ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА КӨПЖАҚ ҚИМАЛАРЫН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ОҚЫТУДА ҚАТЕЛІКТЕР ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Main Article Content

Г. Әбдікерім

Аңдатпа

Қазіргі заманғы мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды тек пәндік білім, білік және дағдылармен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру, бірлескен жұмыс істеу, өз ойын дәлелді жеткізу және проблемалық жағдайларда шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, математика сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін тиімді қолдану ерекше маңызға ие. Мақалада орта мектептің жоғары сыныптарында геометрия курсының «Көпжақ қималарын салу» тақырыбын оқытудағы оқу-әдістемелік ерекшеліктер қарастырылады. Атап айтқанда, шағын топтарда жұмыс жасау технологиясы және интерактивті оқытудың бір тиімді тәсілі ретінде «қателіктер әдісін» қолданудың мүмкіндіктері талданады. Қате шешімдермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамыту, логикалық пайымдауын жетілдіру және есеп шығару барысында туындайтын қиындықтарды өздігінен анықтап, түзету дағдыларын қалыптастыру жолдары көрсетіледі. Мақалада «Көпжақтардың қималары» тақырыбын меңгертуде шағын топтарда ұйымдастырылған пікірталас, қате шешімдерді талдау және бірлескен рефлексия оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, білімнің терең әрі саналы меңгерілуіне ықпал ететіні негізделеді. Сонымен қатар, геометрия курсын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану мәселесіне қатысты әдістемелік әдебиеттердегі кейбір олқылықтардың орнын толтыруға талпыныс жасалады.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Anuar A. et al. Application of Information Technology Methods in Teaching the Topic “Polyhedra” // Bulletin of Abai Kazakh National Pedagogical University. Series of Physical and Mathematical Sciences. — 2023. — Vol. 82. — No. 2. — Pp. 111–118.

Berikhanova G., Askerkhanov E., Rakhimibiuly N. Peculiarities of the Stereometry Course within the Updated Educational Content // Issues of Technical, Physical and Mathematical Sciences in the Light of Modern Research. — 2022. — Pp. 128–136.

Uteuliyev N.S., Madiyarov N.K. Features and Effectiveness of Using Dynamic Geometry Systems in Teaching Geometry to Future Mathematics Teachers // Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series. — 2022. — Vol. 139. — No. 2. — Pp. 63–74.

Rabinovich B., Tuyakov E., Mikailova K. The Error Method in the Organization of Studying the Topic “The Cross Section of the Polyhedrons” // Bulletin of Abai Kazakh National Pedagogical University. Series of Physical and Mathematical Sciences. — 2021. — Vol. 73. — No. 1. — Pp. 56–61. — DOI: 10.51889/2021-1.1728-7901.07.

Abdikerim G. Problems on Constructing Polyhedron Sections: Types, Content, and Educational-Methodological Aspects // Qazaq Journal of Young Scientist. — 2025. — Vol. 3. — No. 12. — Pp. 152–162.

Steinhaus H. Mathematics: The Mediator Between Spirit and Matter. — Moscow: BINOM. Laboratory of Knowledge, 2014. — 354 p.