалада негізгі мектепте химияны оқыту барысында жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады, соның ішінде бейнесабақтар арқылы көрсетілімдік эксперименттерді әзірлеуге ерекше назар аударылады. Мақалада бейорганикалық химияны оқытуда жасанды интеллект көмегімен химиялық құрылымдар мен процестердің көрнекі бейнелерін жасау, сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуға және оқу материалын терең меңгеруіне ықпал ететін бейнесабақ форматындағы көрсетілімдік эксперименттерді әзірлеу жолдары ұсынылған. Жасалған визуалды және мәтіндік материалдар презентациялар дайындауда, тапсырмалар құрастыруда және бейнесабақтарды әзірлеуде тиімді қолданылуы мүмкін. Осылайша, химияны оқыту үдерісіне бейнесабақтарды енгізу көрсетілімдік эксперименттерді тиімді ұйымдастыруға және негізгі мектептегі білім беру сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Фариза Бахтиярқызы Алпан ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 70 78 РАДИО-ШОУ ФОРМАТЫНДАҒЫ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМА https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/711
Бұл ғылыми мақалада радио-шоу форматындағы таңғы бағдарламалардың қазіргі медиакеңістіктегі рөлі мен маңызы қарастырылады. Таңғы радио бағдарламаларының даму тарихы, олардың ақпараттық және ойын-сауықтық қызметтері, аудиториямен байланыс орнатудағы ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, радио форматтарының уақыт өте келе технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты эволюциясы сипатталады. Заманауи таңғы радиошоулардың интерактивті мүмкіндіктері мен тыңдарман психологиясына әсері ғылыми тұрғыдан сараланады.
Асылзерде Жұмағалиқызы ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 79 87 МОРМОН ШІРКЕУІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ТАБЫС КӨЗДЕРІ МЕН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚШ КОНТЕКСТІНДЕ) https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/712
Бұл мақалада мормон шіркеуінің (соңғы күн әулиелері шіркеуі) қаржылық жүйесі кешенді түрде қарастырылады. Негізгі назар табыс көздеріне, атап айтқанда ондық (tithing), қайырымдылық жарналары, инвестициялық қорлар және коммерциялық активтерге аударылады. Сонымен қатар, қаржыны басқару құрылымы, оның ішінде орталықтандырылған басқару, құпиялылық деңгейі және есеп беру ерекшеліктері талданады. АҚШ-тағы құқықтық және экономикалық орта мен Қазақстандағы діни ұйымдарға қойылатын талаптардың айырмашылығы арқылы шіркеудің әртүрлі контексте қалай жұмыс істейтіні салыстырмалы түрде талданады. Мақалада шіркеудің қаржылық моделі тек діни институт ретінде ғана емес, сонымен қатар ірі экономикалық субъект ретінде де қарастырылып, оның заманауи қоғамдағы орны мен ықпалына сыни көзқарас беріледі.
Ақерке Адалқызы ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 88 93 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРАҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/713
Бұл зерттеу жұмысында Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың ерекшеліктерін зерттеп, осы әлеуметтік-экономикалық проблеманы жоюға бағытталған мемлекеттік стратегияларды бағалайды.
Райымбек Мауленов ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 94 98 РАДИОЖҮРГІЗУШІНІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/714
Бұл мақалада радиожүргізушінің сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнері, кәсіби шеберлігі талданады. Радио — ақпарат таратудың ең ықпалды құралдарының бірі. Радиожүргізушінің дауыс мәнері, сөзді дұрыс қолдануы, тіл тазалығы мен шешендік қабілеті тыңдарман аудиториясына тікелей әсер етеді. Зерттеудің мақсаты: Радиожүргізушінің сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерінің маңызын айқындау, эфирдегі жүргізушінің сөз саптауының ерекшеліктерін талдап, тыңдарманға әсер етудегі шешендік өнердің маңызын көрсету.  Радиожүргізуші үшін шешендік өнердің маңызы, оны дамыту үшін негізгі бағыттар көрсетіледі. Сонымен қатар радиодағы жүргізушінің қоғамдағы рөлі мен ақпарат таратудағы маңызы айқындалады.
Ақбота Рамазанқызы Сажинова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 99 108 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЖАРНАМАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК МАРКЕРЛЕРДІҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/715
Мақалада ағылшын тіліндегі жарнамалық мәтіндерді орыс тіліне аудару кезінде гендерлік маркерлердің репрезентациясының ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жарнамалық дискурстың жаһандануы және мәдениетаралық коммуникация жағдайында гендерлік аспектілерді ескеру қажеттілігімен негізделеді. Жұмыстың мақсаты – аудару барысында гендерлік маркерлерді жеткізудің негізгі стратегияларын анықтау және олардың жарнамалық хабарламаны қабылдауға әсерін талдау. Зерттеу материалы ретінде L’Oréal, Dior, Nike және Apple сияқты халықаралық компаниялардың жарнамалық мәтіндері алынды. Жұмыста салыстырмалы талдау, сыни дискурс-талдау және семиотикалық тәсіл әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде жарнамалық мәтіндерді аудару кезінде үш негізгі стратегия қолданылатыны анықталды: гендерлік маркерлеуді күшейту, оны бейтараптандыру және гендерлік бейтараптылықты сақтау. Стратегияны таңдау өнім түріне, мақсатты аудиторияға және әлеуметтік-мәдени контекске байланысты анықталады. Аудармашылық шешімдердің жарнамалық хабарламаның прагматикалық әлеуетіне әсеріне ерекше назар аударылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді гендерлік сезімталдық пен мәдени бейімдеу қағидаттарын ескере отырып, жарнамалық мәтіндерді әзірлеу мен локализациялау барысында қолдану мүмкіндігінде көрінеді.
Жангир Шопбаевич Аушайманов ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 109 120 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КИБЕРҚАУІПТЕРДІ АНЫҚТАУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/716
Мақалада ақпараттық жүйелердегі киберқауіптерді анықтауға жасанды интеллект әдістерін қолдану қарастырылады. Жіктеу алгоритмдерін, жүйке желілерін және мінез-құлықты талдауды қоса алғанда, машиналық және терең оқытуға негізделген заманауи тәсілдер талданады. Дәстүрлі және интеллектуалды интрузияны анықтау жүйелерінің тиімділігіне салыстырмалы баға беріледі. Федеративті оқыту мен түсіндіруге болатын ЖИ сияқты перспективалық бағыттар қарастырылады. Ақпараттық қауіпсіздіктің бар инфрақұрылымына ЖИ-шешімдерін интеграциялау бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Р.Р. Кожагулов ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 121 130 АУҒАНСТАНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯҒА КӨШУДІ ІЛГЕРІЛЕТУ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ: ШОЛУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/717
NOORI Halima O. ADETOBA Matthew ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 131 151 ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГЕТИКА ЖОБАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/718
Қырғыз Республикасы жаңартылатын энергетикаға көшу үдерісінде ерекше орын алады: елдің электр энергетикалық жүйесі шамамен тоқсан пайызға жаңартылатын энергия көздеріне негізделгенімен, мұздық суларымен қоректенетін гидроэнергетикаға тәуелділігіне байланысты құрылымдық тұрғыдан осал болып қала береді. Бұл мақалада тәуекелдерді басқарудың негізгі халықаралық стандарттары — ISO 31000:2018, ISO/IEC 31010:2019, IFC қызмет стандарттары, Дүниежүзілік банктің экологиялық және әлеуметтік негіздемелік бағдарламасы, Экватор принциптері (EP4, 2020), сондай-ақ IRENA ұйымының тәуекелдерді төмендету құралдарының жіктемесі — Қырғызстандағы жаңартылатын энергетика жобаларының портфеліне, соның ішінде құны 4,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын үшжақты «Қамбар-Ата-1» гидроэнергетикалық жобасына қолданылды. Мақалада ISO 31010 стандартына сәйкес жылу картасында көрсетілетін тәуекелдердің бес санаты айқындалып, шарттық, қаржылық және институционалдық құралдарды үйлестіретін тәуекелдерді төмендету шараларының кешені ұсынылады.
N.R. Muzafarova N.T. Sailaubekov ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 152 159 ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ АУА РАЙЫ МЕН ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ БОЛЖАУДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/719
Бұл мақалада ауа райы мен табиғи құбылыстарды болжау үдерісінде жасанды интеллект және терең оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі кезеңде климаттың өзгеруі, экстремалды ауа райы жағдайларының жиілеуі, су тасқыны, дауыл, құрғақшылық және басқа да табиғи қауіптердің артуы жоғары дәлдіктегі интеллектуалды болжау жүйелерін әзірлеудің өзектілігін күшейтеді. Зерттеудің мақсаты — климаттық және метеорологиялық деректерді талдау негізінде ауа райын және ықтимал табиғи қауіптерді алдын ала болжауға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйенің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау.
К.А. Мусабекова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 160 168 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ӨСЕТІН VERBASCUM ORIENTALE L. ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕРҮСТІ БӨЛІГІНДЕГІ ФЕНОЛДЫ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/720
Мақала Шығыс Қазақстанның ерекше экологиялық жағдайында өсетін шығыс аюқұлағының (Verbascum orientale L.) жерүсті бөлігіндегі фенолды қосылыстар кешенін салыстырмалы зерттеуге арналған. Сапалық химиялық скрининг және дифференциалды спектрофотометрия әдістері арқылы екіншілік метаболиттердің негізгі топтарының сапалық құрамы мен сандық мөлшері анықталды. Зерттелген үлгілерде флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары және илік заттар идентификацияланды. Сандық профильде флавоноидты фракцияның (1,23) және фенолкарбон қышқылдарының (1,18) басым екендігі анықталды. Алынған нәтижелер Verbascum туысының хеможүйелілігі туралы мәліметтерді толықтырып, V. orientale L. аймақтық популяциясын антиоксиданттық қасиетке ие өсімдік шикізатының перспективалы көзі ретінде пайдалануға негіз болады.
Куралай Галымбековна Райысова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 169 173 ОРТОГОНАЛЬ ҚАТАРДЫҢ АБСОЛЮТТІ РИСС ҚОСЫНДЫЛАНУЫ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/721
Бұл мақалада абсолютті Рисс қосындылануы ортогональ қатарлардың жинақталуын тереңірек сипаттайтын маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл тәсіл қатарлардың орнықтылығын зерттеуде, олардың аналитикалық қасиеттерін анықтауда және әртүрлі функционалдық кеңістіктердегі мінез-құлқын талдауда ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар аталған теория қазіргі таңда спектралдық анализ, дифференциалдық теңдеулер және қолданбалы математика салаларында кеңінен қолданылып келеді.Осы жұмыста ортогональ қатарлардың абсолютті Рисс қосындылануы ұғымының негізгі ерекшеліктері қарастырылып, оның теориялық маңызы мен қолданылу бағыттарына талдау жасалады.
Әлихан Аханұлы Мақсұт ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 174 184 ЭЛЕКТРСТАТИКАЛЫҚ ОСЬТІ-СИММЕТРИЯЛЫ АУЫТҚУШЫ ӨРІСКЕ ИЕ СЕКТОРЛЫҚ ДЕФЛЕКТОРДЫ ӘЗІРЛЕУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/722
Мақалада зарядталған бөлшектер шоғын берілген бұрышқа дәл бұруға арналған электрстатикалық осьті-симметриялы ауытқушы өріске ие секторлық дефлекторды әзірлеудің ғылыми-техникалық негіздері қарастырылады. Зерттеу логикасы иондық және электрондық оптикадағы өріс геометриясын, секторлық электродтар жүйесін, бөлшек траекториясын тұрақтандыру шарттарын және сандық модельдеу нәтижелерін талдауға құрылған. Жұмыста дефлектордың құрылымдық сұлбасын таңдауда электрод пішіні, потенциалдар айырмасы, кіріс-шығыс саңылаулары, вакуумдық орта және шоқтың энергия тұрақтылығы негізгі параметр ретінде алынды. Әдебиеттер талдауы 2022 жылдан кейін жарық көрген қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектеріне сүйенеді. Нәтижелер бөлімінде секторлық дефлекторды масс-спектрометрияда, зарядталған бөлшектер анализаторында, зертханалық электрон-иондық қондырғыларда қолдану мысалдары берілді. Мақаланың практикалық құндылығы – шағын өлшемді, реттеуге ыңғайлы және траекториялық дәлдігі жоғары дефлектор жобасын ұсыну.
Мақсат Жанатұлы Ерболатов ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 185 193 СПОРТТЫҚ САУЫҚТЫРУ ФИТНЕСІ ЖӘНЕ КӘСІБИ МАМАНДАР: БҰЛ САЛАДАҒЫ МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/723
Мақалада спорттық сауықтыру фитнесі саласындағы мамандарға қойылатын талаптар талқыланады.  Бұл салада жұмыс істейтін мамандардың білімі, физикалық дайындығы, психологиялық аспектілері және этикалық нормалары туралы айтылады. Сонымен қатар, мамандардың кәсіби дамуының маңызы мен фитнес индустриясындағы жаңалықтармен танысу қажеттілігі қарастырылады. Спорттық сауықтыру фитнесі мамандарының рөлі мен олардың денсаулық сақтау саласындағы ықпалы туралы қорытынды жасалып, болашақ мамандардың кәсіби дамуының маңыздылығы атап өтілді.
Н.С. Саденов М.Ж. Сыздыкова Н.С. Еримбетов ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 194 198 СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ БЕЙІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (M·A·C COSMETICS МЫСАЛЫНДА) https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/724
Бұл мақалада жаһандану жағдайында сұлулық дискурсының лингвомәдени бейімделу механизмдері зерттеледі. M A C Cosmetics-ті мысал ретінде пайдалана отырып, мақалада брендтің өзіндік ерекшелігін сақтау құралдары ретінде транскреация, отандыққа айналдыру және шетелдікке айналдыру стратегиялары талданады. Инклюзивтілік мәселелері және аударма шешімдерін тексеруде сандық технологияларды пайдалану да қарастырылады.
Даяна Ерланкызы Есжанова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 199 203 ПРЕЦЕДЕНТТІ АЙТЫЛЫМДАР САЯСИ ДИСКУРСТА: АУДАРМА АСПЕКТІСІ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/725
Зерттеу саяси дискурстағы прецедентті айтылымдарды және олардың орыс тіліне аударылу ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Материал ретінде 2018–2026 жылдар аралығындағы Дональд Трамптың жария сөздері мен сұхбаттарынан алынған айтылымдар пайдаланылды. Прецедентті айтылымдардың В. В. Красных бойынша жіктелуі қарастырылады және В. Н. Комиссаровтың тәсілі негізінде аударма трансформациялары талданады. Зерттеу барысында аударманың негізгі стратегиялары анықталып, прецеденттілік типі мен аудармалық шешім таңдау арасындағы тәуелділік белгіленді.
Карина Маратовна Минжасова ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 204 211 КИЕЛІЛІК ПЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҰШТАСТЫРУ: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КИЕЛІ КІТАП БЕЙІМДЕЛІМДЕРІНДЕГІ АУДАРМА СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН АУДИТОРИЯ ҚАБЫЛДАУЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/qjys/article/view/726
Бұл мақалада Інжіл мәтіндерін қазіргі аудиторияға бейімдеудегі аударма стратегиялары мен олардың қабылдану ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу барысында мәтінді жеңілдету, иллюстрациялар мен эмодзилерді қолдану сияқты тәсілдердің балалар мен ересек аудиторияға әсері салыстырмалы түрде талданды. Нәтижесінде қасиетті мәтіндердің мағынасын сақтай отырып, қарапайым әрі көрнекі бейімделген нұсқалардың ең тиімді тәсіл екені анықталды.
Даниял Жанатұлы Ахмет ##submission.copyrightStatement## 2026-05-16 2026-05-16 4 5 212 220