ҚАРҚАРАЛЫ СЫРТҚЫ ДУАНЫНЫҢ АҒА СҰЛТАНЫ ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ (1849–1852 ЖЖ.)

Main Article Content

Аскарулы Абай

Аңдатпа

Бұл мақалада Қарқаралы сыртқы дуанының аға сұлтаны Құнанбай Өскенбайұлының 1849–1852 жылдар аралығындағы қызметі қарастырылады. Автор Қарқаралы дуанының аға сұлтаны Құнанбайдың әкімшілік басқару ісіндегі рөлін, саяси беделін және қоғамдық өмірге қосқан үлесін мұрағаттық деректер мен тарихи еңбектер негізінде талдайды. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының ішкі-саяси жағдайы мен реформаларға көзқарасы баяндалады. 1849–1852 жылдар аралығындағы Құнанбай сұлтанның Қазақ даласындағы әкімшілік басқару жүйесіне енгізілген өзгерістерге қатысы, оның жергілікті халықтың мүддесін қорғаудағы ұстанымы, руаралық қатынастарды реттеудегі рөлі зерттеледі. Мақалада Құнанбайдың дін мен мәдениетті қолдауы, ел ішіндегі би-шешендер мен старшындар арқылы басқаруды үйлестіруі және халық арасындағы беделі талданады. Бұл ХІХ ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады. Автор ресейлік отарлық саясат аясындағы дуандық басқару құрылымын сипаттай отырып, Құнанбайдың осы жүйе шеңберіндегі орны мен ықпалын ашады. Сонымен қатар, оның Ресей әкімшілігімен қарым-қатынасы, кейбір шенеуніктермен қайшылықтары мен саяси икемділігі тарихи деректер негізінде сараланады. Құнанбай Өскенбайұлының Абайдың әкесі ғана емес, өз дәуірінде көреген, әділетті, ел тағдырына жауапкершілікпен қараған тарихи тұлға ретінде қарастырылуы – зерттеудің өзегі болып табылады. Өңірдің сауда орталығы болған дуанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделі болды және қазақ халқының сауда байланысына тартылуы олардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етті.

Article Details

Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар

##submission.citations##

Mukanov S. Essays on the History of Kazakh Literature of the 18th–19th Centuries. – Almaty: Gylym, 1976. – 284 p.

Zhamishev T.K. The Socio-Political Activities of Kunanbay Oskembayuly // Issues of Abai Studies. – Semey: Semey State University, 2003. – Pp. 56–65.

Esmağambetova K. Kazakh Biys and Orators. – Almaty: Sanat, 1995. – 216 p.

Central State Archive of the Republic of Kazakhstan, fund 4, inventory 1, file 272, sheets 8–9.

Central State Archive of the Republic of Kazakhstan, fund 338, inventory 1, file 473, sheet 117.

Central State Archive of the Republic of Kazakhstan, fund 338, inventory 1, file 477, sheet 9.

Kasymzhanov A.K., Zimanov S.Z. Traditions of Power of the Kazakh People. – Almaty: Zheti Zhargy, 1998. – 320 p.

Abdullin A. Kunanbay Qazhy. – Almaty: Ana Tili, 1995. – 208 p.

Bokeikhan A. Selected Works. – Almaty: Alash, 1995. – 300 p.