МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫНДА ЦИРКУЛЬ МЕН СЫЗҒЫШТЫҢ КӨМЕГІМЕН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫ ЗЕРТТЕУ
Main Article Content
Аңдатпа
Зерттеу мектеп геометриясының ең күрделі әрі маңызды бөлімі – геометриялық салу есептерін шешу әдістемесін қарастырады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушының логикалық ойлауы мен кеңістіктік қиялын дамыту басты назарда. Дәл осы геометриялық салулар оқушының танымдық қабілетін арттырып, іргелі білімді терең меңгеруіне жол ашады. Салу есептерінің ерекшелігі – олар дайын формулалар мен жаттанды алгоритмдерге емес, оқушының шығармашылық ізденісі мен сыни ойлауына негізделеді. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сызу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын шыңдап, графикалық мәдениетін қалыптастырады, сондай-ақ теориялық теоремалардың практикалық дәлелін өз қолдарымен көреді. Сонымен қатар, зерттеу барысында 7-9 сыныптарға арналған геометрия оқулықтарын талдай отыра, салу есептеріне арналған тапсырмалардың үлгісі аз екенін байқадық. Біздің білуімізше, оқушылар циркуль мен сызғыш арқылы салу есептерін өздігінше түсінуінде көптеген қиындықтар туындайды. Зерттеудің мақсаты – салу есептерін шешудің тиімді әдістерін жүйелеп, олардың тәжірибелік маңызын ашу. Жұмыстың негізгі болжамы бойынша, геометриялық салуларды тереңдетіп оқыту оқушылардың математикалық сауаттылығын айтарлықтай көтереді. Жұмыс барысында дәстүрлі әдістермен қатар, GeoGebra Classic сияқты заманауи цифрлық құралдар қолданылды. Интерактивті ортада есептерді модельдеу оқушыларға салу алгоритмдерін көрнекі түрде түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдеріне геометрия сабақтарында және факультативтік курстарда әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
Article Details
##submission.citations##
Әбілқасымова А.Е. (2014). Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі: дидактикалық-әдістемелік негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Мектеп.
Далингер В.А. (2015) Методика формирования пространственных представлений у учащихся при обучении геометрии: учеб. пособие. Омск: Изд-во ОГПУ
Шыныбеков А.Н., Шыныбеков Д. (2015). 7 сынып геометрия. Алматы: Атамұра.
Смирнов В.А., Тұяқов Е.А. (2019). Геометрия. 10-11 сынып. Алматы: «Мектеп» баспасы.
GeoGebra бағдарламасы: интерактивті математикалық визуализация ресурсы. https://www.geogebra.org .
Готман Э.Г., (1996). Задачи по планиметрии и методы их решения. Мәскеу
Қаниев С., (1993). Математикадан таңдамалы есептер. Алматы