«Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы https://qazaqjournal.kz/
«QAZAQ JOURNAL OF YOUNG SCIENTIST» халықаралық ғылыми журналы - жас ғалымдардың өзіндік зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын ашық типті көп пәндік сарапталынатын ғылыми журнал.

Журналға студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, жоғары оқу орындары мен колледждердің жас оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, ғылыми ұйымдардың жас ғылыми қызметкерлерінің мақалалары қабылданады.

Журнал 2022 жылдан бастап, ай сайын шығады.

Журнал электронды форматта ресми сайтта жарияланады.
Индивидуальный предприниматель «Мариям» kk-KZ «Qazaq Journal of Young Scientist» халықаралық ғылыми журналы 2959-1279 МЕКТЕПТЕ АНЫҚТАЛҒАН ИНТЕГРАЛ ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/596
Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептерде анықталған интеграл тақырыбын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінде математиканы оқытуда цифрлық технологияларды тиімді пайдалану қажеттілігімен айқындалады. Осыған байланысты жұмыстың негізгі мақсаты – анықталған интеграл тақырыбын дәстүрлі оқыту әдістері мен цифрлық технологиялар негізінде оқытудың тиімділігін салыстырмалы түрде талдау және олардың оқушылардың оқу жетістіктеріне әсерін анықтау. Зерттеу барысында дәстүрлі оқыту әдістерінің ерекшеліктері, оның ішінде теориялық материалды түсіндіру, есептер шығару және бекіту кезеңдерінің құрылымы сипатталып, олардың артықшылықтары мен шектеулері анықталды. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқытуда интерактивті платформалар, динамикалық модельдеу құралдары және математикалық бағдарламалардың (мысалы, GeoGebra, Maple) мүмкіндіктері қарастырылды. Аталған құралдардың көмегімен анықталған интегралдың геометриялық мағынасы, яғни қисық астындағы аудан ұғымы көрнекі түрде түсіндіріліп, оқушылардың абстрактілі ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететіні көрсетілді. Жұмыста жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижелері цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне, есеп шығару дағдыларының қалыптасуына және пәнге деген қызығушылығының артуына оң әсер ететінін дәлелдейді. Сонымен қатар, цифрлық ортада білім алу оқушылардың өзіндік жұмыс жасау белсенділігін арттырып, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік беретіні анықталды. Қорытындылай келе, анықталған интеграл тақырыбын оқытуда дәстүрлі әдістер мен цифрлық технологияларды үйлестіре қолдану ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсіл білім сапасын арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және заманауи білім беру талаптарына сәйкес келетін құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
А.Қ. Нұрсеитов К.Ж. Назарова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 9 16 10-СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ ҰҒЫМДАРЫН ДИНАМИКАЛЫҚ ОРТАЛАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ https://qazaqjournal.kz/article/view/597
Мақала жоғары сыныптарда математикалық анализ бастамаларын оқыту әдістемесін жаңғыртудың өзекті мәселесіне арналған. 10-сыныпта шектер мен туындыларды оқыту үдерісі дәстүрлі түрде осы ұғымдардың жоғары абстракция деңгейіне байланысты оқушылар үшін қиындықтар туғызады. Жұмыста динамикалық математикалық орта Desmos пен жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының синергиясына негізделген инновациялық тәсіл ұсынылады. Автор «Оқушы – ЖИ – динамикалық орта» атты әдістемелік алгоритмді сипаттайды. Бұл модельде нейрожелі модельдерді құру алгоритмдерін генерациялайтын техникалық көмекші рөлін атқарса, Desmos гипотезаларды визуализациялау және тексеру құралы ретінде қолданылады. Мақалада туындының геометриялық және физикалық мағынасын визуализациялаудың практикалық мысалдары жан-жақты қарастырылған. Ұсынылған тәсіл ақпаратты қосарлы кодтау теориясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, формулаларды механикалық жаттаудан динамикалық үдерістерді терең түсінуге көшуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері оқытудың көрнекілігін арттыру және оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту мақсатында математика мұғалімдерінің тәжірибесіне енгізілуі мүмкін.
Нұркелдіұлы Данияр Сүйеуов ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 17 22 УНИВЕРСИТЕТТЕГІ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ (PHET COLORADO ЖӘНЕ NETLOGO МЫСАЛЫНДА) https://qazaqjournal.kz/article/view/598
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында молекулалық физика курсын оқыту процесінде компьютерлік теориялық модельдеуді қолданудың әдістемелік тиімділігі жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі болашақ физика мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру және олардың микроскопиялық процестер туралы терең тұжырымдамалық түсініктерін қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Негізгі модельдеу құралдары ретінде PhET Colorado және NetLogo білім беру платформалары таңдап алынып, олардың молекулалар қозғалысын, жылдамдықтардың таралуын және термодинамикалық заңдылықтарды визуализациялаудағы әлеуеті талданды. Жұмыс барысында виртуалды эксперименттер мен аналитикалық есептеулерді ұштастыратын авторлық педагогикалық дизайн ұсынылып, оның студенттердің ғылыми ойлауын дамытуға әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері интерактивті модельдерді оқу процесіне интеграциялау физикалық құбылыстарды тереңірек түсінуге, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға септігін тигізетінін көрсетті. Алынған мәліметтер болашақ мамандарды даярлауда цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізудің орындылығын толықтай растайды.
Баян Әлихан Толқынұлы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 23 28 МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ "ЕСЕПТЕУ-ВЕРИФИКАЦИЯ" ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ: PHET ЖӘНЕ NETLOGO ОРТАЛАРЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАЛДАУ https://qazaqjournal.kz/article/view/599
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында молекулалық физика курсын оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған авторлық «есептеу-верификация» әдістемесін практикалық апробациялау нәтижелері жан-жақты баяндалады. Зерттеудің өзектілігі болашақ физика мұғалімдерінің абстрактілі математикалық модельдер мен микроскопиялық деңгейдегі нақты физикалық құбылыстар арасындағы концептуалды байланысты орнату қажеттілігімен айқындалады. Жұмыстың негізгі жаңалығы ретінде PhET Colorado феноменологиялық симуляциялары мен NetLogo агенттік модельдеу ортасын кешенді түрде интеграциялау арқылы студенттердің теориялық есептеулерін виртуалды эксперимент мәліметтерімен салыстыру алгоритмі ұсынылған. «Физика-25 А» тобында жүргізілген педагогикалық эксперимент барысында студенттердің аналитикалық есептеулерді компьютерлік модельдер арқылы верификациялау дағдылары талданды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ұсынылған әдістемені енгізу нәтижесінде білім алушылардың сапалық көрсеткіші 42%-дан 79%-ға дейін өсті, ал респонденттердің 85,3%-ы виртуалды модельдеудің күрделі статистикалық заңдылықтарды ұғынудағы жоғары тиімділігін растады. Мақалада NetLogo ортасындағы микроскопиялық флуктуацияларды талдау мен PhET манометрлерінің көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы когнитивті алшақтықты жою мәселелері қарастырылған. Зерттеу қорытындылары бұл әдістеменің студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін дамытудағы және физикалық процестерді терең түсінудегі стратегиялық маңызын дәлелдейді.
Баян Әлихан Толқынұлы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 29 38 ТРИГОНОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДА ВИЗУАЛДЫ ЖӘНЕ ВЕРБАЛДЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/600
Бұл мақалада тригонометрияны оқыту барысында оқушылардың формулаларды есте сақтау және оларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту мақсатында визуалды және вербалды мнемотехниканы біріктіру жолдары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен ақпарат көлемінің ұлғаюы математикалық ұғымдарды меңгеруді қиындата түсуде. Осыған байланысты мнемотехника әдістерін қолдану оқыту процесін жеңілдетудің тиімді құралы ретінде ұсынылады. Зерттеу барысында тригонометрия тақырыбына тән күрделі формулаларды (қосу, азайту, қос бұрыш, жарты бұрыш формулалары және т.б.) есте сақтауға арналған көрнекі (визуалды) және сөздік (вербалды) тәсілдердің психологиялық және әдістемелік негіздері талданды. Мысалы, визуалды мнемотехника арқылы тригонометриялық шеңбер мен «қол ережесі» пайдаланылса, вербалды тәсіл ретінде рифмалық өлеңдер мен акростихтер ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде визуалды және вербалды мнемотехниканы біріктіру оқушылардың есте сақтау жылдамдығын арттырып, формулаларды шатастыру деңгейін азайтатыны және пәнге деген қызығушылығын күшейтетіні анықталды. Мақалада мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар мен цифрлық құралдар ЖИ көмегі арқылы мнемотехниканы сабақта қолдану тәсілдері келтірілген.
Асылбекқызы Махаббат Бақберген ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 39 48 МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/602
Бұл мақала мектеп математика курсында теңсіздіктерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастырады. Теңсіздіктердің математикалық мазмұнын оқыту барысында қолданылатын теориялық негіздер, тиімді әдіс-тәсілдер мен практикалық жұмыстардың маңызы зерттелген. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және математикалық дағдыларды жетілдіру үшін теңсіздіктерді оқытуда қолданылатын әдістер мен стратегиялар ұсынылған. Теңсіздіктерді шешу барысында кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу жолдары да талқыланады. Мақала мұғалімдерге мектептегі математика сабақтарында тиімді оқыту әдістерін енгізуге көмектесуді мақсат етеді.
Дильназ Дастановна Балташева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 49 57 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА 4К ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ТАЛДАУ. https://qazaqjournal.kz/article/view/603
Мақалада 4К дағдыларын (сыни ойлау, шығармашылық, коммуникация және ынтымақтастық) қалыптастырудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылады. Жаһандану жағдайында білім алушылардың әмбебап құзыреттерді меңгеру қажеттілігі негізделген. Әдебиеттерге жүргізілген талдау нәтижесінде сыни ойлауды дамыту технологиялары мен қазіргі заманғы педагогикалық тәсілдердің тиімділігі айқындалады. Сонымен қатар, медиатехнологиялар мен интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, білім сапасын жақсартуға ықпал ететіні анықталған.
Гавхар Икрамқызы Акимходжаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 58 65 НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ АЛГЕБРАНЫҢ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/article/view/604
Мақала негізгі мектепте алгебра сабақтары арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту мәселесін қарастырады. Зерттеушілік әрекет оқушыны дайын білімді қабылдаушыдан белсенді зерттеушіге айналдырады, логикалық ойлау, талдау, болжам жасау, дәлелдеу және қорытынды шығару қабілеттерін қалыптастырады. Мақалада зерттеушілік оқыту идеясының тарихи бастаулары, педагогикалық және психологиялық негіздері, сондай-ақ оқытуда қолданылатын мотивациялық және шығармашылық әдістер талданады. Сондай-ақ, өмірлік қолданбалы есептер арқылы оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту жолдары көрсетілген. Мақалада көрсетілген тәсілдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, математиканы тек пән ретінде емес, зерттеу және тәжірибе жүргізу құралы ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.
Айкүн Шоқанқызы Шоқанова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 66 72 ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/605
Мақалада органикалық химияны оқытуда студенттердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуға арналған тапсырмалар жүйесін әзірлеу мәселесі қарастырылады. Қазіргі жоғары білім беру жағдайында болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби даярлығында әдістемелік дайындықтың маңызы артып отыр. Зерттеудің мақсаты – органикалық химия пәні бойынша студенттердің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесінің құрылымын негіздеу және оның мазмұнын сипаттау. Мақалада тапсырмаларды іріктеу принциптері, олардың түрлері, құрылымы мен әдістемелік ерекшеліктері ұсынылған. Ұсынылған тапсырмалар жүйесі студенттердің сабақ жоспарлау, оқу материалын түсіндіру, бағалау құралдарын әзірлеу және рефлексия жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Құралай Жалғасбекқызы Тұрсынбай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 73 82 АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ» КУРСЫНДА ФУНКЦИЯ ТУЫНДЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/606
Мақалада «Алгебра және анализ бастамалары» курсында функция туындысының қолданылуын оқытудың тиімді тәсілдерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады. Оқушыларға туынды ұғымының геометриялық және физикалық мағыналарын түсіндіру, функцияны зерттеу барысында туындыны қолдану, функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау, экстремум нүктелерін табу әдістері талданады. Туынды тақырыбын оқытуда көрнекілік құралдарын, графикалық тәсілдерді және есептер жүйесін тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.
Асхат Бакытұлы Бейсенбай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 83 88 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/607
Мақалада дифференциалдық теңдеулерді оқытудағы дәстүрлі және инновациялық әдістердің тиімділігі талданады. Дифференциалдық теңдеулерді оқыту барысында визуализация, модельдеу, цифрлық платформалар және зерттеушілік тапсырмаларды қолданудың артықшылықтары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі әдістер теориялық негіз қалыптастырса, инновациялық тәсілдер білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, практикалық қолдану қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні дәлелденеді.
Гүлжаухар Мұқажан ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 89 95 АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОГРЕССИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕР https://qazaqjournal.kz/article/view/609
Мақалада 9-сынып алгебра курсындағы арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың өзара байланысын оқыту әдістемесі қарастырылады. Екі прогрессияның құрылымдық ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданып, оларды функционалдық тұрғыдан байланыстыру жолдары ұсынылады. Мақаланың негізгі идеясы — арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын салыстыру арқылы «көпірді» қалыптастыру және аралас типтегі есептерді шешу алгоритмдерін дамыту. Сонымен қатар, прогрессиялардың байланысын көрсететін практикалық есептер ұсынылған. Зерттеу нәтижелері оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін арттыруға және математикалық білімді біртұтас жүйе ретінде түсінуге бағытталған.
Диляра Бақытқызы Хамит ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 96 105 ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ САПАСЫНА ӘСЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/611
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқушының тек білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға, өз бетімен шешім қабылдауға, шығармашылық және сыни ойлауға бейімделуін талап етеді. Бұл үдерісте дәстүрлі оқыту әдістері жалғыз өзі жеткіліксіз. Осы себепті заманауи педагогикада жаңа технологиялар мен әдістемелер белсенді түрде қолданысқа еніп жатыр. Солардың бірі — геймификация, яғни ойын элементтерін оқу процесіне енгізу. Геймификация білім алушылардың оқу мотивациясын, қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың танымдық белсенділігіне, эмоционалды қабылдауына және әлеуметтік дағдыларының дамуына оң әсер етеді. Бұл әдіс студенттерді оқу процесіне белсенді қатысуға, ынтымақтастыққа, өзара қолдауға бағыттайды. Мақалада геймификацияның негізгі ұғымы, қолдану бағыттары, білім беру жүйесіндегі артықшылықтары мен қиындықтары, сондай-ақ оның болашақ педагогтер дайындығындағы орны туралы жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы бұл әдістің тәжірибеде қалай қолданылатыны сипатталады.
Актоты Жардемгалиевна Нариманова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 106 112 БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/612
Қазіргі заман талабына сәйкес, биология пәніне білім алушылардың қызығушылығын арттыру және  зерттеушілік дағдыларын дамыту өзекті  мәселелердің бірі. Аталған мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі  -  биология пәнінде жобалау әдісін  күнделікті сабақта және факультатив сабақтарында кіріктіре оқыту болып табылады. Бұл зерттеу мақаласында   -  жобалау  технологиясын жалпы білім беретін орта мектептердегі  биология пәнінде қолданудың  әдіснамалық негіздері   сипатталады.
Алия Ережеповна Махамбетова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 113 118 ФУНКЦИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/613
Бұл мақалада функция ұғымының тарихи қалыптасуы, оның математикалық мәні мен мазмұны қарастырылады. Сонымен қатар кейбір функциялардың берілу тәсілдері және оқытудағы ерекшеліктері талданады. Мақалада теориялық материалдармен қатар кестелер, схемалар және нақты математикалық бағдарламалар берілген.
Нұрай Ғанибекқызы Алтайбекова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 119 123 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/614
Бұл мақалада химияны оқыту үдерісінде экологиялық бағытталған білім беру технологияларын қолданудың маңызы қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері химия пәнімен тығыз байланысты. Заманауи педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім алушылардың экологиялық санасын арттыру жолдары сипатталады.
Аида Мергенбайқызы Құдайберген ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 124 132 АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ (10-11 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН) https://qazaqjournal.kz/article/view/615
Бұл мақалада 10 - 11-сынып оқушыларына академиялық жазылымды үйретудің әдістемесі қарастырылады. Жазу – адамның ойлары мен пікірлерін жазбаша түрде жеткізу әрекеті, ал жазылым дағдысы – бұл ойларды жүйелі, дәлелді және ғылыми талаптарға сәйкес ұсыну қабілеті екендігі айқындалып, оның ішінде академиялық жазылымға  тоқталады. Академиялық жазылым – бұл тек жазбаша сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау, ақпаратты талдау және ғылыми стильде жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу барысында академиялық жазылымның негізгі талаптары мен ерекшеліктері талданып, жазылым дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылған. Академиялық эссе жазу, аргументті түрде дәлел келтіру, ғылыми стильді қолдану сияқты негізгі бағыттар бойынша жазба тапсырмалары оқушыларға жүйелі түрде ұсынылған. Мақалада зерттеу әдісі ретінде сауалнама жүргізіліп, оқушылардың академиялық жазылым дағдыларының деңгейі анықталған. Жұмыс барысында қолданылған әдістердің жазылым мәдениетін қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал еткені көрсетілген. Зерттеу нәтижелері академиялық жазылымды оқыту арқылы оқушылардың тілдік, аналитикалық және шығармашылық дағдыларының дамитындығын дәлелдейді, сонымен қатар оларды сыни тұрғыдан ойлауға, ғылыми ақпаратты терең түсінуге және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізуге дағдыландырады.
Аяна Ғалымжанқызы Қыдырбай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 133 145 ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/616
Физика сабағында бір қайшылық жиі байқалады: оқушы формуланы біледі, анықтаманы айтады, кейде дайын үлгідегі есепті де шығарады, бірақ сәл өзгерген жағдайда кідіріп қалады. Әсіресе өмірмен байланысқан тапсырмада, қауіпсіздікке қатысты сұрақта немесе өз шешімін дәлелдеуі керек болған тұста әлсіздік бірден көрінеді. Мәселе білімнің жоқтығында ғана емес. Көбіне мәселе оқу мақсаты, тапсырма және бағалау бір-бірімен толық қабыспай қалуында жатыр. Осы тұста Блум таксономиясы жай ғана деңгейлер тізбегі емес, сабақтың ішкі логикасын реттейтін құрал ретінде қажет. Ол мұғалімге мақсатты нақтылауға, тапсырманы сатылап құруға, қалыптастырушы бағалауды жүйелеуге және оқушының қай жерде тоқтап қалғанын аңғаруға көмектеседі. Бірақ оны тек етістіктердің тізімі ретінде қолдану жеткіліксіз. Іс жүзінде нәтиже беруі үшін әр деңгей нақты әрекетпен, дәлелмен және бағалау өлшемімен байланысуы керек. Жүргізілген жұмыс Блум таксономиясын мақсат қою, тапсырма құрастыру және кері байланыс беру үдерісіне жүйелі енгізу оқушы белсенділігін тек білу мен түсіну деңгейінде емес, қолдану, талдау, бағалау және жасау деңгейінде де күшейтетінін көрсетті. Қауіпсіздікке, күнделікті тәжірибеге және дәлелдеуге сүйенген физикалық тапсырмалар пәнге қызығушылықты арттырды. Ең маңызды өзгеріс - оқушы жай жауап берумен шектелмей, неге солай ойлайтынын түсіндіруге көше бастады.
Бекзат Жәнібекұлы Абдуғапур Ерасыл Ержанұлы Есполат ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 146 155 ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ БОЙЫНША ОНЛАЙН КУРСТА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/617
Мақалада физикалық химия бойынша онлайн курстарда интерактивті оқыту әдістерін қолданудың студенттердің оқу нәтижелеріне әсері зерттелді. Зерттеу барысында білім алушылардың цифрлық сауаттылығы мен технологияларды қабылдау деңгейі талданды. Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру мақсатында студенттер бақылау және эксперименттік топтарға сараланды. Оқу үдерісіне виртуалды симуляциялар, интерактивті графиктер мен анимациялық модельдер енгізілді. Эксперимент нәтижесінде интерактивті технологияларды қолданудың оқу материалын меңгеру тиімділігін арттыратыны дәлденді. Виртуалды модельдердің молекулалық деңгейдегі күрделі процестерді визуализациялау арқылы теориялық білімді практикалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік беретіні айқындалды.
А.Е. Сагимбаева И.Қ. Осатай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 156 163 GOOGLE GEMINI ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫ МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/618
Мақалада жасанды интеллектке негізделген Google Gemini платформасы арқылы қазақ тіліндегі демеулік шылауларды меңгертудің жолдары қарастырылады. Демеулік шылаулардың мағыналық топтарын, қызметтік ерекшеліктерін және оларды үйретуде туындайтын қиындықтарды талдай отырып, платформаның диалогтік мүмкіндіктерін, контекстік талдау, автоматты кері байланыс пен адаптивті бағалау функцияларын қолдану арқылы оқушының тілдік құзыретін дамытуға бағытталған әдістер ұсынылады.
Камшат Жильгелдиева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 164 174 ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ СЫНЫПТАРДА SQL ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ https://qazaqjournal.kz/article/view/619
Бұл зерттеу жұмысы жаратылыстану-математика бағытындағы орта мектеп оқушыларына реляциялық деректер қорын басқару тілін (SQL) оқытудағы жобалық әдістің (Project-Based Learning) әдістемелік әлеуетін ашуға бағытталған. Қазіргі ақпараттық технологиялар білімін берудегі теориялық білім мен практикалық дағдылар арасындағы алшақтықты жою мәселесі мақаланың өзегі болып табылады. Зерттеуші ретінде біз оқушылардың деректерді модельдеу, логикалық байланыстарды орнату және сұраныстарды оңтайландыру құзыреттіліктерін қалыптастыратын авторлық әдістемелік модельді ұсынамыз. Мақалада жобалық оқытудың оқушылардың когнитивті белсенділігіне және есептеуіш ойлау (computational thinking) деңгейіне әсері сарапталған. Зерттеу барысында дәстүрлі оқыту мен жобалық тәсілдің тиімділігіне салыстырмалы талдау жасалып, оқушылардың деректер архитектурасын (ER-диаграммаларын) өз бетінше жобалау қабілетінің өсімі дәлелденді. Нәтижелер көрсеткендей, нақты өмірлік кейстерге негізделген оқыту білім сапасын айтарлықтай деңгейге көтеруге және оқушылардың STEM саласындағы кәсіби бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мақаланың қорытындысында ұсынылған практикалық тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар информатика пәні мұғалімдері мен білім беру саласындағы магистрант-зерттеушілерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
A.С. Мырзалы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 175 181 ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ОҚУЫН ЖАҚСАРТУ https://qazaqjournal.kz/article/view/620
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект(ЖИ) құралдарын қолдану тиімділігі және мұғалімдердің осы құралдарға қатысты көзқарастары зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарын дайындауда ЖИ -ті қолдану практикасын анықтау, оның тиімділігін бағалау және қолдану барысында кездесетін қиындықтарды айқындау болып табылады. Зерттеу барысында сауалнама әдісі қолданылып, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Нәтижелер ЖИ-тің сабақ құралдарын дайындауға, уақытты үнемдеуге және оқу процесін қызықты етуге қаншалықты қолайлы екендігін және мұғалімдердің қолдану барысында кездесетін қиындықтары көрсетіледі.
Балнур Ерлановна Нурбаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 182 187 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР https://qazaqjournal.kz/article/view/621
Бұл мақалада IMRAD құрылымы аясында бастауыш мектепте ағылшын тілін инклюзивті оқытуда цифрлық құралдарды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзегін инклюзивті сынып жағдайындағы цифрлық платформалардың, бейімделмелі интерфейстердің, кері байланыс тетіктерінің, ойын элементтерінің және сараланған тапсырмалардың тиімділігі құрады. Мақалада инклюзивті ағылшын тілі сабағында цифрлық құралдардың оқушының оқу қарқынын ескеруге, көру, есту, сөйлеу және зейін ерекшеліктерін қолдауға, мұғалімнің қалыптастырушы бағалау сапасын арттыруға және сыныптағы қатысымдық белсенділікті күшейтуге мүмкіндік беретіні дәлелденеді. Зерттеу нәтижесінде цифрлық құралдардың шынайы инклюзивті әсері олардың өздігінен емес, педагогикалық мақсатпен, мазмұнды саралаумен және қолжетімділік қағидаларымен ұштасқанда ғана байқалатыны анықталды. Практикалық тұрғыдан мақалада бастауыш сынып мұғаліміне бейімделген тапсырма үлгілері және оларды сабақта қолдану жолдары ұсынылады.
Нұрсезім Жақсыбайқызы Әділова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 188 193 CLIL ТEХНOЛOГИЯCЫН AҒЫЛШЫН ТІЛІН МEҢГEРТУДEГІ ТИІМДІЛІГІ https://qazaqjournal.kz/article/view/622
Бұл мaқaлaдa CLIL (Content and Language Integrated Learning) тeхнoлoгияcының aғылшын тілін мeңгeртудeгі тиімділігі қaрacтырылaды. CLIL әдіcі пәндік мaзмұн мeн тілдік білімді кіріктірe oтырып, oқушылaрдың тілдік құзырeттілігін дaмытуғa бaғыттaлғaн иннoвaциялық тәcіл рeтіндe cипaттaлaды. Мaқaлaдa әдіcтeмeнің eрeкшeліктeрі, принциптeрі, пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялaрмeн бaйлaныcы, aвтoрлық тәcілдeр жәнe прaктикaлық қoлдaнылуы тaлдaнaды. Coнымeн қaтaр, CLIL тeхнoлoгияcын қoлдaнудың aртықшылықтaры мeн білім бeру жүйecіндeгі мaңыздылығы aнықтaлaды.
Айжан Абайқызы Тұрғалиева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 194 200 ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН КӨТЕРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/623
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі табиғат бұрышының рөлі мен онда жүргізілетін тәжірибелік жұмыстардың маңызы қарастырылады. Оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырудағы теориялық білім мен практикалық іс-әрекеттің байланысын көрсетіледі. Табиғат бұрышында өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау арқылы балалардың экологиялық мәдениетін, бақылағыштық қабілетін және табиғатқа деген аяушылық сезімін қалыптастыру жолдары ұсынылған. Зерттеу барысында тәжірибелік жұмыстардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы тиімділігі негізделеді.
И.Ж. Елубайқызы Ж.Б. Әлімжанқызы А.Д. Талғатқызы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 201 208 ОРТА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/624
Бұл зерттеу орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы химия сабақтарында жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын қолданудың тиімділігін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында аралас әдістерге негізделген квази-эксперименттік дизайн қолданылды, онда эксперименттік және бақылау топтарының нәтижелері салыстырылды. Эксперименттік топта ChatGPT сияқты генеративті ЖИ құралдары оқу процесіне енгізіліп, оқу материалдарын түсіндіру, тапсырмаларды саралау және кері байланыс беру үшін пайдаланылды. Нәтижелер эксперименттік топта оқу жетістіктерінің айтарлықтай артқанын және студенттердің мотивация деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде орта кәсіптік білім беру жағдайында химия сабақтарына ЖИ платформаларын енгізудің ғылыми негізделген әдістемесі ұсынылды. Зерттеу білім беру процесін цифрландыру жағдайында ЖИ технологияларын тиімді қолданудың теориялық және практикалық негіздерін кеңейтеді.
Айткүл Еркебұланқызы Сапар ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 209 216 БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА КОЛЛАБОРАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ https://qazaqjournal.kz/article/view/625
Бұл мақалада биология білім беру бағдарламасы білім алушыларының танымдық белсенділігін дамытудағы коллаборативті оқыту әдістерінің педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуы, сыни ойлау дағдыларын дамыту және ғылыми танымдық қабілеттерін қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы тұрғыда коллаборативті оқыту білім алушылардың бірлескен әрекеті арқылы білімді меңгеруін, ғылыми пікірталас жүргізуін және зерттеушілік дағдыларын дамытуын қамтамасыз етеді. Зерттеу барысында коллаборативті оқытудың теориялық негіздері талданып, биология пәндерін оқытудағы тиімді әдістері айқындалды. Нәтижесінде топтық жұмыс, пікірталас, жобалық оқыту және проблемалық тапсырмалар арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға болатыны дәлелденді.
Жанар Муратқызы Танатарова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 217 224 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА РОБОТОТЕХНИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/626
This article examines effective ways of teaching school students the elements of artificial intelligence in robotics. The study analyzes the theoretical foundations and teaching methods of integrating artificial intelligence into the content and projects of robotics, which is currently one of the important and relevant areas in the education system, and demonstrates them with specific examples. The role of robotics in developing students' critical thinking, algorithmic and creative abilities is also determined. The practical part, using the example of robotics projects, shows effective methods and techniques for developing skills in collecting and processing data using sensors, as well as in robot decision-making. The research results prove that systematic teaching of artificial intelligence in robotics develops students' digital and engineering skills, providing them with great opportunities for mastering and practically applying modern new technologies.
С.М. Шаганова Л.М. Қыдыралина ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 225 233 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ (9–11 СЫНЫП) https://qazaqjournal.kz/article/view/627
Мақалада мектептің жоғары сынып оқушыларының (9–11-сыныптар) физика пәніне деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы ретінде проблемалық оқыту (problem-based learning, PBL) технологиясының теориялық-методологиялық негіздері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында физикаға деген қызығушылықтың төмендеуінің халықаралық және қазақстандық деректермен расталған тенденциясы сараланып, проблемалық оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері М.И. Махмутов пен А.М. Матюшкиннің классикалық тұжырымдамалары, Р.М. Раян мен Э.Л. Десидің өзін-өзі анықтау теориясы (SDT), Хиди мен Реннингердің қызығушылықтың төрт фазалы моделі, сондай-ақ когнитивтік конфликт теориясы аясында қарастырылады. 5E моделі (Ынталандыру - Зерттеу - Түсіндіру - Тереңдету - Бағалау) физиканың негізгі бөлімдері бойынша нақты проблемалық жағдаяттармен байланыстырылып, оның дидактикалық құрылымы ашылады. Жаңартылған ГОСО 2022 және «Физика, математика және информатика» журналының бағытымен үйлесімді болатын формативтік бағалаудың проблемалық оқытуды толықтырушы рөлі де қарастырылады. Мақаланың теориялық жаңалығы — ситуативтік қызығушылық пен когнитивтік конфликтің өзара байланысын шоғырландырып, оларды жоғары сынып физикасының контекстінде бірыңғай дидактикалық жүйе ретінде ұсынуда.
Айгерім Абайқызы Кеңес ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 234 244 МАҒЫНАЛЫ ОҚЫЛЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ МӘТІНДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЙ ҚОРЫТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/628
Бұл мақалада мағыналы оқылым әдістері арқылы білім алушылардың мәтінді талдау және ой қорыту дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі ақпараттық қоғамда және PISA (Programme for International Student Assessment) сияқты халықаралық зерттеулер аясында мәтінді терең түсіну стратегияларының маңызы зор. Зерттеу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың теориялық еңбектеріне талдау жасалып, оқылымның когнитивті, психолингвистикалық негіздері айқындалды. Тәжірибелік бөлімде Блум таксономиясы, INSERT және мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңдік стратегиялары қолданылып, оқушылардың сыни ойлау деңгейінің өскендігі дәлелденді. Мақала нәтижелері оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстармен қорытындыланды.
Нұрай Ерғазықызы Жамаш ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 245 252 STEM НЕГІЗІНДЕГІ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНА ӘСЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/629
Бұл мақалада химия сабақтарында STEM технологиясын қолданудың білім алушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларына әсері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар олардың зерттеу жүргізу, мәселені талдау, дәлелдеу және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту маңызды болып табылады. Осы тұрғыда STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) тәсілі пәндер арасындағы интеграцияны жүзеге асырып, білім алушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында химия пәнінде STEM элементтері енгізілген сабақтар ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік әрекеті мен сыни ойлау дағдыларының қалыптасу деңгейі бақылау және эксперименттік топтар арқылы салыстырмалы түрде талданды. Сабақ барысында практикалық тапсырмалар, тәжірибелер, жобалық жұмыстар және проблемалық жағдаяттар қолданылды. Нәтижесінде STEM негізіндегі оқыту білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және ғылыми негізде ой қорыту қабілетін қалыптастыруға оң әсер ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері химия пәнін оқытуда STEM технологиясын тиімді пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Айна Кубайдуллаевна Изтлеуова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 252 264 ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАР ЭТНОТУРИЗМІН ДАМЫТУ: ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ ТӘЖІРИБЕСІ https://qazaqjournal.kz/article/view/630
Мақалада Қарғалы ауданының этнотуристік әлеуетін пайдалана отырып, мектеп оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың этнопедагогикалық тәсілдері қарастырылған. Зерттеу барысында авторлар оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, өңірдегі туристік нысандарға SWOT-талдау жасаған. Мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде иммерсивті әдіс, этно-сторителлинг және геймификация элементтеріне негізделген авторлық этнотур бағдарламасы мен білім беру моделі ұсынылған. Зерттеу нәтижелері балалар этнотуризмін тұлғаны патриоттық және рухани тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде негіздейді.
Айдана Ержанқызы Кенжебаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 265 275 ДИОФАНТТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІН ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ https://qazaqjournal.kz/article/view/631
Бұл мақалада диофанттық теңдеулерді шешу әдістерін жүйелеу және оларды мектеп математикасын оқыту процесінде қолдану мәселелері қарастырылады. Диофанттық теңдеулердің негізгі түрлері сипатталып, оларды шешудің тиімді тәсілдері, атап айтқанда жай көбейткіштерге жіктеу әдісі, модульдік арифметика, Евклид алгоритмі және математикалық индукция әдістері талданады. Жұмыста әрбір әдіске сәйкес теориялық негіздер беріліп, оларды қолдануға арналған есептер жүйесі ұсынылған. Сонымен қатар, ұқсас типтегі есептерді бір әдіспен шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мүмкіндіктері көрсетілген. Зерттеу нәтижелері диофанттық теңдеулер элементтерін мектеп курсында тиімді қолдануға болатынын және олардың оқушылардың математикалық дайындығын арттыруда маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.
Жасұлан Үсенұлы Өміртай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 276 281 МОБИЛЬДІ ОҚЫТУ: ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКАҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМШАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ https://qazaqjournal.kz/article/view/632
Мақалада дискретті математиканы оқыту барысында мобильді қосымшаларды қолданудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әсіресе дискретті математика сияқты абстрактілі ұғымдарға негізделген пәндерді оқытуда визуализация, интерактивтілік және өзіндік жұмыс мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады. Осы зерттеуде мобильді қосымшаларды қолдану арқылы студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқу мотивациясын арттыру және оқу нәтижелерін жақсарту мәселелері қарастырылды. Зерттеу барысында мобильді қосымшаларды қолдану арқылы өткізілген сабақтардың тиімділігі салыстырмалы түрде талданды. Нәтижесінде мобильді оқыту элементтерін пайдалану студенттердің қызығушылығын арттырып, оқу материалын меңгеру деңгейін жоғарылататыны анықталды. Сонымен қатар, мобильді қосымшаларды қолдану студенттердің өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні дәлелденді.
Жанерке Ермекбайқызы Сейтмагамбетова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 282 286 АЛГЕБРА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/633
Алгебра – логикалық және абстрактілі ойлауды қажет ететін күрделі пәндердің бірі. Алайда оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі кей жағдайда төмен деңгейде болады. Осыған байланысты оқыту барысында оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл мақалада алгебра сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдістер қарастырылған. Мақсат – оқу белсенділігін, өздігінен білім алу және ойлау қабілеттерін арттыру. Зерттеу алғышарты – оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыру, оқу мотивациясын арттыру және пәнге деген қызығушылықты ояту қажеттілігі. Зерттеу аясында педагогикалық бақылау, сауалнама, интервью, құжаттарды талдау, педагогикалық эксперимент, тестілеу және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігі мен жетістіктері жан-жақты сарапталды. Зерттеу нәтижесінде peer tutoring, scaffolding әдістерінің тиімділігі анықталды. Тәжірибелік топтағы оқушылардың 83%-ы пәнге қызығушылығы артқанын көрсетті, тест нәтижелері бойынша жетістік деңгейі 15%-ға дейін өсті. Оқушылардың метатанымдық қабілеттері мен өздігінен әрекет ету дағдылары қалыптасып, мұғаліммен кері байланыс сапасы жақсарды. Бұл тәсілдер математикалық ойлауды дамытуға, тапсырмаларды талдауға және дәлелдеуге оң ықпал ететіні айқындалды. Ғылыми зерттеу нәтижелері болашақта алгебраны оқытуда белсенді әдістерді қолдануға, оқу іс-әрекетін дербестендіру мен саралауға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде кеңінен қолданылуы мүмкін.
Ш.Б. Асенбаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 287 298 ОҚУШЫЛАРҒА ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ТАҚЫРЫБЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/634
Қазіргі таңда мектептер мен жоғары оқу орындарында математиканы оқыту әдістерінің тиімділігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе тригонометриялық теңдеулерді түсіндіру кезінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру қиынға соғады. Бұл мақалада тригонометриялық теңдеулерді оқыту процесінде интербелсенді әдістерді қолдану тиімділігі қарастырылған. Зерттеу барысында дәстүрлі әдістер мен интербелсенді тәсілдердің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Бұл мәселені зерттеудің алғышарты – оқыту нәтижелерінің төмендеуі және сабаққа деген қызығушылықтың азаюы болды. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында сауалнама әдісі, бақылау, сараптамалық және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде интербелсенді әдістер қолданылған топта оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артқаны анықталды. Тригонометриялық теңдеулерді шешу қабілеті 32%-ға жақсарды. Оқушылар өз бетімен тапсырма орындауға ұмтылып, топтық жұмыста белсенділік танытты. Сауалнама нәтижелері де оң көрсеткіштер берді. Ғылыми зерттеу нәтижесі болашақ математика мұғалімдерін даярлау үдерісінде, сондай-ақ мектептегі тригонометрия сабақтарында интербелсенді әдістерді кеңінен қолдануға әдістемелік негіз бола алады.
Ш.Ж. Ибадуллаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 299 312 АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/article/view/635
Бұл мақалада ағылшын тілін меңгерудегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі қарастырылады. Мақаланың мақсаты-цифрлық технологиялардың ағылшын тілін үйрену процесіне әсерін бағдарлау тағы олардың тиімділігін ғылыми зерттеулер негізінде талдау. Зерттеу жолдары есебінде ғылыми әдебиеттерді жіктеу, салыстырмалы әрі мазмұндық сараптау қолданылады. Нәтижелер технологияларды пайдалану студенттердің сабақ мотивациясын арттыратынын, өзіндік оқу дағдыларын дамытатынын және тілдің бар аспектілерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіруге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Сымбат Еркинбекқызы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 313 317 БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНАТЫН ӘДІСТЕР https://qazaqjournal.kz/article/view/636
Қазіргі уақытта білім беру міндеттері заман өзгеріс талаптарына жауап беретін оқытуды құру форматына бағытталған, өйткені қазіргі қоғамға тәжірибелі, оқытылған, білімі мен іскерлігінің нақты қоры бар адам қажет. Химия сияқты оқу пәнінің курсы меңгерілетін ақпараттың үлкен көлеміне байланысты күрделі. Жаңа терминдер мен заңдар білім алушылардан формулалар мен химиялық элементтерді қарапайым жаттап алуды ғана емес, зерттелетін тақырыптың мәнін түсінуді, конструктивті талдау мен эксперимент жүргізу арқылы қисынды қорытынды жасауды талап етеді. Химияны теориялық жолмен ғана зерттеу және түсіну мүмкін емес. Оқу сабақтарын эксперименттік сүйемелдеу сабақ барысында алынған білімді ғылыми растау үшін қажет. Барлық тақырыптарға міндетті түрде қатысу да маңызды, өйткені бір тақырыпты өткізіп алу кейіннен бүкіл бағдарлама бойынша артта қалуды тудырады. Оқу процесін ұйымдастырудың күрделілігі білім алушылардың химия бойынша білімінің қалыптасуының азаюына және соның салдарынан пәнді нашар білуіне алып келеді. Қоғам дамуының қазiргi кезеңiнде әртүрлi өмiрлiк жағдайларда тез бағдарлай алатын адамдар бағаланады, сондықтан «бiлiм», «біліктілік» ұғымдарының орнына «құзырет» және «құзыреттiлiк» ұғымдары бiрiншi орынға шығады. Сәйкесінше, түлектерде оларды болашақ қызметке дайындайтын зерттеу құзыреттерін қалыптастыру өте маңызды.
Ерасыл Джалгасбаев ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 318 326 БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ https://qazaqjournal.kz/article/view/637
Бұл зерттеу жұмысы биология пәнінде 9-сынып оқушыларының экологиялық құзіреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындауға бағытталған. Зерттеуде экологиялық білім берудің теориялық негіздері талданып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылды. Оқушылардың экологиялық санасын дамытуда пәнаралық байланыс, тәжірибелік жұмыстар және зерттеушілік тапсырмалардың маңызы анықталды. Эксперименттік жұмыс барысында 9-сынып оқушыларының экологиялық білім, құндылық және іс-әрекеттік компоненттері бойынша бастапқы және қорытынды нәтижелері салыстырылды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық шарттарды жүйелі қолдану оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттырып, табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыратынын көрсетті. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар мен практикалық әрекеттер оқушылардың танымдық белсенділігін күшейтіп, экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етті. Эксперимент қорытындысында оқушылардың экологиялық құндылықтық бағдарлары мен практикалық дағдыларының айтарлықтай жақсарғаны байқалды. Бұл зерттеу нәтижелері мектептегі биология пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің тиімді әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Фарида Ибраева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 327 335 ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТІЛ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕГІ ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/638
Қазіргі білім беру жүйесінде инклюзивті оқыту ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға сапалы білім алу мүмкіндігін тең деңгейде қамтамасыз етудің маңызды бағыты болып табылады. Химия пәні күрделі ғылыми ұғымдар мен терминологияны қамтитындықтан, оны инклюзивті сыныпта меңгеру ерекше қиындықтар туғызады. Осыған байланысты жасанды интеллект (ИИ) және қарапайым, жеңілдетілген тіл оқыту процесін қолдауда тиімді құрал ретінде қарастырылады. Жасанды интеллект негізіндегі бейімделген оқу платформалары, интеллектуалды көмекшілер және автоматтандырылған кері байланыс жүйелері оқушылардың жеке оқу ерекшеліктерін ескеріп, білім мазмұнын даралауға мүмкіндік береді.  Ал жеңілдетілген тіл күрделі химиялық ұғымдарды түсінікті түрде жеткізіп, оқушылардың танымдық жүктемесін азайтады. Бұл мақала инклюзивті химияны оқытуда жасанды интеллект пен қарапайым тілдің рөлін талдап, олардың оқушылардың пәнді меңгеруіне әсерін көрсетуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері педагогикалық тәжірибеде инклюзивті химия оқыту әдістерін жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар жасауға негіз болады.
Зарема Ғабиденқызы Зарипова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 336 348 БОЛАШАҚ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ЖАСЫЛ ХИМИЯ ПРИНЦИПТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒАЛАУ https://qazaqjournal.kz/article/view/639
Бұл мақалада болашақ химия мұғалімдеріне арналған жасыл химия принциптері негізінде цифрлық білім беру мазмұнын әзірлеу және оның тиімділігін эксперименттік тұрғыда бағалау қарастырылады. Зерттеу мақсаты – тұрақты даму қағидаларын қамтитын және цифрлық технологияларға негізделген оқу мазмұнының болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына әсерін анықтау. Зерттеу барысында квази-эксперименттік әдіс қолданылып, бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелері салыстырылды. Эксперименттік топта виртуалды зертханалар, интерактивті симуляциялар және мультимедиалық ресурстарды қамтитын цифрлық білім беру мазмұны пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері ұсынылған мазмұнның білім алушылардың білім деңгейін, экологиялық санасын және кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға оң әсер ететінін көрсетті. Статистикалық талдау нәтижелері топтар арасындағы айырмашылықтардың мәнді екенін дәлелдеді. Зерттеу қорытындылары жасыл химия принциптері мен цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау болашақ химия мұғалімдерін даярлаудың тиімді бағыты екенін айқындайды.
Айғаным Нұралықызы Қадыр ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 349 356 «INQUIRY-BASED LEARNING» МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ФАСИЛИТАТОРЛЫҚ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/article/view/640
Бұл мақалада «Inquiry-Based Learning» (зерттеуге негізделген оқыту) тұжырымдамасы аясында білім беру үдерісін ұйымдастырудағы мұғалімнің фасилитаторлық рөлі жан-жақты қарастырылады. Зерттеуге бағдарланған оқыту жағдайында мұғалім тек ақпарат беруші емес, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырушы, бағыт-бағдар беруші және оқу үдерісін ұйымдастырушы тұлға ретінде сипатталады. Мақалада мұғалімнің оқушылардың дербес ізденісін дамытудағы, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудағы және зерттеу дағдыларын жетілдірудегі негізгі қызметтері талданады. Сонымен қатар, фасилитаторлық тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқу үдерісінің сапасын арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері көрсетіледі. Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау, сұрақ қою мәдениетін дамыту және зерттеушілік қызығушылығын қолдау мәселелері де ерекше назарға алынады. Мақала нәтижелері зерттеуге бағдарланған оқытуды тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
Т. Қамитова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 357 366 АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТӨМЕН ДЕҢГЕЙЛІ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ https://qazaqjournal.kz/article/view/641
Бұл мақалада IMRAD моделі негізінде ағылшын тілі сабақтарында бастауыш немесе төмен деңгейлі оқушыларды қолдауда жасанды интеллект құралдарын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері талданады. Зерттеу барысында сөздік қорды кеңейту, қарапайым грамматикалық құрылымдарды меңгеру, айтылымдағы сенімсіздікті азайту, жедел кері байланыс ұсыну және оқушылардың жеке оқу қарқынын ескеру мәселелері қарастырылады. Халықаралық және Қазақстандық зерттеулерге сүйене отырып, мақалада жасанды интеллект құралдарының төмен деңгейлі оқушыларға күрделі материалды түсіндіру, үлгі көрсету, қателерді түзету және оқу мотивациясын арттырудағы қызметтері айқындалады. Зерттеу нәтижесінде мұндай құралдардың мұғалімді алмастырмайтыны, бірақ сараланған қолдау мен қауіпсіз тілдік тәжірибе қалыптастыруда тиімді қосымша ресурс екені дәлелденеді.
Рухшана Махмуджановна Абдипаттаева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 367 372 MOOC ФОРМАТЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/642
Бұл мақалада цифрлық білім беру жағдайында MOOC (Massive Open Online Courses) форматындағы оқытудың педагогикалық ерекшеліктері мен оқу үдерісін жобалау мәселелері қарастырылады. Ашық онлайн білім беру платформалары мен виртуалды оқу орталарын тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың өзіндік оқуын дамыту, оқу мотивациясын арттыру және білім сапасын жақсарту жолдары талданады. Әртекті зерттеулер негізінде MOOC курстарының құрылымы, педагогикалық тәсілдер, қолданылатын платформалар және олардың тиімділігі түсіндіріледі. Сондай-ақ, оқу жүйесін ұйымдастырудағы интерактивті әдістердің, онлайн бағдарламалардың және виртуалды зертханалардың рөлі көрсетіледі.
Роза Ғаниқызы Иманәлі ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 373 380 ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ- МОДЕЛЬДІК ЖҮЙЕСІ https://qazaqjournal.kz/article/view/643
Бұл мақалада шет тілі мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін бағалаудың құрылымдық модельдік жүйесі қарастырылады. Зерттеу барысында шет тілі тілдік,  коммуникативтік, мәдениетаралық және педагогикалық құзыреттілігінің даму деңгейін бағалау әдістері, критерийлері анықталады және тәжірбиеден өткізіледі. Құзыреттілік компоненттері нақты критерийлер арқылы сипатталып, оларды бағалап анықтау үшін сауалнама, бақылау және 360 градус бағалау әдістері қолданылады.  Зерттеуде сапалық және сандық талдау әдістерін біріктіретін кешенді тәсіл қолданылып, оның тиімділігі дәлелденеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби даму деңгейін бағалау мақсатында төмен, орта және жоғары деңгейлерден тұратын деңгейлік шкала ұсынылды. Ұсынылған құрылымдық-модельдік жүйе шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауға және олардың даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижесінде шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған практикалық ұсыныстар кешені дайындалады.
Алтынай Жақыпбекқызы Қасенова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 381 386 ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/644
Бұл мақалада шетел тілін меңгеру үдерісінде онлайн платформаларды қолданудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Дәстүрлі оқыту әдістері цифрлық ортаның қарқынды дамуын толық ескере бермейтіндіктен, бұл оқушылардың оқу үдерісіне қатысу белсенділігінің және оқыту тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Аталған зерттеу шетел тілін оқыту әдістемесіне цифрлық құралдарды енгізу арқылы оқу үдерісінің интерактивтілігін, даралануын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Зерттеудің міндеттері цифрлық білім беру ортасы ұғымын талдауды, электрондық білім беру ресурстарын (ЭБР) жіктеуді және аталмыш онлайн ресурстардың әдістемелік әлеуетін бағалауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері онлайн платформалардың шетел тілін оқытуда көмекші  құрал  ретінде тиімді  интеграциялау  білім  сапасын  арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Гүлжауһар Баймаханқызы Адилбекова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 387 393 PHYWE ҚОНДЫРҒЫСЫНДА He–Ne ЛАЗЕР СӘУЛЕСІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ https://qazaqjournal.kz/article/view/645
Бұл мақалада PHYWE оқу-зертханалық қондырғысы негізінде гелий-неон (He–Ne) лазер сәулесінің негізгі физикалық параметрлерін-толқын ұзындығын, шоқтың алшақтығын (дивергенциясын), қуатын, поляризациясын, когеренттілік ұзындығын және модалық құрылымын-өлшеудің эксперименттік әдістері жүйелі түрде қарастырылған. Дифракциялық тордың, Фабри-Перо интерферометрінің, фотодетектордың және CCD-камераның көмегімен жүргізілетін өлшеу процедуралары теориялық негіздемемен бірге сипатталған. Алынған нәтижелер He–Ne лазерінің спектроскопия, интерферометрия, метрология және талшықты-оптикалық байланыс салаларындағы қолданбалы маңызын көрсетеді. Зерттеу магистрлік деңгейдегі зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдіснамасы үшін практикалық құндылыққа ие.
Айдана Талгаткызы Мажитова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 394 404 ПЛАНКТЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ ТЕОРИЯСЫ: КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ КӨЗҚАРАС https://qazaqjournal.kz/article/view/646
Мақала тыныштықтағы ортада жылудың таралу механизмдері — жылу өткізгіштік пен сәулелену жан-жақты қарастырылады. Жылу өткізгіштік кезінде энергия бөлшектердің өзара әсерлесуі арқылы берілсе, сәулелену электромагниттік толқындар арқылы жүзеге асатыны көрсетіледі. Сонымен қатар сәуленің таралу заңдылықтары, атап айтқанда шағылу, жұтылу және сыну құбылыстары сипатталып, олардың физикалық мағынасы түсіндіріледі. Қара дене ұғымы мен оның қасиеттері талданып, сәуле шығару қарқындылығының температураға тәуелділігі қарастырылады. Жұмыстың маңызды бөлігі неміс ғалымы Макс Планк еңбектеріне арналған. Оның энергияның квантталуы туралы гипотезасы және жылулық сәулелену заңын түсіндірудегі рөлі көрсетіледі. Сонымен бірге классикалық физикадағы «ультракүлгін апат» мәселесі мен оның шешімі баяндалады. Зерттеу нәтижелері кванттық теорияның пайда болу себептерін және оның физика ғылымындағы маңызын ашуға бағытталған.
А.Қ. Сағындыкова А.Н. Бахтиярова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 405 412 КВАНТТЫҚ ТУННЕЛЬ ЭФФЕКТІСІ https://qazaqjournal.kz/article/view/648
Бұл мақалада кванттық механиканың маңызды құбылыстарының бірі болып табылатын кванттық туннель эффектісі жан-жақты қарастырылады. Классикалық физика заңдары бойынша бөлшек потенциалдық тосқауылды энергиясы жеткіліксіз болған жағдайда өте алмайды, алайда кванттық механикада бөлшектің толқындық табиғатының арқасында тосқауылдан өту ықтималдығы нөлге тең болмайды. Осы жұмыста туннель эффектісінің теориялық негіздері, Шредингер теңдеуі арқылы сипатталуы, ықтималдық амплитудалары, толқындық функциялардың шекаралық шарттары және олардың физикалық мағынасы кеңінен талданады. Сонымен қатар, бұл эффектінің жартылай өткізгіштер физикасында, ядролық физикада, сканерлеуші туннельдік микроскопта және нанотехнологияларда қолданылуы қарастырылады. Қазақ ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, туннель эффектісінің заманауи физикадағы орны мен маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижелері кванттық құбылыстарды терең түсінуге және олардың практикалық қолданылуын дамытуға мүмкіндік береді.
Айдана Нұрғали Айбота Нұрболат ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 413 419 ТУРИЗМНІҢ ГЕНДЕРЛІК ӨЛШЕМІ ҚАЗАҚСТАНДА: ЕЛДІҢ ТУРИЗМДІК ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/article/view/649
Қазіргі уақытта Қазақстандағы туризм экономика саласы ретінде оң өсу динамикасын көрсетіп отыр. Саланың тұрақты даму қағидаттарына бағдарлануы жағдайында оның даму үрдістеріне әсер ететін факторларды кешенді түрде зерттеу қажеттілігі туындайды. Осы мақаланың мақсаты – Қазақстанның туристік индустриясының дамуындағы әйелдердің рөлін талдау және олардың елдің туристік тартымдылығын қалыптастыруға қосқан үлесін бағалау. Зерттеудің негізгі міндеттері ретінде Қазақстанның туристік саласының қазіргі жағдайын кәсіби қызметтің әртүрлі деңгейлеріндегі әйел-мамандардың қатысуын ескере отырып талдау; туризм саласында еңбек ететін әйелдер кездесетін негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтау; елдің туристік өнімінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әйелдердің рөлін күшейтудің тиімді тетіктерін айқындау; сондай-ақ Қазақстандағы кірмелік, шығу және ішкі туризмнің дамуына әйелдердің қатысуының әсері туралы кешенді түсінік қалыптастыру көзделген. Зерттеу әдіснамасы екі негізгі құралға негізделген: туристік индустриядағы әйел-мамандармен (басшылар, менеджерлер, кәсіпкерлер, мемлекеттік құрылымдар мен авиация саласының өкілдері) жүргізілген жартылай құрылымдалған сұхбаттар нәтижесінде алынған сапалық деректер және әйелдердің әртүрлі қызмет салаларындағы жұмыспен қамтылу үлесін, басқару құрылымдарындағы және саясаттағы өкілдігін қамтитын ресми статистикалық мәліметтерді пайдалану. Сонымен қатар, зерттеудің кешенділігін қамтамасыз ету және ұлттық деректерді халықаралық контексте салыстыру мақсатында ЮНЕСКО, ЮНВТО материалдары, ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық есептер қолданылды.  Зерттеу нәтижелері Қазақстанның туристік саласында әйел-мамандардың үлесі басым екенін көрсетеді, бұл өз кезегінде индустрияның және жалпы экономикалық сектордың тұрақты дамуына елеулі ықпал етеді.
І.Ғ. Қалдыбай М.Ә. Тәнірбергенова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 414 429 ТУРИЗМ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМСАҚ КҮШТІҢ ҚҰРАЛЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/650
Мақалада туризм мемлекеттің оң халықаралық имиджін қалыптастыру контекстінде жұмсақ күштің құралы ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - туризмнің шетелдік аудиториялардың қоғамдық пікіріне әсер ету тетіктерін талдау және оның сыртқы саясат пен имидждік ықпалдың ресурсы ретіндегі тиімділігінің шарттарын айқындау.
Жұмыстың теориялық негізін Дж. Найдың жұмсақ күш тұжырымдамасы, сондай-ақ жария дипломатия, ұлттық брендинг және туризм геосаясаты салаларындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеуде сапалық әдістер қолданылды: сұхбат жүргізу барысында алынған деректерді сапалық талдау әдістері, оның ішінде ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, туризмді имидждік мақсатта пайдаланудың халықаралық тәжірибелерін салыстырмалы талдау, сондай-ақ туризмді ұлттық позициялау стратегияларына мақсатты түрде енгізіп отырған мемлекеттердің кейстерін талдау. Зерттеу нәтижелері туризмнің туристердің жеке тәжірибесі, мәдени алмасулар және тұлғааралық коммуникация арқылы мемлекеттің оң имиджін қалыптастыруда елеулі әлеуетке ие екенін көрсетеді. Халықаралық имиджге ең үлкен әсер ететін факторлар - туристік қызмет көрсету сапасы, қауіпсіздік деңгейі және нақты туристік тәжірибенің ресми бейнемен сәйкестігі. Туризмнің жұмсақ күш құралы ретіндегі тиімділігі шартты сипатқа ие және стратегиялық басқаруға, институционалдық үйлестіруге, сыртқы саяси контекске тәуелді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - туризмді жария дипломатия жүйесіне интеграцияланған басқарылатын жұмсақ күш құралы ретінде кешенді қарастыруында. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған қорытындыларды туризмді дамыту стратегияларын, ұлттық брендинг пен жария дипломатияны әзірлеуде қолдану мүмкіндігінде.
Р.Н. Оңдасын Д.В. Қабжан ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 430 446 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЕКІНШІ «МЕН»: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ КӨПТІЛДІ ОРТАДАҒЫ ТҰЛҒА МЕН БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЙТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ https://qazaqjournal.kz/article/view/651
Бұл мақалада Қазақстан студенттері арасындағы ағылшын тіліндегі екінші «Мен» феноменін қарастырады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі артқан сайын, көптеген білім алушылар өздерінің тұлғалық қасиеттеріндегі өзгерістерді байқайды: олар басқа тілде сөйлегенде өзін еркін әрі нық сезінеді. Сұхбаттар жүргізу арқылы бұл жұмыс тұлғалық бірегейліктің өзгеру себептерін және оның жергілікті мәдени құндылықтармен өзара байланысын зерттейді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ағылшын тілі студенттерге ана тіліндегі дәстүрлі әлеуметтік сүзгілер мен иерархияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін «еркіндік құралы» қызметін атқарады. Бұл ағылшын тіліндегі екінші «Мен» жастарға жаһандық қарым-қатынас стилі мен ұлттық тамырды тең ұстауға көмектесетін психологиялық қауіпсіз кеңістік сыйлайтынын көрсетеді.
Арайлым Кайратқызы Жарылкасын ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 447 451 ЖИ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ: ЖАН-ЖАҚТЫ ӘДЕБИЕТ ШОЛУЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/652
Қазіргі таңда ЖИ негізіндегі чат-боттар білім беру саласында құрал ретінде кеңінен таралған. Олар тілді меңгерудегі құрамдас бөліктер, атап айқанда, түсіну, тілді дұрыс қолдану және еркін сөйлеу, яғни ауызша қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатыны анықталған. Сондықтан бұл мақала сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында ЖИ негізіндегі чат-боттардың бар мүмкіндіктері мен ықтимал қиындақтарын зерттеуге негізделген. Әдебиет шолуы ағылшын тілін, оның ішінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін пайдаланудың педагогикалық мүмкіндектері мен қиындықтарын қарастырған. ЖИ негізіндегі чат-боттардың, сөйлеу дағдыларын жетілдіру мүмкіндіктері мен қиындықтарын анықтау мақсатында 2021 мен 2026 жылдар аралығындағы дереккөздер, яғни зерттеу жұмыстары таңдалған. 20 мақалаларды таңдаудағы басты критерийлері болып ЖИ чат-боттар, олардың сөйлеу дағдысына негізделгені, ЖИ-ге қатысты кілт сөздері және жарияланым кезеңдері болып табылған.
Аяжан Алдабек ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 452 459 НЕГЕ ЖАСТАР КІТАП ОҚЫМАЙДЫ ЖӘНЕ НЕГЕ КІТАП ӘЛІ ДЕ МАҢЫЗДЫ? https://qazaqjournal.kz/article/view/653
Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы жастардың кітап оқуға деген қызығушылығының төмендеу мәселесі жан-жақты қарастырылады. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, әлеуметтік желілер мен қысқа бейне контенттердің кең таралуы жастардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін өзгертіп, кітап оқуға бөлінетін уақыттың азаюына әсер еткені талданады. Сонымен қатар аталған үрдістің салдары ретінде зейіннің тұрақсыздығы, сөздік қордың шектеулілігі және сыни ойлау қабілетінің әлсіреуі сияқты мәселелерге назар аударылады. Мақалада кітап оқудың тұлғаның интеллектуалдық, тілдік және рухани дамуына тигізетін оң әсері ғылыми деректер мен тұжырымдар негізінде түсіндіріледі. Кітап оқу арқылы адамның есте сақтау қабілеті, қиялы, аналитикалық ойлауы және сөйлеу мәдениеті қалыптасатыны дәлелденеді. Сонымен қатар кітаптың жеке тұлғаның мәдени деңгейін арттырудағы және қоғамға бейімделуіндегі рөлі айқындалады. Қорытынды бөлімде жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіліп, кітапқа деген қызығушылықты арттырудың тиімді жолдары ұсынылады. Атап айтқанда, отбасы мен білім беру ортасының ықпалы, заманауи форматтардың (аудиокітаптар, кітап клубтары) рөлі көрсетіледі.
Дильназ Дарханқызы Сарыева ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 460 463 ҮНДІ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР https://qazaqjournal.kz/article/view/654
Бұл мақалада Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қазіргі геосаяси үдерістер кешенді түрде талданады. Зерттеуде аймақтың геостратегиялық ерекшеліктері, экономикалық және қауіпсіздік факторлары қарастырылады. Сонымен қатар жетекші державалардың бәсекелестігі мен олардың аймақтағы стратегиялары сараланады. Аймақтық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде теңіз даулары мен милитаризация үдерістері талданады. Күштер балансының өзгеруі және көпполярлы жүйенің қалыптасу үрдістері анықталады. Зерттеу нәтижелері Үнді-Тынық мұхиты аймағының жаһандық саясаттағы маңызын көрсетеді.
Арайлим Сеитбеккизи Бектурганова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 464 472 ЭНЕРГИЯ ЖИНАҚТАҒЫШТАРЫН МИКРОЖЕЛІЛЕРДЕ ПАЙДАЛАНУ https://qazaqjournal.kz/article/view/655
Бұл мақалада микрожелілерде жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыздығын тегістеу және ең жоғары немесе ең төмен жүктеме сағаттарында қуат теңгерімін басқару үшін энергия жинақтау жүйелерін қолдану мәселелері қарастырылған. Зерттеуде жинақталатын энергияның нақты түріне байланысты механикалық, электрохимиялық, химиялық және электрлік сақтау технологиялары жіктеліп, олардың жұмыс механикасы мен тиімділігіне талдау жасалады. Сонымен қатар, жоғары қуатты және жоғары энергиялы құрылғыларды біріктіру арқылы батареяның қызмет ету мерзімін ұзартатын әрі жүйе тиімділігін арттыратын аралас энергия жинақтау жүйелерінің артықшылықтары атап өтіледі. Мақалада микрожелілерде энергия жинақтау жүйелерін дамыту және енгізу барысында туындайтын негізгі сын-қатерлер жан-жақты бағаланған. Жұмыс материалдық шектеулерді еңсеру және аралас жүйелерді оңтайландыру арқылы болашақ орталықсыздандырылған энергетикалық жүйелердің сенімділігі мен экономикалық орындылығын арттыруды көздейді.
Айша Маратқызы Іргебай ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 473 481 MYSQL НЕГІЗІНДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ОНЛАЙН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІН ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН БАЙЛАНЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/656
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында MySQL реляциялық деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) пайдалана отырып, онлайн-кітапхана мен электрондық сауда жүйесінің (e-commerce) ақпараттық архитектурасын жобалау және бағдарламалық түрде іске асыру процесі кешенді түрде қарастырылады. Жобаның негізгі мақсаты – деректерді сақтаудың үлестірілген жүйесін қалыпты формаларға (3NF) сәйкес нормализациялау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және қаржылық транзакциялық процестерді ACID қағидаттарына сай басқару. Мақалада мәліметтер қорының ER-моделі, жүйелердің өзара әрекеттесу диаграммалары, сондай-ақ DDL және DML құрылымдалған сұраныстар тілінің логикалық конструкциялары егжей-тегжейлі талданған. Жобаның тәжірибелік құндылығын дәлелдеу мақсатында жүйенің нақты жұмыс істеу сценарийлері (пайдаланушыларды тіркеу, балансты толықтыру, кітап сатып алу және әкімшілік басқару) визуалды түрде демонстрацияланған.
Н. Бауыржанулы ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 482 491 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӨНІМДІЛІК КОУЧІ: АДАПТИВТІ ИНТЕРВАЛДАР ЖӘНЕ SMART HOME БАСҚАРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/657
Бұл мақалада классикалық Pomodoro таймерінен тыс жұмыс істейтін, пайдаланушының нақты белсенділігін бақылайтын және қоршаған ортамен әрекеттесетін интеллектуалды өнімділік коучинг жүйесінің әзірлемесі ұсынылған [1–4]. Ұсынылған шешім пернетақта мен тінтуірдің оқиғаларын (pynput кітапханасы) қадағалауға [7], машиналық оқыту негізінде жұмыс және демалыс интервалдарын бейімдеуге (scikit-learn) [5], сондай-ақ «ақылды үй» құрылғыларын – жарықтың түс температурасы мен кофеқайнатқышты басқаруға негізделген [11–13]. Жүйе әрекетсіздік кезінде автоматты түрде үзіліс жасайды, өнімділікті болжайды, статистика мен графиктерді ұсынады [6] және IoT командаларын асинхронды өңдейді. Әзірлеме ресурстарды аз тұтынады және нақты API арқылы физикалық құрылғылармен интеграциялауға дайын. Зерттеу нәтижелері әдістің жоғары тиімділігін, когнитивтік жүктемені төмендетуді және өнімділікті есепке алудың дәлдігін көрсетеді [14].
Н.Н. Амангелді ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 492 501 ГАЗ ҚҰБЫРЫ SCADA БАЙЛАНЫС АРНАЛАРЫ ТРАФИГІНДЕГІ КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫ ГИБРИДТІК АНЫҚТАУ: АШЫҚ ICS ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ https://qazaqjournal.kz/article/view/658
Газ тасымалдау инфрақұрылымының тұрақты жұмысы далалық құрылғылар, бағдарламаланатын логикалық контроллерлер (PLC), SCADA серверлері және диспетчерлік жүйелер арасындағы сенімді әрі қауіпсіз деректер алмасуға тәуелді. Осы жұмыста UAH New Gas Pipeline ашық деректер жинағы негізінде газ құбыры SCADA трафигіндегі кибершабуылдарды бинарлық анықтау мәселесі зерттеледі. Зерттеуде базалық классификаторлар, сынып теңгерімін ескеретін және шешім шегі бейімделген модельдер, сондай-ақ ережеге негізделген бағалауды, бақыланатын оқытуды (Random Forest) және аномалияны анықтауды (Isolation Forest) біріктіретін гибридтік архитектура салыстырылды.  Қарастырылған модельдер ішінде RF_balanced_subsample_tuned конфигурациясы неғұрлым теңгерімді нәтиже көрсетті: Accuracy = 0.7534, Precision = 0.4562, Recall = 0.6654, F1-score = 0.5413, ROC-AUC = 0.8380. Ал ұсынылған Hybrid Model Accuracy = 0.8566 және Precision = 0.9034 мәндеріне қол жеткізгенімен, Recall = 0.3853 деңгейінде қалды. Нәтижелер шабуылдарды мүмкіндігінше толық анықтау қажет болған жағдайда теңгерімсіздікке бейімделген Random Forest моделінің анағұрлым қолайлы екенін, ал гибридтік модель жалған дабылдарды шектеу маңызды болған жағдайда консервативтірек жұмыс профилін қамтамасыз ететінін көрсетеді.
Әділет Әбсаматұлы Әбсаматов ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 502 519 ӘЛЕУМЕТТІК ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЗАМАНАУИ ҚАУІПТЕРІ РЕТІНДЕ https://qazaqjournal.kz/article/view/659
Бұл жұмыс ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи жүйелерін трансформациялаудың негізгі элементі ретінде жасанды интеллекттің рөлін зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі киберқатерлердің экспоненциалды өсуімен, олардың архитектурасының күрделенуімен және дәстүрлі сигнатуралық қорғау әдістерінің тиімділігінің төмендеуімен анықталады. Мақалада интеллектуалды алгоритмдерді қолданудың негізгі бағыттары, оның ішінде пайдаланушылардың мінез-құлқын талдау, аномалияларды анықтау және оқиғаларға ден қоюды автоматтандыру қарастырылады. ЖИ қолданудың қорғаныштық және шабуыл жасаушы сценарийлері, соның ішінде бейімделгіш зиянды бағдарламалар мен қауіпсіздік жүйелерін айналып өту алгоритмдері талданады. Болжамды аналитика қағидаттарына және Zero Trust тұжырымдамасына негізделген проактивті киберқорғау үлгісіне көшудің қажеттілігі негізделген. Зерттеу нәтижесі – ЖИ-ді ақпараттық қауіпсіздік архитектурасына біріктірудің кешенді тәсілін қалыптастыру.
С.Д. Несмеянов А.Н. Жумабаев М.С. Әдiл ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 520 529 GOOGLE SHEETS ЖӘНЕ MS EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕРІНДЕГІ СТАТИСТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДӘЛДІГІ МЕН ӨНІМДІЛІГІН САЛЫСТЫРУ https://qazaqjournal.kz/article/view/660
Қазіргі ақпараттық қоғамда деректерді өңдеу мен талдаудың маңызы артып келеді. Электронды кестелер – бұл деректермен жұмыс істеудің ең кең таралған құралдарының бірі. Бұл мақалада екі танымал электронды кесте бағдарламасы – Google Sheets және MS Excel бағдарламаларындағы статистикалық функциялардың дәлдігі мен өнімділігіне салыстырмалы талдау жасалады. Зерттеу барысында әр түрлі көлемдегі деректер жиынтығында негізгі статистикалық функциялардың (ОРТАША, СТАНДОТКЛОН, ДИСП, КОРРЕЛ, ТЕСТ.ФИШЕР және т.б.) орындалу жылдамдығы мен есептеу нәтижелерінің дәлдігі салыстырылды. Эксперимент нәтижелері бағдарламалардың статистикалық есептеулердегі тиімділігі мен сенімділігін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері деректерді талдаумен айналысатын мамандарға, зерттеушілер мен студенттерге тиісті құралды таңдауға көмектеседі.
К.Ғ. Жандарбек ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 530 537 ҰЙЫМДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ https://qazaqjournal.kz/article/view/661
Мақалада ұйымдағы мамандардың қызметін мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйені әзірлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қызметкерлердің жұмыс тиімділігін бағалау, тапсырмалардың орындалуын бақылау, кәсіби күйзеліс қаупін ерте анықтау және кадрлық тәуекелдерді төмендету қажеттілігімен түсіндіріледі. Ұсынылған шешім мобильді және веб-технологияларды, сондай-ақ машиналық оқыту әдістерін біріктіретін кешенді архитектураға негізделген. Мобильді қосымша React Native Expo ортасында әзірленіп, пайдаланушылардың деректерін сақтау үшін Firebase Firestore мен Firebase Authentication сервистері қолданылды, ал медиафайлдарды сақтау үшін Cloudinary платформасы пайдаланылды. Әкімшілік басқару және аналитикалық бақылау модулі FastAPI негізіндегі веб-панель ретінде іске асырылды. Жүйеге енгізілген машиналық оқыту моделі қызметкерлердің белсенділігі, тапсырмаларды орындау қарқыны және басқа көрсеткіштер негізінде burnout risk деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ұйым басшылығы нақты уақыт режимінде деректерді талдап, уақтылы басқарушылық шешім қабылдай алады. Ұсынылған ақпараттық жүйе мониторинг процесін автоматтандыруға, басқару сапасын арттыруға және қызметкерлердің кәсіби жай-күйін бақылауды жетілдіруге бағытталған.
Аружан Қанатқызы Айтикова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 538 542 ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН БРОНХИАЛДЫҚ АСТМАМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДАҒЫ КОМОРБИДТІК АУРУЛАР: ЖАС ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚОСАРҚЫ ПАТОЛОГИЯНЫ ТАЛДАУ https://qazaqjournal.kz/article/view/662
В исследовании проанализирована структура сопутствующих заболеваний у пациентов с бронхиальной астмой, состоящих на диспансерном учёте в поликлинике. Обследовано 125 пациентов, из которых 45 (32%) имели другие заболевания, требующие диспансерного наблюдения. Наиболее часто выявлялись атеросклероз, артериальная гипертензия и доброкачественная дисплазия молочной железы. Наибольшая доля пациентов с коморбидной патологией отмечена в возрасте 60 лет и старше.
Ақерке Маутқұлқызы Наврузбай Еламан Аскерович Мешетбаев Милана Даулбекова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 543 551 ФЕРТИЛЬДІ ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ДИСПАНСЕРЛІК ТОПТАР БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫМЫ СМСП ДЕҢГЕЙІНДЕ АНАЛЫҚ ЖӘНЕ СӘБИ ӨЛІМІН ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ https://qazaqjournal.kz/article/view/663
Әйелдердің репродуктивті денсаулығы қоғамдық денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және демографиялық процестерге, туу деңгейіне және халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Қазіргі тенденциялар фертильді жастағы әйелдер арасында жүрек-қантамыр патологиясын, эндокриндік бұзылуларды және репродуктивті жүйе ауруларын қоса алғанда, созылмалы жұқпалы емес аурулардың таралуының артуымен сипатталады. Зерттеудің мақсаты – бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде жоғары қауіп топтарын бөле отырып, фертильді жастағы әйелдердің диспансерлік топтар бойынша құрылымын талдау. Жалпы практика дәрігерлерінің 10 учаскесінің деректері негізінде ретроспективті зерттеу жүргізілді. Фертильді жастағы әйелдердің үлесі 24,5% (n=4188) құрайтыны анықталды. Әйелдердің 58%-дан астамында аурулар немесе қауіп факторлары бар. 2В кіші тобы 3,6% құрады. Алынған нәтижелер БМСК деңгейінде профилактикалық жұмысты күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Р.К. Пазилова А.Ж. Муратбаева М. Садык Н.В. Ежова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 552 559 ЖАҢА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫНА ЕНГІЗУ СТРАТЕГИЯСЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/664
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы тұрақты өсу және мемлекеттік реттеудің күшеюімен сипатталады. Мақалада ұлттық реттеушілік үлгіні, баға белгілеу ерекшеліктерін, нарықтың мемлекеттік және коммерциялық сегменттерінің рөлін, сондай-ақ өндірісті отандықтандыру тенденцияларын ескере отырып, жаңа дәрілік препараттарды шығару стратегиясын айқындайтын факторлар қарастырылады. Салалық зерттеулердің аналитикалық деректері мен дамушы нарықтары бар елдердің халықаралық тәжірибесі пайдаланылды.
Эльмира Несипаевна Ахметова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 560 563 «ТЫНЫШ КӨМЕК» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ВЕБ-ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ: АНОНИМДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ https://qazaqjournal.kz/article/view/665
Халық арасындағы психоэмоционалдық бұзылыстардың өсуі цифрлық
психологиялық қолдау құралдарын жасауды өзекті мәселеге айналдырып отыр.
Бұл мақалада жасанды интеллект технологиясы негізінде алғашқы
психологиялық көмек көрсетуге арналған «Тыныш көмек» интеллектуалды
жүйесінің тұжырымдамасы мен архитектурасы ұсынылады. Scopus және
PubMed деректер қорларынан алынған ғылыми зерттеулерге шолу жасалды.
Жүйені жобалау әдістері, эмпатиялық жауаптар генерациясының
алгоритмдері мен этикалық сүзгілеу қағидаттары сипатталған. Зерттеу
нәтижелері ЖИ негізіндегі чат-боттардың мазасыздық деңгейін тиімді
төмендете алатынын көрсетеді [1], [3].
А.Т. Берикова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 564 570 LINUM ТУЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ СУБСТАНЦИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ КОСМЕТИКАЛЫҚ КРЕМДІ ӘЗІРЛЕУ: ҚҰРАМЫН НЕГІЗДЕУ, ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ https://qazaqjournal.kz/article/view/666
Бұл мақалада Linum L. туысына жататын өсімдіктердің биологиялық белсенді субстанциялары негізінде косметикалық крем әзірлеу, оның құрамын негіздеу, технологиясын жасау және сапасын бағалау нәтижелері ұсынылған. Косметикалық крем құрамында майлы негіз ретінде кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum L.) тұқымының майы, ал белсенді компонент ретінде алатостаған жапырақ зығыр (Linum heterosepalum Rgl.) өсімдігінің 10 % глицериндегі және тазартылған судағы сығындылары қолданылды. Өсімдік сығындылары ультрадыбыстық экстракция әдісімен алынып, олардың антиоксиданттық белсенділігі DPPH және ABTS әдістері арқылы зерттелді. Сонымен қатар сығындылардағы жалпы полифенолдар мен флавоноидтардың мөлшері спектрофотометриялық әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері Linum heterosepalum Rgl. өсімдігінің сығындылары полифенолдар мен флавоноидтарға бай және жоғары антиоксиданттық белсенділікке ие екенін көрсетті. Алынған нәтижелер негізінде өсімдік сығындылары косметикалық эмульсия құрамына енгізіліп, эмульсиялық әдіс арқылы косметикалық крем дайындалды. Дайындалған косметикалық кремнің сапасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: физика-химиялық қасиеттері, тұрақтылығы, микробиологиялық тазалығы, ауыр металдар мөлшері және сенсорлық сипаттамалары зерттелді. Жүргізілген зерттеулер әзірленген косметикалық кремнің TP TC 009/2011, ГОСТ 31460-2012 "Косметикалық кремдер. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес, тұрақты, қауіпсіз және теріні қоректендіруші, қорғаныштық қызметін жақсартатын, ылғалдандыратын және антиоксиданттық әсері бар перспективалы косметикалық өнім екенін көрсетті.
Д.Б. Нұрахметова Г.Т. Жумашова А.Л. Ахелова Г.М. Саякова А.Б. Омархан ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 571 578 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ 3 КОНТЕКСТІНДЕ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ https://qazaqjournal.kz/article/view/667
Бруцеллез Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде қоғамдық денсаулық сақтау үшін елеулі қауіп төндіретін маңызды зооноздық инфекциялардың бірі болып қала береді. Ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізілуіне қарамастан, сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты сақталып отыр, бұл қоздырғыштың айналымының жалғасып жатқанын және халықтың жұқтыру қаупінің сақталғанын көрсетеді. Осы мақалада Қазақстан Республикасында бруцеллезбен сырқаттанушылықтың өңірлік таралуын ескере отырып эпидемиологиялық деректерге талдау жүргізілді. Жүргізілген бағалау инфекцияның таралуының аумақтық ерекшеліктерін анықтауға және қолайсыз өңірлерді айқындауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер сақталып отырған сырқаттанушылық деңгейі мен инфекция ошақтарының болуы профилактикалық шараларды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Адамдарға арналған қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны әзірлеу ерекше маңызға ие, себебі қолданыстағы вакциналар негізінен ветеринарияда пайдаланылады және қауіпсіздікке байланысты шектеулерге ие. Адамдарға арналған бруцеллезге қарсы вакцинаны әзірлеу инфекцияның таралуын төмендетуге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған өзекті бағыт болып табылады. Бұл бағыт инфекциялық аурулардың алдын алуға және тиімді медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «Денсаулық және амандық» міндеттеріне сәйкес келеді.
А.Б. Махсутова А.Е. Қосылғанова А.А. Атаканова Ә.М. Мухитденова ##submission.copyrightStatement## 2026-04-17 2026-04-17 4 4 579 588